Іріктеудің басталғаны туралы хабарлама
Құрметті салымшылар!
«Қазақстанның тұрғын үй құрылыс жинақ банкі» АҚ (бұдан әрі – Банк) Іріктеуден (төлем қабілеттілігін бағалаудан) өту қажеттілігі туралы хабарлайды.
Нысан: «9 қабатты тұрғын уйдің құрылысы 35/2 ұстанымы ауданы», Шығыс Қазақстан облысы, Өскемен қаласы, Қаныш Сәтпаев даңғылы, орналасқан мекенжайы: Қазақстан, Шығыс Қазақстан облысы, Өскемен қаласы, Қаныш Сәтпаев даңғылы.
Тұрғын үйдің 1 шаршы метрінің құны: 140 000 теңге
Пәтер саны: 1
Пәтер түрі:2, 2-бөлмелі: 1- пәтер, максималды көлемі – 54,56 ш.м.
Іріктеу (төлем қабілеттілігін бағалау) мерзімі: 16.11.2020ж. бастап 20.11.2020ж. дейін.
Тұрғын үйді таңдау кезеңі: 16.11.2020ж. бастап 26.11.2020ж. дейін.
Тұрғын үйді бөлу күні: 27.11.2020 ж.
Банктің www.hcsbk.kz/www.baspana.kz интернет-ресурсында тұрғын үйдің бөлу тәртібімен танысып, іріктеу (төлем қабілеттілігін бағалау) үшін құжаттардың тізімімен және ғимарат қасбетінің фото-суреттерін және пәтер жоспарын көре аласыздар.
Іріктеу мерзімі аяқталған соң Іріктеуге арналған құжаттарды Банк қабылдамайды.