Шрифт көлемі:
Сайттың түсі:
Дауыстық көмекші
"ЖАО-ның әлеуметтік кредиттік тұрғын үйін сату" бағыты бойынша Тұрғын үй-коммуналдық дамудың "Нұрлы жер" мемлекеттік бағдарламасы бойынша ұпайларды есептеу (Үміткерлерді іріктеу) күні өзгеретіні туралы хабарландыру

"ЖАО-ның әлеуметтік кредиттік тұрғын үйін сату" бағыты бойынша Тұрғын үй-коммуналдық дамудың "Нұрлы жер" мемлекеттік бағдарламасы бойынша ұпайларды есептеу (Үміткерлерді іріктеу) күні өзгеретіні туралы хабарландыру

31 декабря 2021

Құрметті салымшылар!

"Отбасы банк" АҚ (бұдан әрі – Банк) Қазақстан Республиқасы, Батыс Қазақстан облысы, Орал қаласы, Самал көшесі, 104 үй мекенжайы бойынша орналасқан «БҚО, Орал қаласы, Солтүстік-шығыс бөлігіндегі монолитті-қаңқалы сызбадағы №7 9 қабатты көппәтерлі тұрғын үй салу (Сыртқы инженерлік желілерсіз және абаттандырусыз)» нысаны бойынша ұпайларды есептеу (Үміткерлерді іріктеу) күні өзгеретіні туралы хабарлайды.

Ұпайларды есептеу күні (Үміткерлерді іріктеу) күні: 02.02.2022 ж.

Құрылыстын жоспарланған аяқталу мерзімі: 30 желтоқсан 2021 жыл.

Тұрғын үйдің 1 шаршы метрінің құны: 160 000 теңге «таза» әрлеуде.

Жайлылық сыныбы: 3.

Пәтер саны: 104.
Пәтер түрі: 1, 1-бөлмелі: 24 пәтер, максималды көлемі 50,74 ш.м.,
Пәтер түрі: 2, 2-бөлмелі: 16 пәтер, максималды көлемі 58,14 ш.м.,
Пәтер түрі: 2, 2-бөлмелі: 16 пәтер, максималды көлемі 78,15 ш.м.,
Пәтер түрі: 3, 3-бөлмелі: 32 пәтер, максималды көлемі 77,42 ш.м.,
Пәтер түрі: 3, 3-бөлмелі: 16 пәтер, максималды көлемі 78,25 ш.м..

Пулға қатысуға өтінішті Банктің https://otbasybank.kz/ интернет-ресурсында беруге болады.

Өтініш беру күні мен уақыты берілген ұпайлардың санына және өтініш берушілердің кезектілігіне әсер етпейді.

Өтініштер ЖАО-да кезекте тұрған, оның ішінде "Бақытты отбасы" бағыты бойынша келесі санаттар бойынша негізгі тізімге енгізілген Банк салымшыларынан ғана қабылданады:

1) мүгедек балалары бар немесе оларды тәрбиелеуші отбасылар;
2) көп балалы отбасылар;
3) толық емес отбасылар.

Банктің https://otbasybank.kz/ және/немесе www.hcsbk.kz интернет-ресурсындағы "Қолжетімді баспана" бөлімінде өтініш берушілерге қойылатын талаптармен, құрылыс нысанының сипаттамасымен толық танысуға, оның ішінде ғимарат қасбеттерінің фотосуреттерін және тұрғын үйдің жоспарлануын көруге болады.

Қосымша сұрақтар туындаған жағдайда, Банктің Байланыс орталығына 300 нөмірі (ұялы телефоннан тегін) бойынша хабарласуды сұраймыз.

Бұл туралы бөлісіңіз:

Дауыстық көмекші

сайтта дауыстық көмекшісі бар
мәтінді таңдап дыбыс деңгейі түймесін басу керек

ХОТИТЕ УЗНАВАТЬ О НАШИХ АКЦИЯХ ПЕРВЫМИ?!

Қоңырауға тапсырыс беру