Шрифт көлемі:
Сайттың түсі:
Дауыстық көмекші
2020-2025 жылдарға арналған "Нұрлы жер" тұрғын үй-коммуналдық даму мемлекеттік бағдарламасының "Шаңырақ" бағыты бойынша пул қалыптастырусыз тұрғын үйлерді сату туралы хабарландыру

2020-2025 жылдарға арналған "Нұрлы жер" тұрғын үй-коммуналдық даму мемлекеттік бағдарламасының "Шаңырақ" бағыты бойынша пул қалыптастырусыз тұрғын үйлерді сату туралы хабарландыру

15 ноября 2021

Құрметті, салымшы!

«Отбасы банк» АҚ (бұдан әрі – Банк) тұрғын үйлердің «Тұрғын үй-коммуналдық дамудың 2020 – 2025 жылдарға арналған "Нұрлы жер» мемлекеттік бағдарламасының «Шаңырақ» бағыты бойынша пул қалыптастырусыз өткізілетіні туралы хабарлайды.

Нысан: Алматы қ., Наурызбай ауд., Абай ы.а. Алтын орда к., 6/48 (ноқат 23), 6/48 Корпус 1 (ноқат 24), 6/48 Корпус 2 (ноқат 25), 6/49 Корпус 2 (ноқат 26), 6/49 Корпус 1 (ноқат 27), 6/61 (ноқат 32), 6/61 Корпус 1 (ноқат 33) үй орналасқан. Объектінің коды №1845 "Алма сити-5" ТҚ, 2 кезең.

Құрылыстың аяқталуы: 01.10.2021 жыл.
Тұрғын үйдің 1 ш. м. құны: "таза" әрлеудегі 240 000 теңге.

Пәтер саны: 70
Пәтер түрі: 2 бөлмелі пәтер, 39 пәтер, ең жоғарғы аудан 58 ш.м.
Пәтер түрі: 2 бөлмелі пәтер, 31 пәтер, ең жоғарғы аудан 59,8 ш.м.

Тұрғын үй-коммуналдық дамудың 2020 – 2025 жылдарға арналған "Нұрлы жер" мемлекеттік бағдарламасына пул қалыптастырусыз «Шаңырақ» бағыты бойынша қатысуға арналған өтініштерді қабылдау мерзімі: 23.11.2021 ж. бастап 24.11.2021 ж. дейін.

Брондау мерзімі 23.11.2021 10-00 бастап 24.11.2021 жылға сағат 23-00-ге дейін.

Іріктеу мерзімі (төлемқабілеттілігін бағалау): брондау мерзімі аяқталғаннан бастап 5 (бес) жұмыс күні.

Өтініштер келесі тізім бойынша негізгі тізімге енгізілген «Бақытты отбасы» бағыты бойынша ЭБЖ үшін кезекте тұрған Банк салымшыларынан ғана қабылданады:

1) мүгедек балалары бар немесе оларды тәрбиелеп отырған отбасылар;
2) көп балалы отбасылар;
3) толық емес отбасылар.

Өтініш Банктің Otbasybank.kz интернет -ресурсында берілген.

Берілген өтінімдерді тарату бөлу/тікелей сату шарттарымен, өтініш берушілерге қойылатын талаптармен, құрылыс нысанының сипаттамасымен, оның ішінде ғимарат қасбеттерінің фотосуреттерін және тұрғын үй макетін қарап, Банктің интернет-ресурсында Otbasybank.kz. және/немесе www.hcsbk.kz «Қолжетімді баспана» бөлімінде.

Бұл туралы бөлісіңіз:

Дауыстық көмекші

сайтта дауыстық көмекшісі бар
мәтінді таңдап дыбыс деңгейі түймесін басу керек

ХОТИТЕ УЗНАВАТЬ О НАШИХ АКЦИЯХ ПЕРВЫМИ?!

Қоңырауға тапсырыс беру