Құрметті, салымшылар!
«Отбасы банк» АҚ (бұдан әрі-Банк) тұрғын үйлерді Тұрғын үй-коммуналдық дамудың 2020-2025 жылдарға арналған "Нұрлы жер" мемлекеттік бағдарламасының «ЖАО Әлеуметтік несиелік тұрғын үйді жүзеге асыру» бағыты бойынша пул қалыптастырусыз өткізетіні туралы хабарлайды.
Нысан: "45 пәтерлі № 19 тұрғын үй", Қарағанды облысы, Балқаш қаласы, 10 ықшам ауданы, 19 үй мекенжайы бойынша орналасқан.
Тұрғын үй-коммуналдық дамудың 2020-2025 жылдарға арналған "Нұрлы жер" мемлекеттік бағдарламасына пул қалыптастырусыз бағыты бойынша қатысуға арналған өтініштерді қабылдау мерзімі:
15.02.2021 жылдан бастап 17.05.2021 жылға дейін.
Іріктеу (төлемқабілеттілігін бағалау) мерзімі: тұрғын үйді брондаған сәттен бастап 5 (бес) жұмыс күні.
Өтініш беру Банктің baspana.kz интернет-ресурсында жүзеге асырылады
Өтініш берушілерге қойылатын талаптармен, құрылыс нысанының сипаттамасымен, оның ішінде, ғимарат қасбеттерінің фотосуреттерін және тұрғын үйдің жоспарлануын Банктің www.hcsbk.kz интернет-ресурсындағы "Қолжетімді баспана" бөлімінде және/немесе Банктің baspana.kz интернет-ресурсынан толығырақ танысуға болады.
Өтініштер Банк салымшыларынан ғана қабылданады.
ХОТИТЕ УЗНАВАТЬ О НАШИХ АКЦИЯХ ПЕРВЫМИ?!