Шрифт көлемі:
Сайттың түсі:
Дауыстық көмекші
Өскемен қаласында «Өз үйім» бағдарламасы бойынша қосымша конкурс өткізілетіндігі туралы

Өскемен қаласында «Өз үйім» бағдарламасы бойынша қосымша конкурс өткізілетіндігі туралы

29 октября 2018
Құрметті салымшылар!

«Тұрғын үй құрылыс жинақ банкі» АҚ «Өз үйім» бағдарламасы бойынша қосымша конкурс өткізілетіндігі туралы хабарлайды.
Нысан: Шығыс Қазақстан облысы, Өскемен қаласы, Қ. Сәтпаев даңғылы бойындағы Сол жағалауда орналасқан тұрғын үй кешені. 1,2,3,4,5 ұстанымдық тұрғын үйлер мен коммерциялық орынжайлар (сыртқы инженерлік желілерсіз).

Құрылыстың жоспарлы аяқталу мерзімі: қолданысқа 31.08.2018 жылы тапсырылды.
Тұрғын үйдің 1 ш.м. бағасы: «таза» әрлеуде 165 000 теңге.
Жайлылық класы: 3
Банк желісі бойынша пәтерлер саны 47, олардың:
Пәтер түрі 2-бөлмелі: 12 пәтер, ең жоғарғы аудан 56,18-59,05 ш.м.,
Пәтер түрі 3-бөлмелі: 10 пәтер, ең жоғарғы аудан 84,71-85,26 ш.м.,
Пәтер түрі 3-бөлмелі: 10 пәтер, ең жоғарғы аудан 84,71-85,26 ш.м.,
Пәтер түрі 2-бөлмелі: 8 пәтер, ең жоғарғы аудан 56,18-59,05 ш.м.,
Пәтер түрі 2-бөлмелі: 7 пәтер, ең жоғарғы аудан 62,98-66,32 ш.м.

«Өз үйім» бағдарламасына өтініш қабылдау мерзімі: 01.11.2018 жылдан бастап 22.11.2018 жылға дейін
Баллдарды есептеу күні (Үміткерлерді таңдау): 23.11.2018 жыл
Іріктеу мерзімі (төлемқабілеттілігін бағалау): 29.11.2018 жылдан бастап 12.12.2018 жылға дейін
Тұрғын үй таңдау кезеңі: 29.11.2018 жылдан бастап 20.12.2018 жылға дейін
Тұрғын үйді бөлу күні: 21.12.2018 жыл
«Өз үйім» бағдарламасына қатысуға өтініш беру үшін өтініш берушінің тұрғын үй құрылыс жинақ шотында кемінде 500 000 (бес жүз мың) теңге жинағы болуы тиіс.
Банктің интернет-ресурсындағы «Жеке кабинетте/Интернет банкте» өтініш беруге болады: www.hcsbk.kz/www.baspana.kz. Өтініш беру күні мен уақыты берілген балл санына және өтініш берушілердің кезектілігіне әсер етпейді.
Өтініш тек қана Банк салымшыларынан қабылданады.
Құрылыс нысанының сипаттамасымен, соның ішінде ғимарат қасбетінің фото-суреттерімен және пәтерлердің жоспарлануымен Банктің www.hcsbk.kz/www.baspana.kz интернет-ресурсында танысуға болады.
Бөлу тәртібі Банктің www.hcsbk.kz интернет-ресурсында көрсетілген.
Бұл туралы бөлісіңіз:

Дауыстық көмекші

сайтта дауыстық көмекшісі бар
мәтінді таңдап дыбыс деңгейі түймесін басу керек

ХОТИТЕ УЗНАВАТЬ О НАШИХ АКЦИЯХ ПЕРВЫМИ?!

Қоңырауға тапсырыс беру