Құрметті салымшылар!
«Тұрғын үй құрылыс жинақ банкі» АҚ (әрі қарай – Банк) 2020-2025 жылдарға арналған "Нұрлы жер" мемлекеттік тұрғын үй-коммуналдық даму бағдарламасының "Шаңырақ" бағыты бойынша пул қалыптастырусыз тұрғын үйлерді сату туралы хабарлайды.
Нысан: Алматы қ., Наурызбай ауд., Райымбек д., 590/1 ж.т., 2, 3, 6, 7 н. орналасқан. Объектінің коды №1616.
Тұрғын үйдің 1 ш.м. бағасы: «таза» әрлеуде 240 000 теңге.
Тұрғын үйлерді брондау арқылы "Шаңырақ" бағыты бойынша 2020-2025 жылдарға арналған "Нұрлы жер" мемлекеттік тұрғын үй-коммуналдық даму бағдарламасына қатысуға өтініштерді қабылдау мерзімі: 2020 жылғы 26 қарашадан 2020 жылғы 25 желтоқсанға дейін.
Квалификация мерзімі (төлем қабілеттілігін бағалау): тұрғын үйді броньдау сәтінен бастап 5 (бес) жұмыс күні.
Өтініш беру baspana.kz Банктің интернет-ресурсында жүзеге асырылады.
Өтініш берушілерге қойылатын талаптармен, құрылыс объектісінің сипаттамасымен, оның ішінде ғимарат қасбеттерінің фотосуреттерін және тұрғын үйдің жоспарлануын Банктің интернет-ресурсында толығырақ танысуға болады www.hcsbk.kz "Қолжетімді тұрғын үй" бөлімінде және/немесе Банктің baspana.kz интернет ресурсында.
Өтініштер ЖАО-да кезекте тұрған Банк салымшыларынан ғана қабылданады.
ХОТИТЕ УЗНАВАТЬ О НАШИХ АКЦИЯХ ПЕРВЫМИ?!