Банктің тұрақты дамуға деген көзқарасы
Нашар көретіндерге арналған нұсқа
Банктің тұрақты дамуға деген көзқарасы

Банктің тұрақты дамуға деген көзқарасы

Банк ұзақ мерзімді кезеңде тұрақты дамуды қамтамасыз ету үшін өзінің экономикаға, экологияға және қоғамға әсерінің маңыздылығын түсінеді.

Банктің тұрақты дамуы – бұл Банктің өз қызметін жүзеге асыруы кезінде басшылыққа алатын қағидаттар мен міндеттемелер жиынтығы, оның ішінде:

  • мүдделі тараптармен өзара қарым-қатынастарды басқару;
  • ұлттық экономикаға, әлеуметтік салаға және экологияға әсерді бағалау және басқару.

Тұрақты даму саласындағы міндеттерді шеше отырып, Банк өзінің миссиясына, Банктің Даму стратегиясының ережелеріне сүйенеді, сондай-ақ, тұрақты даму саласындағы халықаралық стандарттармен бекітілген халықаралық мінез-құлық нормалары мен қағидаттарын қолданады.

Тұрақты даму саласындағы халықаралық стандарттарды пайдалануды Банк өз қызметінің үздік халықаралық практикаға сәйкестігін қамтамасыз етудің және тұрақты даму саласындағы мақсаттары мен міндеттеріне қол жеткізудің қажетті шарты ретінде қарайды.

Банкте тұрақты дамуды басқаруды іске асыру аясында Банктің директорлар кеңесінің 2019 жылғы 04 маусымдағы шешімімен (№7 шешім) Тұрақты даму саясаты бекітілді.

Экономикалық құрауышы

Экологиялық құрауышы

Әлеуметтік құрауышы

1)   Банк қызметінің шығынсыздығы;

1)   биологиялық және физикалық табиғат жүйелеріне ықпалды азайту;

1)   жұмысқа қабылдау кезінде айқын конкурстық рәсімдерді және тең мүмкіндіктерді қамтамасыз ету;

2)   Жалғыз акционер мен инвесторлардың мүдделерін қамтамасыз ету;

2)   шектеулі ресурстарды оңтайлы пайдалану;

2)   әділ сыйақы және жұмыскерлердің құқықтарын сақтау;

3)   процестердің тиімділігін көтеру;

3)   экологиялық, энергия және материал үнемдейтін технологияларды қолдану.

3)   еңбек қауіпсіздігін қамтамасыз             ету және жұмыскерлердің денсаулығын сақтау;

4)  неғұрлым жетілген технологияларды құруға және дамытуға инвестициялардың өсуі;

 

4)   жұмыскерлерді оқыту және кәсіби дамыту;

5) еңбек өнімділігін арттыру;

 

5)   ішкі және сыртқы әлеуметтік бағдарламаларды іске асыру.

6) жаңа жұмыс орындарын құру.

   

 

Банктің Тұрақты даму қағидалары

  • ашықтық;
  • есеп берушілік;
  • айқындық;
  • әдепті тәртіп;
  • мүдделі тараптардың мүдделерін сақтау;
  • заңдылық, адам құқықтарын сақтау;
  • жемқорлыққа төзімсіздік;
  • мүдделер қақтығысына жол бермеушілік.

Банк, сонымен қатар, өз қызметінде БҰҰ Ғаламдық шартының қағидаларына бейімділігін мәлімдейді:

  1. адам құқықтарын қорғау саласында:
    • Банк халықаралық деңгейде жарияланған адам құқықтарын қорғауды қамтамасыз етеді және құрметтейді;
    • Банк адам құқықтарының бұзылуына қатысы жоқтықты қамтамасыз етеді.
  2. 2еңбек қатынастары саласында:
    • Банк ұжымдық шарттарды жасасу құқығын қолдайды және мойындайды;
    • Банк мәжбүрлі және бала еңбегін, еңбек және жұмыспен қамту саласындағы кемсітушілікті жоюға қолғабыс көрсетеді.
  3. 3қоршаған ортаны қорғау саласында:
  4. Банк экологиялық мәселелерге сақтық қағидасына негізделген тәсілді қолдайды;
  5. Банк қоршаған ортаның жағдайы үшін жауаптылықты көтеруге бағытталған бастамаларды қабылдайды;
  6. Банк экологиялық қауіпсіз технологиялардың дамуына және таралуына қолғабыс көрсетеді.
  7. 4сыбайлас жемқорлықпен күрес саласында:
  8. Банк сыбайлас жемқорлықтың барлық нысандарына және басқа заңға қайшы әрекеттерге, соның ішінде бопсалаушылық пен парақорлыққа төзімсіздікті мәлімдейді.

Мүдделі тараптармен өзара әрекеттестік

Банкте тұрақты дамудың сәтті және тиімді саясатын жүргізу үшін мүдделі тараптармен өзара әрекеттестікке лайықты көңіл бөлінеді.

Банк ықпал ету саласына байланысты мүдделі тараптардың үш тобын белгілейді: өкілеттіктер және жауапкершілік саласы, тікелей ықпал ету саласы, жанама ықпал ету саласы.

Сіз aлаяқтардан зардап шектіңіз бе?
Сізге алаяқтар телефон арқылы соқты, жалған сайтты не әлеуметтік желідегі аккаунты таптым
Сізден ақша алынған, Сіз кредит ресімдөдіңіз немесе алаяққа ақша аудардыңыз
Алаяқтардың әрекеттері *
Телефон арқылы байланысты
SMS немесе мессенджер арқылы хабрлама жазды
Жалған сайтты не әлеуметтік желідегі аккаунты таптым
Тіркелген файлдар
Файл көлемі 12 Мб-тан аспауы керек.Сіз 10 файлға дейін тіркей аласыз

ХОТИТЕ УЗНАВАТЬ О НАШИХ АКЦИЯХ ПЕРВЫМИ?!

Қоңырауға тапсырыс беру