Шрифт көлемі:
Сайттың түсі:
Дауыстық көмекші
Құрметті азаматтар және коммерциялық емес ұйымдардың өкілдері!

Құрметті азаматтар және коммерциялық емес ұйымдардың өкілдері!

24 июня 2024

"Қоғамдық кеңестер туралы" 2015 жылғы 2 қарашадағы Қазақстан Республикасы Заңының (бұдан әрі – Заң) 9 – бабына және қоғамдық Кеңес туралы Үлгілік ережеге (АҚДМ 2021 жылғы 26 ақпандағы №69 бұйрығымен бекітілген) сәйкес, "Отбасы банк" АҚ (бұдан әрі-Банк) Қоғамдық кеңесін қалыптастыру жөніндегі жұмыс тобы Банктің Қоғамдық кеңесінің мүшелігіне енетін кандидаттарға конкурстық іріктеу жариялайды.

Конкурсты өткізу мерзімі: 10 жұмыс күні.

Банктің Қоғамдық кеңесінің сандық құрамы: 11 адам, оның ішінде банктен 3 өкіл, азаматтық қоғамнан 8 өкіл. Заңның 10-бабының 1-тармағына сәйкес Қоғамдық кеңес мүшелігіне кандидат он сегіз жасқа толған Қазақстан Республикасының азаматы бола алады.

Қоғамдық кеңес мүшелігіне Кандидаттың:

1) Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен өтелмеген немесе алынбаған соттылығы болмауы керек;

2) сот заңда белгіленген тәртіппен сыбайлас жемқорлық қылмыс және (немесе) сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылық жасағаны үшін кінәлі деп танылмауы керек;

3) психикалық денсаулық саласында медициналық көмек көрсететін ұйымдарда психикалық, мінез-құлық бұзылыстарына (ауруларына), оның ішінде психоактивті заттарды қолдануға байланысты есепте тұрмауы керек.

Хабарландыру орналастырылған күннен бастап он жұмыс күні ішінде конкурсқа қатысуға ниет білдірген азаматтар, коммерциялық емес ұйымдардың өкілдері мынадай құжаттарды тапсырады:

1) Банктің Қоғамдық кеңесінің құрамына кандидатура (бар болса) ұсыну туралы Коммерциялық емес ұйымның жазбаша ұсынысы және (немесе) Банктің Қоғамдық кеңесінің құрамына енгізу үшін кандидатура ұсыну туралы азаматтың өтініші (қосымша қоса беріледі);

2) кандидаттың өмірбаяндық деректері көрсетілген, кәсіптік және (немесе) қоғамдық қызметі туралы мәліметтер;

3) соттылығының болуы не болмауы туралы анықтама;

4) психикалық, мінез-құлық бұзылыстарының (ауруларының), оның ішінде психоактивті заттарды қолдануға байланысты болуы не болмауы туралы анықтама;

5) кандидаттың жеке деректерін жинауға, өңдеуге, таратуға және жариялауға келісімі

Банктің Қоғамдық кеңесін қалыптастыру жөніндегі жұмыс тобының мүшесі Банктің Қоғамдық кеңесінің мүшелігіне сайлану үшін конкурсқа жіберілмейді.

Құжаттар 2024 жылдың 9 шілдесіне дейін (қоса алғанда) Алматы қаласы, Абылай хан даңғылы, 91 мекенжайы бойынша қолма-қол немесе электрондық мекенжайға қабылданады: [email protected]

Барлық сұрақтар бойынша мына телефондарға хабарласуға болады: +7 701 799 10 15 (Токешова Бақытгүл), +7 707 733 22 92 (Кутлина Наталья).

Құқықтық актілерге сілтемелер:

"Қоғамдық кеңестер туралы" Қазақстан Республикасының Заңы
https://adilet.zan.kz/rus/docs/Z1500000383

Қоғамдық кеңес туралы үлгі ереже 
https://adilet.zan.kz/rus/docs/V2100022264

Бұл туралы бөлісіңіз:

Дауыстық көмекші

сайтта дауыстық көмекшісі бар
мәтінді таңдап дыбыс деңгейі түймесін басу керек

ХОТИТЕ УЗНАВАТЬ О НАШИХ АКЦИЯХ ПЕРВЫМИ?!

Қоңырауға тапсырыс беру