Шрифт көлемі:
Сайттың түсі:
Дауыстық көмекші
Астана қ. «Өз үйім» бағдарламасы бойынша тұрғын үй құрылыс нысанына дауыс беру туралы

Астана қ. «Өз үйім» бағдарламасы бойынша тұрғын үй құрылыс нысанына дауыс беру туралы

11 мая 2018
Құрметті салымшылар!

«Қазақстанның тұрғын құрылыс жинақ банкі» АҚ (бұдан әрі – Банк) «Өз үйім» бағдарламасына (бұдан әрі – Бағдарлама) қатысуға өтініш қабылдау арқылы тұрғын үй құрылысы нысандарына дауыс беру туралы хабарлайды.

Нысан: «Биік Шаңырақ» ТҮК - «Қосарлас орынжайлары мен паркингі бар көппәтерлі тұрғын үй кешені. Мекенжайы: Астана қаласы, Алматы ауданы, Р.Қошқарбаев даңғылы мен (жобалық атауы) 23-17 көшесінің қиылысы ауданы, 45 А учаскесі.

Тапсырыс берушінің атауы: «Биік Шаңырақ» ЖШС
Құрылыс салушының (ЕДБ) атауы: «НАЕК» ЖШС
Құрылыстың болжалды аяқталу мерзімі: мамыр 2019 жыл.
Салымшылар тұрғын үй құрылысына үлестік қатысу арқылы тұрғын үйді сатып алады. Құрылыс кезеңінде Банк салымшыларға кредит береді және тікелей сатып алушыларға қызмет көрсетеді. Тұрғын үй құрылысына кепілдік беру қорының кепілдігін алған соң, Тапсырыс беруші Нысан құрылысына үлестік қатысуды ұйымдастырады, қордың негізгі міндеті – Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес кепілдікті жағдай болған кезде құрылысты аяқтау болып табылады.
Тұрғын үйдің (Нысандағы үлес) 1 шаршы м. құны: 239 900 теңге
Жайлылық сыныбы: 4 класс
Пәтер саны: (Нысандағы үлес) 50 пәтер, соның ішінде:
Пәтер түрі (Нысандағы үлес) 1-бөлм.: 38 пәтер,
Пәтер түрі (Нысандағы үлес) 2-бөлм.: 12 пәтер.

«Өз үйім» бағдарламасына қатысуға өтініш қабылдау мерзімі: 15.05.2018 жылдан бастап 27.05.2018 жылға дейін.
Балл есептелетін күн (Үміткерлерді іріктеу): 28.05.2018 жыл.
«Өз үйім» бағдарламасына қатысуға өтініш беру үшін өтініш берушінің тұрғын үй құрылыс жинақ шотында кемінде 500 000 (бес жүз мың) теңге жинағы болуы тиіс.
Өтініш берушінің тұрғын үй құрылыс жинақ шотында таңдалған пәтер (Нысандағы үлес) құнының кемінде 30%-ы көлемінде тұрғын үй құрылыс жинағы болғанда алдын ала тұрғын үй заемын алуға өтініш беру мүмкін болады.
Бағдарламаға қатысуға өтініш бере отырып, Банк Салымшылары Нысандағы пәтерлерді (Нысандағы үлес) Банк салымшыларына өткізуге дауыс береді. Өтініш қабылдау аяқталған күні Банктің ішкі құжаттарына сәйкес Үміткерлердің/Резервистердің қажетті саны жеткіліксіз болған жағдайда, онда Нысанға қажетті дауыс беру саны жиналмаған деп есептелініп, Бағдарламаға қатысуға берілген өтініштердің күші автоматты түрде жойылады.
Банктің интернет-ресурсындағы «Жеке кабинетте/Интернет банкте» өтініш беруге болады: www.hcsbk.kz. Өтініш беру күні мен уақыты берілген балл санына және өтініш берушілердің кезектілігіне әсер етпейді.
Өтініш тек қана Банк салымшыларынан қабылданады.
Құрылыс нысанының сипаттамасымен, соның ішінде ғимарат қасбетінің фото-суреттерімен және пәтерлердің жоспарлануымен Банктің www.hcsbk.kz интернет-ресурсында танысуға болады.
Бөлу тәртібі Банктің www.hcsbk.kz интернет-ресурсында көрсетілген.
Бұл туралы бөлісіңіз:

Дауыстық көмекші

сайтта дауыстық көмекшісі бар
мәтінді таңдап дыбыс деңгейі түймесін басу керек

ХОТИТЕ УЗНАВАТЬ О НАШИХ АКЦИЯХ ПЕРВЫМИ?!

Қоңырауға тапсырыс беру