Шрифт көлемі:
Сайттың түсі:
Дауыстық көмекші
Тұрғын үй-коммуналдық дамудың "Нұрлы жер" мемлекеттік бағдарламасының "ЖАО-ның әлеуметтік кредиттік тұрғын үйін сату" бағыты бойынша пулды қалыптастырусыз тұрғын үйді сату туралы хабарландыру

Тұрғын үй-коммуналдық дамудың "Нұрлы жер" мемлекеттік бағдарламасының "ЖАО-ның әлеуметтік кредиттік тұрғын үйін сату" бағыты бойынша пулды қалыптастырусыз тұрғын үйді сату туралы хабарландыру

19 октября 2021

Құрметті салымшылар!

"Отбасы банк" АҚ (бұдан әрі – Банк) Тұрғын үй-коммуналдық дамудың 2020-2025 жылдарға арналған "Нұрлы жер" мемлекеттік бағдарламасының "ЖАО-ның әлеуметтік кредиттік тұрғын үйін сату" бағыты бойынша пулды қалыптастырусыз тұрғын үйді сату туралы хабарлайды.

Нысан: " Тараз, Сүлейменов көшесінің соңындағы 80 пәтерлі тұрғын үй құрылысы, 11 жер телім, 3 белгі, объектінің коды 1710", орналасқан мекен-жайы: Қазақстан, Жамбыл облысы, Тараз қаласы, 15 шағын аудан.

Құрылысты аяқтаудың жоспарлы мерзімі: 2021 жылдың маусым айында.
Тұрғын үйдің 1 ш. м. құны: 140 000 теңге, "таза" әрлеуде.

Тұрғын үй бірлігінің саны: 10 пәтер,
Пәтер түрі 1-бөлмелі: 8 пәтер, ең жоғарғы аудан 43,77 шаршы метр
Пәтер түрі 2-бөлмелі: 1 пәтер, ең жоғарғы аудан 55,46 шаршы метр
Пәтер түрі 2-бөлмелі: 1 пәтер, ең жоғарғы аудан 59,81 шаршы метр

Пулды қалыптастырусыз тұрғын үй-коммуналдық дамудың 2020-2025 жылдарға арналған "Нұрлы жер" мемлекеттік бағдарламасына қатысуға өтініштерді қабылдау мерзімі: 2021 жылдың қазан айының 26.

Броньдау кезеңі "26" қазан 2021 ж. 10:00 с. бастап 17:00 с. дейін.

Іріктеу (төлем қабілеттілігін бағалау) мерзімі: тұрғын үйді броньдау сәтінен бастап 5 (бес) жұмыс күні ішінде.

Өтініштер ЖАО-да кезекте тұратын, сондай-ақ ЖАО-да кезекте тұрмайтын Банк салымшыларынан қабылданады.

Өтінішті беру Банктің https://otbasybank.kz/ интернет ресурсында жүзеге асырылады.

Банктің www.hcsbk.kz интернет-ресурсындағы "Қолжетімді баспана" бөлімінде және/немесе Банктің https://otbasybank.kz/ интернет-ресурсында өтініш берушілерге қойылатын талаптармен, құрылыс нысанының сипаттамасымен толық танысуға, оның ішінде ғимарат қасбеттерінің фотосуреттерін және тұрғын үйдің жоспарлануын көруге болады.

Бұл туралы бөлісіңіз:

Дауыстық көмекші

сайтта дауыстық көмекшісі бар
мәтінді таңдап дыбыс деңгейі түймесін басу керек

ХОТИТЕ УЗНАВАТЬ О НАШИХ АКЦИЯХ ПЕРВЫМИ?!

Қоңырауға тапсырыс беру