Шрифт көлемі:
Сайттың түсі:
Дауыстық көмекші
Өскемен қаласында қосымша конкурс өткізілетіндігі туралы

Өскемен қаласында қосымша конкурс өткізілетіндігі туралы

22 сентября 2017
Құрметті салымшылар!

«Қазақстанның Тұрғын үй құрылыс жинақ банкі» АҚ ШҚО Өңірлік жобаcы бойынша қосымша конкурс өткізілетіндігі туралы хабарлайды.
Нысан: «ШҚО, Өскемен қаласы, 19 шағын ауданда орналасқан көпқабатты тұрғын үй, 51/1 айқындама».
Құрылыстың жоспарлы аяқталу мерзімі: 2016 жылдың желтоқсан айы.
Тұрғын үйдің 1 ш.м. бағасы: «таза» әрленгенде 140 000 теңге.
Жайлылық класы: IV.
Банк желісі бойынша пәтерлер саны 9, олардың ішінде:
Пәтер түрі 3-бөлмелі: 9 пәтер, ең жоғарғы аудан 82,54 ш.м.
Өңірлік жобаға қатысуға өтініш қабылдау мерзімі: 21.09.2017 жылдан бастап 27.09.2017 жылға дейін.
Баллдарды есептеу күні (Үміткерлерді таңдау): 28.09.2017 жыл.
Іріктеу мерзімі (төлемқабілеттілігін бағалау): 05.10.2017 жылдан бастап 13.10.2017 жылға дейін.
Тұрғын үй таңдау кезеңі: 05.10.2017 жылдан бастап 19.10.2017 жылға дейін.
Тұрғын үйді бөлу күні: 20.10.2017 жыл.
Банктің www.hcsbk.kz интернет-ресурсындағы «Жеке кабинетте/Интернет-банкте» өтініш беруге болады. Өтініш беру күні мен уақыты берілген балл санына және өтініш берушілердің кезектілігіне ықпал етпейді.
Өтініш тек қана Банк салымшыларынан қабылданады.
Банктің www.hcsbk.kz интернет-ресурсындағы «Қолжетімді тұрғын үй» бөлімінде өтініш берушілерге қойылатын талаптармен, құрылыс нысанының сипаттамасымен толық танысуға болады. Соның ішінде ғимарат қасбетінің және пәтер жоспарының фото-суреттерін көре аласыздар.
Бөлу тәртібі Банктің www.hcsbk.kz интернет-ресурсында көрсетілген.
Іріктеу (төлем қабілеттілігін бағалау) үшін құжаттардың тізімі Банктің интернет-ресурсында көрсетілген.

Бұл туралы бөлісіңіз:

Дауыстық көмекші

сайтта дауыстық көмекшісі бар
мәтінді таңдап дыбыс деңгейі түймесін басу керек

ХОТИТЕ УЗНАВАТЬ О НАШИХ АКЦИЯХ ПЕРВЫМИ?!

Қоңырауға тапсырыс беру