Қоңырауға тапсырыс беру
«Бәйтерек» Ұлттық басқарушы холдингі»    Акционерлік қоғамның еншілес ұйымы 

Әскери өнім

Әскери өнім

Әскери қызметшілер мен арнауы мемлекеттік органдар қызметкерлеріне арналған қолжетімді тұрғын үй

Жалпы талап-шарттар

Тұрғын үй төлемін алушылар тұрғын үй құрылыс жинақ жүйесіне қатысу арқылы баспана сатып ала алады.
Тұрғын үй құрылыс жинақ жүйесіне қатысу үшін Тұрғын үй құрылыс жинақ банкінде (ҚТҚЖБ) арнайы салым ашып, осыдан кейін қажет талаптар орындалған соң жылдық мөлшерлемесі 3,5%-дан 5%-ға дейін аралығындағы несие алу керек.
Тұрғын үй төлемін алушы үй бағасының 50%-ын жинаған сəтте елдегі ең төмен сыйақы мөлшерлемесі бар тұрғын үй займын алудан үміткер атанады.

МАҢЫЗДЫ: Тұрғын үй төлемдерін бір уақытта үй жалдауға да, Тұрғын үй құрылыс жинақ банкінде жинап отыруға да қатар жұмсауға болады.

Үйді елдің кез келген қаласынан сатып алуға болады.

Тұрғын үй құрылыс жинақ банкіндегі Арнайы салымның артықшылықтары

Мемлекет сыйлықақысы

Тұрғын үй құрылыс жинақ банкі салым ашқан соң сіз жыл сайын бір жыл ішінде жинаған ақшаңыздың 20%-на тең мемлекет сыйлықақысын аласыз (сыйлықақы салымның 200 айлық есептік көрсеткіштен аспайтын бөлігіне беріледі). 2018 жылы ең жоғарғы мемлекет сыйлықақысы 96 200 теңгені құрайды.

Салым бойынша жоғары тиімді мөлшерлеме

Мемлекет сыйлықақысы мен банк сыйақысын қоса алғанда депозиттегі жиналған ақшаға берілетін тиімді сыйақы мөлшерлемесі 13,3%-ға дейін барады.

Заем бойынша төмен пайыздық мөлшерлеме

Тұрғын үй заемдары еліміздегі ең төмен мөлшерлемемен беріледі: жылдық мөлшерлеме 3,5%-дан 5%-ға дейін аралығында, ал жылдық тиімді мөлшерлеме 4%-дан басталады.

Төлем қабілеттілігін қарастыру жеңілдетілген

Тұрғын үй займын алу кезіндегі төлем қабілеттілігін растау тəртібі жеңілдетілген.

Комиссиялық алым – 0 теңге

Тұрғын үй құрылыс жинағы туралы шарт бекіткеніңіз үшін ақша төлеудің қажеті жоқ.

Ауыртпалықтан қорғау

Тұрғын үй құрылыс жинақ банкі – тұрғын үй төлемін алушының салым шотына түсетін тұрғын үй төлемдерін тыйым салудан жəне ауыртпалық салудан қорғайтын жалғыз банк.

ТҰРҒЫН ҮЙ ҚҰРЫЛЫС ЖИНАҚ БАНКІ АРНАЙЫ САЛЫМДАРДЫ ҚОРҒАЙДЫ

Тұрғын үй құрылыс жинақ банкі – арнайы салымдары ерекше мəртебе мен қол сұғылмаушылық кепіліне ие жалғыз банк.

Тұрғын үй төлемдері:

  • бюджет есебіне алынбайды;
  • банктің алдын-ала/аралық заемдарын қоспағанда, кепіл дүниесі бола алмайды;
  • аталған шот иесінің басқа міндеттемелері бойынша тыйым салынбайды;
  • басқа екінші деңгейлі банк қандай да бір берілген несиелер бойынша уақтылы төленбеген берешектер үшін төлем талабын қоя алмайды.
ПОЗВОЛЬТЕ НАМ ДЕРЖАТЬ ВАС В КУРСЕ!

Подпишитесь на нашу рассылку, и мы будем отправлять вам на электронную почту информацию о самых выгодных акциях и предложениях Жилстройсбербанка

Суреттегі кодты енгізіңіз