Қазақстанның Отбасы банкі жаңалықтары
Нашар көретіндерге арналған нұсқа
Павлодарда Тұрғын үй құрылыс жинақ банкі салымшылары қоныстойын тойлады

Павлодарда Тұрғын үй құрылыс жинақ банкі салымшылары қоныстойын тойлады

19 сәуір 2016

Павлодар облысы әкімінің бірінші орынбасары Дүйсенбай Тұрғынов пен Тұрғын үй құрылыс жинақ банкі Басқарма Төрағасының орынбасары Досым Еңкебаев қала тұрғындарына жаңа пәтер кілтін табыстады. Атап айтсақ, жаңа қоныс иелерінің арасында әскерилер де, мұғалімдер мен дәрігерлер де бар. Жаңа үйдің сырт көрінісі көздің жауын алса, іші – жылы да, жайлы. Өйткені, бұл нысан іріктелген силикат кірпіштен салынған. Қысы қатты солтүстік өңір тұрғындарына бұл құрылыс материалы жылылығы мен жайлылығы үшін бағалы.

- Пәтер иелеріне жаңа қоныс құтты болсын дегім келеді. Жаңа әрі кең пәтерлеріңіз әрдайым шаттыққа толсын. Ұл-қыз өсіріп, немере сүйіп, шаңырақтарыңыздан сәбидің шырын күлкісі кетпесін. Тұрғын үй құрылыс жинақ жүйесіне сенім білдіріп, мемлекеттік бағдарламаға қатысқандарыңыз үшін, біздің банкіміздің атынан  клиенттерімізге  алғыс айтқым келеді, – деп тілек білдірді Досым Еңкебаев.  

Өңірлерді дамытудың 2020 жылға дейінгі бағдарламасы аясында салынған 72-і пәтерлі бұл үй Павлодар қаласының Толстой көшесінде бой көтерді. Нысанның жалпы ауданы – 4,2 мың шаршы метр. Оның құрылысына жергілікті бюджеттен 466 млн.теңге жұмсалып отыр. 1 шаршы метрінің бағасы – 100 000 теңге.

Биыл жазда Павлодарда тағы бір нысан пайдалануға беріліп, ондаған жас отбасы баспаналы болмақ. Ал бұдан бөлек, осы жылдың екінші жартысында, мемлекеттік бағдарлама аясында, үш бірдей тұрғын үйдің құрылысы салынбақ.

Павлоад_ключи 1.jpg
Павлодар_ключи.jpg
Бұл туралы бөлісіңіз:
Сіз aлаяқтардан зардап шектіңіз бе?
Сізге алаяқтар телефон арқылы соқты, жалған сайтты не әлеуметтік желідегі аккаунты таптым
Сізден ақша алынған, Сіз кредит ресімдөдіңіз немесе алаяққа ақша аудардыңыз
Алаяқтардың әрекеттері *
Телефон арқылы байланысты
SMS немесе мессенджер арқылы хабрлама жазды
Жалған сайтты не әлеуметтік желідегі аккаунты таптым
Тіркелген файлдар
Файл көлемі 12 Мб-тан аспауы керек.Сіз 10 файлға дейін тіркей аласыз

ХОТИТЕ УЗНАВАТЬ О НАШИХ АКЦИЯХ ПЕРВЫМИ?!

Қоңырауға тапсырыс беру