Төтенше жағдайға байланысты су тасқынынан зардап шеккен отбасылардың қайғысына ортақтаспыз.
Отбасы банк сіздерді қолдау мақсатында, 2024 жылдың 1 сәуірі мен 30 маусым аралығында кредиттер бойынша төлемдерді кейінге қалдыруды мүмкіндігін ұсынады. Осы кезең аралығында берілген өтініштер бойынша және жергілікті атқарушы органдардың тізіміне енгізілген қарыз алушылар бойынша банк кешіктірілген төлемдер үшін айыппұл мен өсімпұл есептемейді.
Төлемдерді кейінге қалдыру қарыз бойынша қамтамасыз ету түрі болып табылатын негізгі борышты, сыйақыны және салымға жарналарды өтеу бойынша беріледі.
Төлемді кейінге қалдыру берілген өтініш негізінде жасалады (төменде берілген құжат үлгісіне сәйкес). Өтініштерді қабылдау 2024 жылдың 1 сәуірінен бастап 30 маусым (қоса алғанда) аралығында жүзеге асырылады.
Су тасқыны салдарынан зардап шеккен клиенттер қарыз бойынша төлемді кейінге қалдыру мерзімін ұзарту мүмкіндігімен өз таңдауы бойынша 30, 60 немесе 90 күнтізбелік күнге кейінге шегере алады.
Өз бетінше банкке өтініш білдірген клиенттер жергілікті әкімдік берген құжатты қоса берулері керек, ол қарыз алушының су тасқынынан зардап шеккенін және/немесе залал алғанын растайды.
Егер банк клиенті жергілікті атқарушы органдардың су тасқынынан зардап шеккендер тізіміне енгізілген болса, онда төлемдерді кейінге қалдыру қажеттілігі туралы өтініш жолдау ғана жеткілікті. Бұл жағдайда оны растайтын құжаттарды қоса берудің қажеті жоқ.
Өтінішті банк сайтына сілтеме бойынша өту арқылы қашықтан беруге болады https://reference.otbasybank.kz/Otinish/ru немесе Отбасы банкінің бөлімшелері мен филиалдарында әкелу қажет.
ХОТИТЕ УЗНАВАТЬ О НАШИХ АКЦИЯХ ПЕРВЫМИ?!