Құрметті салымшылар!
"Отбасы банк" АҚ (бұдан әрі – Банк) Тұрғын үй-коммуналдық дамудың 2020-2025 жылдарға арналған "Нұрлы жер" мемлекеттік бағдарламасының "ЖАО-ның әлеуметтік кредиттік тұрғын үйін сату" бағыты бойынша пулды қалыптастырусыз тұрғын үйді сату туралы хабарлайды.
Нысан: " Тараз, Сүлейменов көшесінің соңындағы 80 пәтерлі тұрғын үй құрылысы, 11 жер телім, 3 белгі, объектінің коды 1710", орналасқан мекен-жайы: Қазақстан, Жамбыл облысы, Тараз қаласы, 15 шағын аудан.
Құрылысты аяқтаудың жоспарлы мерзімі: 2021 жылдың маусым айында.
Тұрғын үйдің 1 ш. м. құны: 140 000 теңге, "таза" әрлеуде.
Пулды қалыптастырусыз тұрғын үй-коммуналдық дамудың 2020-2025 жылдарға арналған "Нұрлы жер" мемлекеттік бағдарламасына қатысуға өтініштерді қабылдау мерзімі: 2021 жылдың желтоқсан айының 07.
Броньдау кезеңі "07" желтоқсан 2021 ж. 10:00 с. бастап 19:00 с. дейін.
Іріктеу (төлем қабілеттілігін бағалау) мерзімі: тұрғын үйді броньдау сәтінен бастап 5 (бес) жұмыс күні ішінде.
Өтініштер ЖАО-да кезекте тұрмайтын, сондай-ақ ЖАО-да кезекте тұратын, оның ішінде "Бақытты отбасы" бағыты бойынша келесі санаттар бойынша Банк салымшыларынан ғана қабылданады:
Өтінішті беру Банктің https://otbasybank.kz/ интернет ресурсында жүзеге асырылады.
Банктің www.hcsbk.kz интернет-ресурсындағы "Қолжетімді баспана" бөлімінде және/немесе Банктің https://otbasybank.kz/ интернет-ресурсында өтініш берушілерге қойылатын талаптармен, құрылыс нысанының сипаттамасымен толық танысуға, оның ішінде ғимарат қасбеттерінің фотосуреттерін және тұрғын үйдің жоспарлануын көруге болады.
ХОТИТЕ УЗНАВАТЬ О НАШИХ АКЦИЯХ ПЕРВЫМИ?!