Банк ұзақ мерзімді кезеңде тұрақты дамуды қамтамасыз ету үшін өзінің экономикаға, экологияға және қоғамға әсерінің маңыздылығын түсінеді.
Банктің тұрақты дамуы – бұл Банктің өз қызметін жүзеге асыруы кезінде басшылыққа алатын қағидаттар мен міндеттемелер жиынтығы, оның ішінде:
Тұрақты даму саласындағы міндеттерді шеше отырып, Банк өзінің миссиясына, Банктің Даму стратегиясының ережелеріне сүйенеді, сондай-ақ, тұрақты даму саласындағы халықаралық стандарттармен бекітілген халықаралық мінез-құлық нормалары мен қағидаттарын қолданады.
Тұрақты даму саласындағы халықаралық стандарттарды пайдалануды Банк өз қызметінің үздік халықаралық практикаға сәйкестігін қамтамасыз етудің және тұрақты даму саласындағы мақсаттары мен міндеттеріне қол жеткізудің қажетті шарты ретінде қарайды.
Банкте тұрақты дамуды басқаруды іске асыру аясында Банктің директорлар кеңесінің 2019 жылғы 04 маусымдағы шешімімен (№7 шешім) Тұрақты даму саясаты бекітілді.
Экономикалық құрауышы
Экологиялық құрауышы
Әлеуметтік құрауышы
1) Банк қызметінің шығынсыздығы;
1) биологиялық және физикалық табиғат жүйелеріне ықпалды азайту;
1) жұмысқа қабылдау кезінде айқын конкурстық рәсімдерді және тең мүмкіндіктерді қамтамасыз ету;
2) Жалғыз акционер мен инвесторлардың мүдделерін қамтамасыз ету;
2) шектеулі ресурстарды оңтайлы пайдалану;
2) әділ сыйақы және жұмыскерлердің құқықтарын сақтау;
3) процестердің тиімділігін көтеру;
3) экологиялық, энергия және материал үнемдейтін технологияларды қолдану.
3) еңбек қауіпсіздігін қамтамасыз ету және жұмыскерлердің денсаулығын сақтау;
4) неғұрлым жетілген технологияларды құруға және дамытуға инвестициялардың өсуі;
4) жұмыскерлерді оқыту және кәсіби дамыту;
5) еңбек өнімділігін арттыру;
5) ішкі және сыртқы әлеуметтік бағдарламаларды іске асыру.
6) жаңа жұмыс орындарын құру.
Банктің Тұрақты даму қағидалары
Банк, сонымен қатар, өз қызметінде БҰҰ Ғаламдық шартының қағидаларына бейімділігін мәлімдейді:
Мүдделі тараптармен өзара әрекеттестік
Банкте тұрақты дамудың сәтті және тиімді саясатын жүргізу үшін мүдделі тараптармен өзара әрекеттестікке лайықты көңіл бөлінеді.
Банк ықпал ету саласына байланысты мүдделі тараптардың үш тобын белгілейді: өкілеттіктер және жауапкершілік саласы, тікелей ықпал ету саласы, жанама ықпал ету саласы.
ХОТИТЕ УЗНАВАТЬ О НАШИХ АКЦИЯХ ПЕРВЫМИ?!