Құрметті клиенттер! | Төтенше жағдайға байланысты су тасқынынан зардап шеккен отбасылардың қайғысына ортақтаспыз. Отбасы банк сіздерді қолдау мақсатында, 2024 жылдың 1 сәуірі мен 30 маусым аралығында кредиттер бойынша төлемдерді кейінге қалдыруды мүмкіндігін ұсынады. Осы кезең аралығында берілген өтініштер бойынша және жергілікті атқарушы органдардың тізіміне енгізілген қарыз алушылар бойынша банк кешіктірілген төлемдер үшін айыппұл мен өсімпұл есептемейді.
Нашар көретіндерге арналған нұсқа

Құрметті клиенттер!

15 сәуір 2024

Төтенше жағдайға байланысты су тасқынынан зардап шеккен отбасылардың қайғысына ортақтаспыз.

Отбасы банк сіздерді қолдау мақсатында, 2024 жылдың 1 сәуірі мен 30 маусым аралығында кредиттер бойынша төлемдерді кейінге қалдыруды мүмкіндігін ұсынады. Осы кезең аралығында берілген өтініштер бойынша және жергілікті атқарушы органдардың тізіміне енгізілген қарыз алушылар бойынша банк кешіктірілген төлемдер үшін айыппұл мен өсімпұл есептемейді.

Төлемдерді кейінге қалдыру қарыз бойынша қамтамасыз ету түрі болып табылатын негізгі борышты, сыйақыны және салымға жарналарды өтеу бойынша беріледі.

Төлемді кейінге қалдыру берілген өтініш негізінде жасалады (төменде берілген құжат үлгісіне сәйкес). Өтініштерді қабылдау 2024 жылдың 1 сәуірінен бастап 30 маусым (қоса алғанда) аралығында жүзеге асырылады.

Су тасқыны салдарынан зардап шеккен клиенттер қарыз бойынша төлемді кейінге қалдыру мерзімін ұзарту мүмкіндігімен өз таңдауы бойынша 30, 60 немесе 90 күнтізбелік күнге кейінге шегере алады.

Өз бетінше банкке өтініш білдірген клиенттер жергілікті әкімдік берген құжатты қоса берулері керек, ол қарыз алушының су тасқынынан зардап шеккенін және/немесе залал алғанын растайды.

Егер банк клиенті жергілікті атқарушы органдардың су тасқынынан зардап шеккендер тізіміне енгізілген болса, онда төлемдерді кейінге қалдыру қажеттілігі туралы өтініш жолдау ғана жеткілікті. Бұл жағдайда оны растайтын құжаттарды қоса берудің қажеті жоқ.

Өтінішті банк сайтына сілтеме бойынша өту арқылы қашықтан беруге болады https://reference.otbasybank.kz/Otinish/ru немесе Отбасы банкінің бөлімшелері мен филиалдарында әкелу қажет.

Егер қарыз алушының өтініш берген сәтте кредит бойынша мерзімі өткен берешегі болса, ол қарыздың қалған мерзіміне бөлінетін болады. Бұл ретте кредитті кешіктіргені үшін есептелген және төленбеген өсімпұл жойылады.

Өтініш нұсқасын жүктеп алу
Бұл туралы бөлісіңіз:
Сіз aлаяқтардан зардап шектіңіз бе?
Сізге алаяқтар телефон арқылы соқты, жалған сайтты не әлеуметтік желідегі аккаунты таптым
Сізден ақша алынған, Сіз кредит ресімдөдіңіз немесе алаяққа ақша аудардыңыз
Алаяқтардың әрекеттері *
Телефон арқылы байланысты
SMS немесе мессенджер арқылы хабрлама жазды
Жалған сайтты не әлеуметтік желідегі аккаунты таптым
Тіркелген файлдар
Файл көлемі 12 Мб-тан аспауы керек.Сіз 10 файлға дейін тіркей аласыз

ХОТИТЕ УЗНАВАТЬ О НАШИХ АКЦИЯХ ПЕРВЫМИ?!

Қоңырауға тапсырыс беру