Шрифт көлемі:
Сайттың түсі:
Дауыстық көмекші
«Тұрғын үй-коммуналдық дамудың 2020-2025 жылдарға арналған «Нұрлы жер» мемлекеттік бағдарламасының «ЖАО-ның әлеуметтік кредиттік тұрғын үйін сату» туралы хабарландыру!

«Тұрғын үй-коммуналдық дамудың 2020-2025 жылдарға арналған «Нұрлы жер» мемлекеттік бағдарламасының «ЖАО-ның әлеуметтік кредиттік тұрғын үйін сату» туралы хабарландыру!

2 декабря 2021

Құрметті салымшылар! 

"Отбасы банк" АҚ (бұдан әрі – Банк) «ЖАО-ның әлеуметтік кредиттік тұрғын үйін сату» (ЖАО-ның кредиттік тұрғын үйі) бағыты бойынша пулды қалыптастырусыз тұрғын үйді сататындығы жөнінде хабарлайды.

Нысан: "Қызылорда қаласы Сырдария өзенінің Сол жақ жағалауында орналасқан, 40 пәтерлік №35    көппәтерлі тұрғын үйлердегі", Қазақстан, Қызылорда облысы, Қызылорда қаласы, Сол Жағалау шағын ауданы №35 үй мекенжайы бойынша орналасқан, нысан коды-1558.

Пайдалануға берілді: 18.08.2020ж.

Тұрғын үйдің 1 ш.м. бағасы: «таза» әрленгенде 140 000 теңге.

Барлығы: 4 пәтер.

Пәтер түрі :
- 1 пәтер (2 бөлмелі), ең жоғарғы ауданы- 58.48 ш.м.
- 3 пәтер (3 бөлмелі), ең жоғарғы ауданы- 67,62 ш.м.

Пулды қалыптастырусыз «Тұрғын үй-коммуналдық дамудың 2020-2025 жылдарға арналған «Нұрлы жер» мемлекеттік бағдарламасына қатысу туралы өтініштерді қабылдау мерзімі: 2021 жылғы 02 желтоқсаннан 2021 жылғы 02 желтоқсанға дейін.

Брондау кезеңі 2021 жылғы "02" желтоқсан сағат 10:00-ден 19:00-ге дейін.

Біліктілік кезеңі (төлем қабілеттілігін растау): тұрғын үйді брондаған уақыттан бастап 5(бес) жұмыс күні.

Өтініштер ЖАО-да кезекте тұрғандар болып табылмайтын, оның ішінде "Бақытты отбасы" бағыты бойынша келесі санаттар бойынша Банк салымшыларынан қабылданады:

1) мүгедек балалары бар немесе оларды тәрбиелеуші отбасылар;
2) көп балалы отбасылар;
3) толық емес отбасылар. 

Өтінімдер Банктің Otbasybank.kz интернет-ресурсында қабылданады.

Өтініш берушілерге қойылатын талаптармен, құрылыс нысанының сипаттамасымен, оның ішінде, ғимарат қасбеттерінің фотосуреттерін және тұрғын үйдің жоспарлануын Банктің Otbasybank.kz және/немесе www.hcsbk.kz интернет-ресурсындағы «Қолжетімді баспана» бөлімінде толығырақ танысуға болады.

Бұл туралы бөлісіңіз:

Дауыстық көмекші

сайтта дауыстық көмекшісі бар
мәтінді таңдап дыбыс деңгейі түймесін басу керек

ХОТИТЕ УЗНАВАТЬ О НАШИХ АКЦИЯХ ПЕРВЫМИ?!

Қоңырауға тапсырыс беру