Қазақстанның Отбасы банкі жаңалықтары
Нашар көретіндерге арналған нұсқа
Екінші деңгейлі банктерді әріптестікке шақыру

Екінші деңгейлі банктерді әріптестікке шақыру

30 маусым 2016

Құрметті екінші деңгейлі банктердің басшылары!

«Қазақстанның тұрғын үй құрылыс жинақ банкі» АҚ  (әрі қарай - Банк) Сіздерді  Банктің уағдалы депозиттерін Екінші деңгейлі банктерге (ары қарай - ЕДБ) орналастыру арқылы тұрғын үй құрылысы жобаларын жүзеге асыру Бағдарламасы аясындағы әріптестікке шақырады.

Тұрғын үй құрылысы жобаларын жүзеге асыру Банктың уағдалы депозит орналастыруын қарастырады. ЕДБ уағдалы депозит есебінен тұрғын үй құрылысы жобаларын қаржыландырып, салынған үй Банк салымшылары арасында үлестіріледі.

Уағдалы депозиттерді орналастыру арқылы Тұрғын үй құрылысы жобасын жүзеге асыру бағдарламасына  (әрі қарай - Бағдарлама) қатысу үшін:

1) Банкпен Ниеттестік туралы меморандумға (жүктеу) қол  қойып, оны Банкке тапсыру керек;

2) Ниеттестік туралы меморандумға қол қойған жағдайда, 2016 жылғы  «01» қазанға дейін  уағдалы депозитті орналастыруға өтінім беру керек. Өтінімнің типтік формасында Нысанының сипаттамасы және қажетті құжаттары бекітілген, ұсынылған форма (жүктеу) бойынша жобаның Бағдарлама талаптары мен шарттарына сәйкестігі туралы қорытынды болуы керек;

3) Екінші деңгейлі банктердің мақсатты жедел банк салымы жөніндегі Келісім-шартына (жүктеу) қол қою мерзімі ЕДБ-ның Банк тарапынан уағдалы депозитті орналастыру Өтінімін мақұлдауын алған сәтінен бастап 5 (бес) жұмыс күні.

Тұрғын үй құрылыс жобасы орналасқан өңір – Қазақстан Республикасы.

Қол қойылған Ниеттестік туралы меморандум және Өтінім мына мекен-жай бойынша  қабылданады: 050000, Алматы қ., Абылай хан даңғылы, 91. 

Уағдалы депозиттерді орналастыру бойынша ЕДБ Өтінімдері 2016 жылғы Бағдарлама лимиттері толықтай игерілгенге дейін Өтіміннің Банкке келіп түскен мерзіміне сәйкес қарастырылатын болады. Уағдалы депозиттерді орналастырудың 2016 жылы лимиттері игерілген жағдайда (ЕДБмен мақсатты жедел банк салымы жөніндегі Келісім-шарт жасасу), Банк уағдалы депозиттерді орналастыруға Өтінім қабылдаудың аяқталғаны туралы қосымша ақпарат жариялайтын болады.

Екінші деңгейлі Банктер мен Жобаға арналған талап-шарттарды осы жерден қарауға болады (жүктеу)

Бұл туралы бөлісіңіз:
Сіз aлаяқтардан зардап шектіңіз бе?
Сізге алаяқтар телефон арқылы соқты, жалған сайтты не әлеуметтік желідегі аккаунты таптым
Сізден ақша алынған, Сіз кредит ресімдөдіңіз немесе алаяққа ақша аудардыңыз
Алаяқтардың әрекеттері *
Телефон арқылы байланысты
SMS немесе мессенджер арқылы хабрлама жазды
Жалған сайтты не әлеуметтік желідегі аккаунты таптым
Тіркелген файлдар
Файл көлемі 12 Мб-тан аспауы керек.Сіз 10 файлға дейін тіркей аласыз

ХОТИТЕ УЗНАВАТЬ О НАШИХ АКЦИЯХ ПЕРВЫМИ?!

Қоңырауға тапсырыс беру