Бүгін "Наурыз жұмыскер" бағыты бойынша өтінімдерді қабылдау аяқталуда.
Бұл бағытқа бөлінген қаражат лимиті шеңберінде қазақстандықтардан кредиттік өтінімдердің жеткілікті саны түсті. Барлығы 72 млрд теңгеден астам сомаға 2676 кредиттік өтінім қабылданды. Енді осы бағыттағы қатысушыларға алдағы 6 ай ішінде қолайлы тұрғын үй таңдап, заем ресімдеу қажет болады.
"Наурыз жұмыскер" бағыты – жұмысшы кәсіп өкілдері үшін тұрғын үй жағдайларын тиімді шарттармен жақсартудың жаңа мүмкіндігі.
Олар банк бөлімшелерінде 2025 жылдың 17 наурызынан бастап өтініш бере алды.
Бағдарламаға келесі салалардың жұмысшы мамандары қатысты:
1) ауыл, орман және балық шаруашылығы;
2) тау-кен өнеркәсібі және карьерлерді қазу;
3) өңдеу өнеркәсібі;
4) электр энергиясымен, газбен, бумен, ыстық сумен және кондиционерленген ауамен жабдықтау;
5) сумен жабдықтау, су бұру, қалдықтарды жинау, өңдеу және жою, ластануды жою жөніндегі қызмет;
6) құрылыс;
7) көлік және қоймалау.
Кәсіптердің Ұлттық жіктеуішінен барлығы 8 230 жұмысшы мамандығы анықталды.
Бүгінгі таңда "Наурыз жұмыскер" бағытының 590 қатысушысы қоныс тойын атап өтті.
ХОТИТЕ УЗНАВАТЬ О НАШИХ АКЦИЯХ ПЕРВЫМИ?!