Шрифт көлемі:
Сайттың түсі:
Дауыстық көмекші
Қосымша конкурс туралы хабарландыру

Қосымша конкурс туралы хабарландыру

13 апреля 2017
Құрметті салымшылар!

«Тұрғын үй құрылыс жинақ банкі» АҚ (әрі қарай – Банк) «Жергілікті атқарушы органдар (Бұдан әрі - ЖАО) арқылы несиелік үйлердің құрылысы» бағыты бойынша «Нұрлы жол» бағдарламасына қатысу үшін қосымша конкурс туралы хабарлайды.

Нысан: «МБ бойынша №5, №6 Заречное ауылының «Северный» шағын ауданындағы екі 48-пәтерлі тұрғын үйлер», Қостанай облысы, Қостанай ауданы, Заречное ауылы, Северный шағын ауданы, үй №5, үй №6 мекенжайы бойынша орналасқан.
Құрылыстың аяқталған мерзімі: 2017 жылғы ақпан.
«Таза» әрленген тұрғын үйдің 1 ш.м. бағасы: 128 445 теңге.
Жайлылық класы: IV
Пәтер саны: 76
Пәтер түрі 1 А: 39 пәтер, ең жоғарғы ауданы 41,5 ш.м.
Пәтер түрі 2 А: 37 пәтер, ең жоғарғы ауданы 56,5 ш.м.
Жобаға қатысу үшін өтініш беру мерзімі: 2017 жылғы 17 сәуірден бастап 16 мамырға дейін.
Ұпайларды есептеу күні (Үміткерлерді таңдау): 17 мамыр 2017 жыл.
Квалификация мерзімі (төлем қабілеттілігін бағалау): 2017 жылғы 22 мамырдан бастап 31 мамырға дейін.
Тұрғын үйді таңдау кезеңі: 2017 жылғы 22 мамырдан бастап 09 маусымға дейін.
Тұрғын үйді үлестіру мерзімі: 10 маусым 2017 ж.
Өтінішті Банктің www.hcsbk.kz интернет-ресурсындағы «Жеке кабинетте/Интернет-банкте» беруге болады. Өтініш беру күні және уақыты өтініш берушінің иеленген баллдары мен кезектілігіне әсер етпейді.
Өтініштер Банк салымшыларынан ғана қабылданады.
Өтініш берушілерге қойылатын талаптармен, құрылыс нысанының сипаттамасымен, ғимарат қасбетінің суреттерімен, пәтерлердің жоспарлануымен Банктің www.hcsbk.kz интернет-ресурсының «Қолжетімді тұрғын үй» бөлімінде толығырақ танысуға болады.
Үлестіру тәртібі Банктің www.hcsbk.kz интернет-ресурсында көрсетілген.
Квалификация үшін құжаттар тізімі (төлем қабілеттілігін бағалау) Банктің интернет-ресурсында көрсетілген.
Бұл туралы бөлісіңіз:

Дауыстық көмекші

сайтта дауыстық көмекшісі бар
мәтінді таңдап дыбыс деңгейі түймесін басу керек

ХОТИТЕ УЗНАВАТЬ О НАШИХ АКЦИЯХ ПЕРВЫМИ?!

Қоңырауға тапсырыс беру