Құрметті салымшылар!
«Отбасы банк» Тұрғын үй құрылыс жинақ банкі АҚ (әрі қарай - Банк) «Кредиттік тұрғын үй құрылысы» бағыты бойынша пулсыз пәтерлерді сату туралы хабарлайды.
Нысан: Батыс Қазақстан облысы, Орал қаласы, Зачаганск кенттік округі, Зачаганск кенті, Солидарности көшесі, 25 үй мекенжайы бойынша орналасқан «БҚО Орал қаласы Зашаған кентінің монолитті-қаңқа схемасы бойынша 9 қабатты №50 көппәтерлі тұрғын үй салу (сыртқы инженерлік желілерсіз)».
Объект коды: 1571
Пулсыз пәтерлерді сату «Нұрлы жер» мемлекеттік тұрғын үй құрылысы бағдарламасына қатысу үшін өтініштер қабылдау мерзімі: 20 қыркүйек 2021 ж. сағ. 10.00-нан сағ. 19:00-ге дейін. (Нұр-сұлтан қ. уақытымен).
Брондауға өтінім қабылдаудың шарты, депозитіңізде жинақ сомасы кем дегенде 1 000 000 теңге болуы тиіс.
Жүйе үміткерлердің тізімін есептелген сыйақы мөлшеріне қарай орналастырады. Өтініш беру кезінде клиент бірнеше депозиттерді таңдай алады, салымшының жарналары жинақталады.
Өтінімдер Банктің https://baspana.otbasybank.kz/ интернет-ресурсында қабылданады.
Өтініш берушілерге қойылатын талаптармен, құрылыс нысанының сипаттамасымен, оның ішінде, ғимарат қасбеттерінің фотосуреттерін және тұрғын үйдің жоспарлануын Банктің https://baspana.otbasybank.kz/ және/немесе www.hcsbk.kz интернет-ресурсындағы «Қолжетімді баспана» бөлімінде толығырақ танысуға болады.
Өтініштер тек Банк салымшыларынан қабылданады.
ХОТИТЕ УЗНАВАТЬ О НАШИХ АКЦИЯХ ПЕРВЫМИ?!