Шрифт көлемі:
Сайттың түсі:
Дауыстық көмекші
Пулға қатысу үшін қосымша өтініштер қабылдау туралы

Пулға қатысу үшін қосымша өтініштер қабылдау туралы

30 июня 2016
Құрметті салымшылар!

«Қазақстанның тұрғын үй құрылыс жинақ банкі» АҚ 2016 жылдың 8 шілдесінен бастап 2016 жылдың 24 шілдесіне дейін «ШҚО, Семей қаласы, 1 Мелкомбинат алаңы көшесінде орналасқан тоғыз қабатты 54 пәтерлік тұрғын үй құрылысы» объектісі бойынша тұрғын үйді сатып алушылар пулына қатысуға қосымша өтініш қабылданатындығын хабарлайды.

 №2 пулдағы (2 бөлмелі пәтерлер) қалған 16 пәтерге өтініш қабылдау жүргізіледі. Бағасы «таза» әрлеумен 1 шаршы метрге 138 000 теңге.
Өтініш тек Банк салымшыларынан ғана қабылданады.

 Банктің «ШҚО Семей қ. Ж.Шәйжүнісов 152 А көшесі» мекен-жайында орналасқан филиалында тұрғын үй құрылыс жинақ жүйесі арқылы тұрғын үйді сатып алушылар пулын құру тәртібімен, құрылыс нысанының суреттемесімен (соның ішінде ғимарат қасбетін және пәтерлердің жоспарлануын көру де бар) егжей-тегжейлі танысуға болады. Банк филиалының телефон нөмірі 8 (7222) 56 66 35.
Бұл туралы бөлісіңіз:

Дауыстық көмекші

сайтта дауыстық көмекшісі бар
мәтінді таңдап дыбыс деңгейі түймесін басу керек

ХОТИТЕ УЗНАВАТЬ О НАШИХ АКЦИЯХ ПЕРВЫМИ?!

Қоңырауға тапсырыс беру