Шрифт көлемі:
Сайттың түсі:
Дауыстық көмекші
«Нұрлы жер» мемлекеттік бағдарламасы бойынша пулды құрусыз пәтерлерді сату туралы хабарлама

«Нұрлы жер» мемлекеттік бағдарламасы бойынша пулды құрусыз пәтерлерді сату туралы хабарлама

3 июля 2020
Құрметті салымшылар!

«Тұрғын үй құрылыс жинақ банкі» АҚ «Нұрлы Жер» мемлекеттік бағдарламасының несиелік тұрғын үй бағыты бойынша пәтерлерді пулды құрусыз сатуды бастайтынын хабарлайды.

Нысан: Қызылорда қаласы, Сырдария өзенінің Сол жақ жағалауында орналасқан 60 пәтерлік №23, №24, №25, №26 тұрғын үйлер, нысан коды 1440.

Құрылыстың аяқталу / аяқталған мерзімі: 2019 жылдың қыркүйек айы

Тұрғын үйдің 1 ш.м. бағасы: «таза» әрлеуде 140 000 теңге.

Барлығы: 33 пәтер!

Пәтер түрі :
- 15 пәтер (2 бөлмелі), ең жоғарғы ауданы- 58,48 ш.м.
-18 пәтер (бөлмелі), ең жоғарғы ауданы-67,62 ш.м.

Бағдарламаға қатысуға өтініш қабылдау мерзімі: 2020 жылғы 07 шілдеден бастап 2020 жылғы 06 тамызға дейін.

Біліктілік кезеңі (төлем қабілеттілігін бағалау) тұрғын үйді брондау сәтінен бастап 5 (бес) жұмыс күні ішінде.

Өтінішті baspana.kz. Банк интернет –ресурсы арқылы беруге болады.
Өтініш берушілерге қойылатын талаптармен, Құрылыс нысанының сипаттамасымен, соның ішінде ғимарат қасбетін және пәтерлердің жоспарлануын Банктің www.hcsbk.kz интернет ресурсында Қолжетімді баспана бөлімінде және / немесе baspana.kz интернет-ресурсында көруге болады.


Өтініштер Банк салымшыларынан ғана қабылданады.
Бұл туралы бөлісіңіз:

Дауыстық көмекші

сайтта дауыстық көмекшісі бар
мәтінді таңдап дыбыс деңгейі түймесін басу керек

ХОТИТЕ УЗНАВАТЬ О НАШИХ АКЦИЯХ ПЕРВЫМИ?!

Қоңырауға тапсырыс беру