Шрифт көлемі:
Сайттың түсі:
Дауыстық көмекші
«Несиелік тұрғын үй құрылысы» бағыты бойынша «Нұрлы жер» мемлекеттік бағдарламасы аясында тұрғын үйді пулды құрусыз өткізу туралы хабарландыру

«Несиелік тұрғын үй құрылысы» бағыты бойынша «Нұрлы жер» мемлекеттік бағдарламасы аясында тұрғын үйді пулды құрусыз өткізу туралы хабарландыру

10 декабря 2020

Құрметті салымшылар!

«Қазақстанның тұрғын үй құрылыс жинақ банкі» АҚ (әрі қарай - Банк) «Несиелік тұрғын үй құрылысы» бағыты бойынша «Нұрлы жер» мемлекеттік бағдарламасы аясында тұрғын үйді пулды құрусыз өткізу туралы хабарлайды.

Нысан: Атырау қаласы, Береке ықшам ауданы, уч. 19,76 га мекен – жайы бойынша орналасқан «Үш 72 пәтерлік тұрғын үй, №5,6,24 дақтар», нысанның коды – 1313.

Құрылыстың аяқталу мерзімі: 31.12.2018 жыл
«Таза» әрлеудегі тұрғын үйдің 1 ш.м. бағасы: 180 000,00 теңге

Жайлылық класы: 3
Пәтер саны: 13 (он үш), оның ішінде:
Пәтер түрі: 1-бөлмелі – 8 пәтер, жалпы ауданы 39,43 шаршы метр.
Пәтер түрі: 1-бөлмелі – 5 пәтер, жалпы ауданы 45,57 шаршы метр.

Тұрғын үйді пулды құрусыз өткізу арқылы «Нұрлы жер» мемлекеттік бағдарламасына қатысуға өтініш беру мерзімі: 2020 жылғы 14 желтоқсаннан бастап 2020 жылғы 24 желтоқсанға дейін (қоса алғанда).

Іріктеуден өту уақыты (төлемқабілеттілігін растау): тұрғын үйді брондау уақытынан бастап 5 (бес) күн.

Өтініш беру Банктің baspana.kz интернет-ресурсында жүзеге асырылады.

Өтініш берушілерге қойылатын талаптармен, пәтерлерді бөлу тәртібімен, құрылыс нысанының сипаттамасымен, соның ішінде ғимарат қасбетін және пәтерлердің жоспарлануын Банктің www.hcsbk.kz интернет ресурсында «Қолжетімді тұрғын үй-2020» бөлімінде және/немесе Банктің baspana.kz интернет-ресурсында егжей-тегжейлі танысып, көруге болады. 

Өтініштер Банк салымшыларынан ғана қабылданады.

Бұл туралы бөлісіңіз:

Дауыстық көмекші

сайтта дауыстық көмекшісі бар
мәтінді таңдап дыбыс деңгейі түймесін басу керек

ХОТИТЕ УЗНАВАТЬ О НАШИХ АКЦИЯХ ПЕРВЫМИ?!

Қоңырауға тапсырыс беру