Шрифт көлемі:
Сайттың түсі:
Дауыстық көмекші
«Нұрлы жер» бағдарламасына қатысуға өтінімдерді қабылдау арқылы дауыс берудің басталғаны туралы хабарландыру

«Нұрлы жер» бағдарламасына қатысуға өтінімдерді қабылдау арқылы дауыс берудің басталғаны туралы хабарландыру

9 июня 2020

Құрметті салымшылар!

«Қазақстанның тұрғын үй құрылыс жинақ банкі» АҚ (бұдан әрі - Банк) «Нұрлы жер» тұрғын үй- коммуналдық шаруашылығын дамытудың 2020-2025 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасына қатысуға өтінімдерді қабылдау арқылы тұрғын үй құрылысы жобаларын іске асыруға дауыс беру туралы хабарлайды.

Нысан: «Көкшетау қаласы, Сарыарқа шағын ауданы, 9/11 үй, 5 қабатты 30 пәтерлік тұрғын үйлер, позиция 3».

Құрылыстың аяқталатын жоспарланған мерзімі: желтоқсан 2019.

Тұрғын үйдің 1 шаршы метр құны «әрлеу» өңінде: 140 000 теңге.

Комфортты класы: 3 класс

Пәтерлер саны:30

Пәтер түрі 1-бөлмелі: 10 пәтер, 46,0 максималды ауданы

Пәтер түрі 2-бөлмелі: 10 пәтер, 65,4 максималды ауданы

Пәтер түрі 3-бөлмелі: 10 пәтер, 90,0 максималды ауданы

Қатысуға өтінімдерді алу мерзімі: 2020 жылғы 10маусымнан 2020 жылғы 17 маусымға дейін.

Объектіні бекіткен жағдайда есептеу балл (үміткерлерді іріктеу) күні: 18 маусым 2020ж.

Пулға қатысуға арналған өтінішті Банктің интернет-ресурсында беруге болады. Өтініш беру күні мен уақыты берілген үпайлар санына және өтініш берушілердің кезектілігіне әсер етпейді.

Өтініштер тек ЖАО-да кезектте тұратын Банктің салымшыларынан қабылданады

«Нұрлы жер» тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығын дамытудың 2020-2025 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасына қатысуға өтініш бере отырып, Банктің салымшылары Нысанға және оны одан әрі іске асыруға дауыс береді.

Өтініш берушінің тұрғын үй құрылыс жинақ шотында таңдалған пәтер құнының 20%-ынан кем емес көлеміндегі тұрғын үй құрылыс жинағы болғанда алдын ала тұрғын үй заемын алуға өтініш беру мүмкін болады.

Өтініш берушілерге қойылатын талаптармен, құрылыс нысанының сипаттамасымен, соның ішінде ғимарат қасбетінің және пәтер жоспарының фото-суреттерін Банктің baspana.kz және/немесе www.hcsbk.kz интернет-ресурсындағы «Қолжетімді тұрғын үй» бөлімінде толығырақ көре аласыздар.

Қосымша сұрақтар туындаған жағдайда, Банктің Байланыс орталығына 300 нөмірі арқылы (ұялы телефоннан тегін) хабарласуыңызды өтінеміз.

 

 



Бұл туралы бөлісіңіз:

Дауыстық көмекші

сайтта дауыстық көмекшісі бар
мәтінді таңдап дыбыс деңгейі түймесін басу керек

ХОТИТЕ УЗНАВАТЬ О НАШИХ АКЦИЯХ ПЕРВЫМИ?!

Қоңырауға тапсырыс беру