Сіз негізгі кіріс көзі болған жағдайда несие ала аласыз. Негізгі кіріске еңбек және/немесе кәсіпкерлік қызметтен түсетін табыс жатады.
Егер сіздің негізгі кірісіңіз жеткіліксіз болса, онда сіз қосымша табысты қосып есептей аласыз.
Негізгі кіріске жататындар:
Қосымша кіріске жататындар (негізгі кіріс болған жағдайда):
Егер сіз өтінім берген кезде жұмыссыз болсаңыз немесе кірісіңіз жеткіліксіз болса, онда қосалқы қарыз алушыны тартуыңызға болады.
Маңызды! ҚР заңнамасына, ішкі құжаттарға және бағдарлама шарттарына сәйкес, қажет болған жағдайда банк қосымша құжаттар сұратуға құқылы.
"Бақытты отбасы" бағдарламасы бойынша іріктеуден өту үшін қажетті құжаттар Жалпы құжаттар: 1) заем беруге өтініш-сауалнама (кредиттік өтінім); 2) үміткердің/ заемшыластың, үміткердің/заемшыластің жұбайының (зайыбының) жеке басын куәландыратын құжатының көшірмесі*; 3) үміткердің/ заемшыластың неке қию (бұзу) туралы куәлігінің көшірмесі немесе некені бұзу туралы соттың күшіне енген шешімі*; 4) кредиттік тарих субъектісінің ол туралы ақпаратты кредиттік бюроларға беруге және үміткердің/ заемшыластың кредиттік есебін алушыға кредиттік есеп беруге келісімі (Банктен сұратылады); 5) үміткердің (заемшыластың) Мемлекеттік корпорациядан үміткердің/заемшыластың зейнетақы жинақтарының жай-күйі туралы мәліметтерді алуға құқық беру туралы өтініші; 6) Банк талаптарына сәйкес табыс туралы құжаттар. Оңайлатылған декларация бойынша жұмыс істейтін жеке кәсіпкерлер болып табылатын үміткерлердің іріктеуден өтуі үшін құжаттар Банк талаптарына сәйкес қосымша талап етіледі. *Құжаттардың көшірмелерін фронт-кеңсе қызметкері ұсынылған түпнұсқалардан алады. Құжаттардың түпнұсқаларымен бірдей, интернет-ресурс (Үкіметтің www.egov.kz ресми интернет-ресурсы) арқылы алынған құжаттарды беруге жол беріледі немесе құжаттардың түпнұсқаларына теңестірілетін өзге де ресми электрондық ақпарат көздері арқылы алуға жол беріледі. Қосымша құжаттар 1) ЖАО құжаты (өтінімдерді 11.08.2020 ж. бастап берген кезде ақпарат тікелей Банктен сұратылады): - "Алтын алқа"," Күміс алқа" алқаларымен марапатталған немесе бұрын «Батыр ана» атағын алған, сондай-ақ, I және II дәрежелі "Ана даңқы" ордендерімен марапатталған көп балалы отбасыларға, толық емес отбасыларға немесе мүгедек балалары бар немесе оларды тәрбиелеп отырған отбасыларға тиесілілігі, - егер ЖАО сату үшін дайын нысандарды немесе тұрғын үй бірліктерін дербес ұсынса, нысанның атауын және сатып алынатын тұрғын үйдің нөмірін растайтын құжат; - құжаттың қолданылу мерзімін қамтиды. Егер қолданылу мерзімі көрсетілмесе, онда құжаттың күні кредиттік өтінімді қабылдау күніне дейін 12 (он екі) айдан ерте болмауға тиіс. Кепіл үшін: 2) ұсынылатын кепілзаттық қамтамасыз етудің иелерінің жеке басын куәландыратын құжаттардың көшірмелері; 3) кепілмен қамтамасыз ету ретінде ұсынылатын мүлікке құқық белгілейтін және сәйкестендіру құжаттарының көшірмелері қоса беріледі; 4) тұрғын емес үй-жайды пайдалануға қабылдау актісінің көшірмесі (жылжымайтын мүлік тұрғын үй қорының құрамынан шығарылған кезде) немесе жылжымайтын мүліктің тұрғын үй қорының құрамынан шығарылғанын растайтын құжат. 5) қамтамасыз етуге берілген нотариалды куәландырылған келісімдер/өтініштер Банк кепілді қарастыратын кезеңде де, сатып алу-сату шарты жасалғаннан кейін де ұсынылуы мүмкін 6) заем алуға өтініш берген күннің алдындағы күнгі жағдай бойынша күнтізбелік 90 (тоқсан) күннен аспайтын жылжымайтын мүлікке тіркелген құқықтар (ауыртпалықтар) және оның техникалық сипаттамалары туралы анықтама; 7) Бағалау туралы есеп; 8) Бағалау туралы есеп ақысының төленгенін растайтын құжаттың көшірмесі (егер Банк бағалау туралы есепті бағалаушының Кабинетінен алмаса).
ХОТИТЕ УЗНАВАТЬ О НАШИХ АКЦИЯХ ПЕРВЫМИ?!