Құрметті клиенттер! | Бүгін "Наурыз жұмыскер" бағыты бойынша өтінімдерді қабылдау аяқталуда. Бұл бағытқа бөлінген қаражат лимиті шеңберінде қазақстандықтардан кредиттік өтінімдердің жеткілікті саны түсті. Барлығы 72 млрд теңгеден астам сомаға 2676 кредиттік өтінім қабылданды. Енді осы бағыттағы қатысушыларға алдағы 6 ай ішінде қолайлы тұрғын үй таңдап, заем ресімдеу қажет болады.
Нашар көретіндерге арналған нұсқа

Құрметті клиенттер!

16 сәуір 2025

Бүгін "Наурыз жұмыскер" бағыты бойынша өтінімдерді қабылдау аяқталуда.

Бұл бағытқа бөлінген қаражат лимиті шеңберінде қазақстандықтардан кредиттік өтінімдердің жеткілікті саны түсті. Барлығы 72 млрд теңгеден астам сомаға 2676 кредиттік өтінім қабылданды. Енді осы бағыттағы қатысушыларға алдағы 6 ай ішінде қолайлы тұрғын үй таңдап, заем ресімдеу қажет болады.

"Наурыз жұмыскер" бағыты – жұмысшы кәсіп өкілдері үшін тұрғын үй жағдайларын тиімді шарттармен жақсартудың жаңа мүмкіндігі.

Олар банк бөлімшелерінде 2025 жылдың 17 наурызынан бастап өтініш бере алды.

Бағдарламаға келесі салалардың жұмысшы мамандары қатысты:

1) ауыл, орман және балық шаруашылығы;

2) тау-кен өнеркәсібі және карьерлерді қазу;

3) өңдеу өнеркәсібі;

4) электр энергиясымен, газбен, бумен, ыстық сумен және кондиционерленген ауамен жабдықтау;

5) сумен жабдықтау, су бұру, қалдықтарды жинау, өңдеу және жою, ластануды жою жөніндегі қызмет;

6) құрылыс;

7) көлік және қоймалау.

Кәсіптердің Ұлттық жіктеуішінен барлығы 8 230 жұмысшы мамандығы анықталды.

Бүгінгі таңда "Наурыз жұмыскер" бағытының 590 қатысушысы қоныс тойын атап өтті.

Бұл туралы бөлісіңіз:
Алаяқтық фактісі (күдігі) туралы хабарлау
Сіз алаяқтарға жеке деректеріңізді бердіңіз, шотты бұғаттау қажет
Сіз алаяқтарға ақша аудардыңыз
Тіркелген файлдар
Файл көлемі 12 Мб-тан аспауы керек
Сіз 10 файлға дейін тіркей аласыз
Сұрағыңызды қойыңыз
Чаттан сұрау
Қоңырауға тапсырыс беру
Бейне кеңес беру
Онлайн жазылу
Байланыстар

Чат

05.04.2025
Qanysh Бот
Добрый день! Я виртуальный помощник Qanysh!
09:34
Чем могу помочь?
09:34
"Quanysh-AI" чат-боты жасанды интеллект жүйелерін пайдалана отырып кеңес береді. Чат-боты нақты ақпарат беруге тырысады, бірақ маңызды ақпаратты қайта тексеруді ұсынамыз.

Қоңырауға тапсырыс беру

ХОТИТЕ УЗНАВАТЬ О НАШИХ АКЦИЯХ ПЕРВЫМИ?!

Қоңырауға тапсырыс беру