Пулға қатысу үшін қосымша өтініштер қабылдау туралы | <p> Семей қаласындағы объекті бойынша тұрғын үйді сатып алушылар пулына қатысуға қосымша өтініш қабылданатындығын хабарлаймыз. </p>
Нашар көретіндерге арналған нұсқа
Пулға қатысу үшін қосымша өтініштер қабылдау туралы

Пулға қатысу үшін қосымша өтініштер қабылдау туралы

30 маусым 2016
Құрметті салымшылар!

«Қазақстанның тұрғын үй құрылыс жинақ банкі» АҚ 2016 жылдың 8 шілдесінен бастап 2016 жылдың 24 шілдесіне дейін «ШҚО, Семей қаласы, 1 Мелкомбинат алаңы көшесінде орналасқан тоғыз қабатты 54 пәтерлік тұрғын үй құрылысы» объектісі бойынша тұрғын үйді сатып алушылар пулына қатысуға қосымша өтініш қабылданатындығын хабарлайды.

 №2 пулдағы (2 бөлмелі пәтерлер) қалған 16 пәтерге өтініш қабылдау жүргізіледі. Бағасы «таза» әрлеумен 1 шаршы метрге 138 000 теңге.
Өтініш тек Банк салымшыларынан ғана қабылданады.

 Банктің «ШҚО Семей қ. Ж.Шәйжүнісов 152 А көшесі» мекен-жайында орналасқан филиалында тұрғын үй құрылыс жинақ жүйесі арқылы тұрғын үйді сатып алушылар пулын құру тәртібімен, құрылыс нысанының суреттемесімен (соның ішінде ғимарат қасбетін және пәтерлердің жоспарлануын көру де бар) егжей-тегжейлі танысуға болады. Банк филиалының телефон нөмірі 8 (7222) 56 66 35.
Бұл туралы бөлісіңіз:

ХОТИТЕ УЗНАВАТЬ О НАШИХ АКЦИЯХ ПЕРВЫМИ?!

Қоңырауға тапсырыс беру