Шрифт көлемі:
Сайттың түсі:
Дауыстық көмекші
Ақтау қаласында «Нұрлы жол» бағдарламасы бойынша дауыс беру мерзімінің ауыстырылғаны туралы

Ақтау қаласында «Нұрлы жол» бағдарламасы бойынша дауыс беру мерзімінің ауыстырылғаны туралы

14 августа 2018
Құрметті салымшылары!

Қазақстанның тұрғын үй құрылыс жинақ банкі» АҚ (әрі қарай - Банк) «Нұрлы жол» бағдарламасына (әрі қарай-Бағдарлама) қатысу үшін өтініштерді қабылдау арқылы тұрғын үй құрылысы нысанына дауыс беру туралы хабарлайды.
Нысан: "670 пәтерлік көпқабатты «Аққу-3» тұрғын үй құрылысы, коды -1101, «Маңғыстау облысы, Ақтау қаласы, 33 ш/а» мекенжайында орналасқан.

Құрылыстың жоспарлы аяқталу мерзімі: 2019 жылдың ІІІ тоқсаны.

Тұрғын үйдің 1 шаршы метрінің бағасы : «таза» әрлеуде 140 000 теңге.

Жайлылық класы: III.

Пәтер саны: 670
1-бөлмелі пәтер түрі: 55 пәтер, максималды көлемі – 36,05 ш.м.
1-бөлмелі пәтер түрі: 106 пәтер, максималды көлемі – 55,07 ш.м.
2-бөлмелі пәтер түрі: 30 пәтер, максималды көлемі – 67,66 ш.м.
2-бөлмелі пәтер түрі: 95 пәтер, максималды көлемі – 76,9 ш.м.
3-бөлмелі пәтер түрі: 81 пәтер, максималды көлемі – 84,6 ш.м.
3-бөлмелі пәтер түрі: 210 пәтер, максималды көлемі – 95,6 ш.м.
3-бөлмелі пәтер түрі: 24 пәтер, максималды көлемі – 104,3 ш.м.
4-бөлмелі пәтер түрі: 58 пәтер, максималды көлемі – 123,04 ш.м.
4-бөлмелі пәтер түрі: 11 пәтер, максималды көлемі – 151,47 ш.м.

Жобаға қатысу үшін өтініштерді қабылдау мерзімі: 2019 жылдың 06 мамырынан бастап 05 маусымын қоса алғандағы мерзімге дейін.

Баллдарды есептеу күні (үміткерлерді іріктеу): 06 маусым 2019 жыл.

Өтінішті Банктің www.hcsbk.kz интернет-ресурсындағы «Жеке кабинетте/Интернет-банкте» беруге болады. Өтініш беру күні және уақыты өтініш берушінің иеленген баллдары мен кезектілігіне әсер етпейді.
Өтініштер Банк салымшыларынан ғана қабылданады.
Жергілікті атқарушы органдар тізімшілеріне нысандағы тұрғын үйлері 50 % кем бөлінбеуі тиіс.
Банк салымшылары Бағдарламаға қатысу үшін өтініш беру арқылы Нысанды іске асыруға келісу үшін дауыс береді. Нысанды келісу кезінде, салымшылардың өтініштері әрі қарай Бағдарламаға қатысу үшін қабылданады. Банктің ішкі құжаттарына сәйкес салымшылардың өтініштерінің саны Нысанды келісу үшін өтініштерді қабылдауды аяқтау күніне дейін Банкке жеткілікті түрде берілмесе, берілген өтініштердің автоматты түрде күші жойылады.
Өтініш берушілерге қойылатын талаптармен, Құрылыс нысанының сипаттамасымен, соның ішінде ғимарат қасбетін және пәтерлердің жоспарлануын Банктің www.hcsbk.kz интернет ресурсында егжей-тегжейлі танысып, көруге болады.
Қосымша сұрақтарыңыз туындаған жағдайда Банктің Байланыс-орталығына хабарласуыңызды сұраймыз.




Бұл туралы бөлісіңіз:

Дауыстық көмекші

сайтта дауыстық көмекшісі бар
мәтінді таңдап дыбыс деңгейі түймесін басу керек

ХОТИТЕ УЗНАВАТЬ О НАШИХ АКЦИЯХ ПЕРВЫМИ?!

Қоңырауға тапсырыс беру