Құрметті салымшылар!
"Отбасы банк" АҚ (бұдан әрі – Банк) «ЖАО-ның әлеуметтік кредиттік тұрғын үйін сату» (ЖАО-ның кредиттік тұрғын үйі) бағыты бойынша пулды қалыптастырусыз тұрғын үйді сататындығы жөнінде хабарлайды.
Нысан: "Қызылорда қаласы Сырдария өзенінің Сол жақ жағалауында орналасқан, 50 пәтерлік №43 көппәтерлі тұрғын үйлердегі", Қазақстан, Қызылорда облысы, Қызылорда қаласы, Сол Жағалау шағын ауданы №43 үй мекенжайы бойынша орналасқан, нысан коды-1562.
Пайдалануға берілді: 01.08.2020ж.
Тұрғын үйдің 1 ш.м. бағасы: «таза» әрленгенде 140 000 теңге.
Барлығы: 2 пәтер.
Пулды қалыптастырусыз «Тұрғын үй-коммуналдық дамудың 2020-2025 жылдарға арналған «Нұрлы жер» мемлекеттік бағдарламасына қатысу туралы өтініштерді қабылдау мерзімі: 2021 жылғы 02 желтоқсаннан 2021 жылғы 02 желтоқсанға дейін.
Брондау кезеңі 2021 жылғы "02" желтоқсан сағат 10:00-ден 19:00-ге дейін.
Біліктілік кезеңі (төлем қабілеттілігін растау): тұрғын үйді брондаған уақыттан бастап 5(бес) жұмыс күні.
Өтініштер ЖАО-да кезекте тұрғандар болып табылмайтын, оның ішінде "Бақытты отбасы" бағыты бойынша келесі санаттар бойынша Банк салымшыларынан қабылданады:
1) мүгедек балалары бар немесе оларды тәрбиелеуші отбасылар; 2) көп балалы отбасылар; 3) толық емес отбасылар.
Өтінімдер Банктің Otbasybank.kz интернет-ресурсында қабылданады.
Өтініш берушілерге қойылатын талаптармен, құрылыс нысанының сипаттамасымен, оның ішінде, ғимарат қасбеттерінің фотосуреттерін және тұрғын үйдің жоспарлануын Банктің Otbasybank.kz және/немесе www.hcsbk.kz интернет-ресурсындағы «Қолжетімді баспана» бөлімінде толығырақ танысуға болады.
ХОТИТЕ УЗНАВАТЬ О НАШИХ АКЦИЯХ ПЕРВЫМИ?!