2-10-20 тұжырымдамасы
-
Егер сіз әкімдікте баспанаға мұқтаж тұлға ретінде кезекте тұрсаңыз және келесі мәртебеге ие болсаңыз:көпбалалы отбасыжетім балалар және ата-анасының
қамқорлығынсыз қалған балаларI және II топтағы
мүгедектігі бар тұлғалармүмкіндігі
шектеулі баласы
бар отбасыБағдарлама шарттарыЗаем мөлшерлемесі
жылдық 2%
(ЖТСМ 2,0% бастап 2,1% дейін)Ең төменгі бастапқы жарна
Заем сомасының 10%-ыЗаем мерзімі
20 жылға дейінНе сатып алуға болады?ЖАО-ның кредиттік тұрғын үйіТұрғын үйді сіз әкімдікте кезекте тұрған аймақтан ғана сатып алуға боладыКіріс ретінде не ескеріледі?Сіз негізгі кіріс көзі болған жағдайда несие ала аласыз. Негізгі кіріске еңбек және/немесе кәсіпкерлік
қызметтен түсетін табыс жатады.Егер сіздің негізгі кірісіңіз жеткіліксіз болса, онда сіз қосымша табысты қосып есептей аласыз.
Негізгі кіріске жататындар:
Айлық жалақыЖеке кәсіпкерліктен түсетін кіріс (нотариус, адвокаттар, жеке сот орындаушылары және т.б.)Өтеулі қызмет көрсету шарты бойынша түсетін табысТұрғын үй төлемдеріШәкіртақы (негізгі кіріс болған жағдайда)Қосымша кіріске жататындар (негізгі кіріс болған жағдайда):
Зейнетақы және зейнетақы аударымдарыЭкологиялық төлемдерМүгедектігі бойынша Мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақыОтбасында асыраушысынан айырылуына байланысты Мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақыМүшелері Бағдарламаға қатысатын отбасында мүгедек баланы тәрбиелеушіге берілетін жәрдемақыКөп балалы отбасыларға/аналарға берілетін жәрдемақыЖмыс берушіден немесе сақтандыру компаниясынан қызметкер еңбекке қабілеттілігін жоғалтқан кезде өмір бойы/мерзімсіз тағайындалған жәрдемақыларӨзге жәрдемақылар кіріс ретінде есептелмейді.Қосалқы қарыз алушыны тарту жолдарыЕгер сіз өтінім берген кезде жұмыссыз болсаңыз немесе кірісіңіз жеткіліксіз болса, онда қосалқы қарыз алушыны тартуыңызға болады.
Сіз жұмыс істейсіз Сіз жұмыс істемейсіз Қарыз алушының кірісі заем алуға жеткілікті Қарыз алушының кірісі заем алуға жеткіліксіз Қарыз алушының кірісі жоқ, бірақ оның жұбайының табысы болған жағдайда Қарыз алушы мен оның жұбайының кірісі болмаған жағдайда Қосалқы қарыз алушы қажет емес Екі қосалқы қарыз алушыны тартуға болады 1) Бірлескен қарыз алушы жұмыс істейтін жұбайын тартуға болады
2) жұбайының табысы жеткіліксіз болған жағдайда қосалқы қарыз алушыны тартуға боладыЕкі қосалқы қарыз алушыны – үшінші тұлғаны тартуға болады Мақұлданды Мақұлданды Мақұлданды Мақұлданды Мысал
Пәтер бағасы10 000 000 теңгеЗаем сомасы10 000 000 теңгеБастапқы жарна
(заем сомасының кем дегенде 10%-ы)1 000 000 теңгеЗаем мерзімі18 жылАлдын ала заем
Ай сайынғы төлем
8 жыл 52 700 теңгеденТұрғын үй заемы
Ай сайынғы төлем
11 жыл 36 000 теңгеденКеңес: бастапқы жарнаны 10%-дан артық құйсаңыз, ай сайынғы төлем бұдан да төмен болады!Бағдарлама бойынша үйді қалай алуға болады?1. Әкімдікте кезекте тұру.
Ол үшін Сізге әкімдікке барып, кезекке тұруыңыз керек.2. Тұрғын үй құрылыс жинағы туралы келісімшартты бекіту.
Келісімшартты Отбасы банкінің кез келген бөлімшесінде немесе Сізге ыңғайлы уақытта және ыңғайлы жерге келетін кеңесшінің көмегімен бекітуге болады. Кеңесшіні www.hcsbk.kz сайтындағы «Сіздің кеңесшіңіз» бөлімі арқылы немесе ұялы телефоннан 300 нөміріне хабарласып шақыра аласыз (қоңырау шалу тегін).
Келісімшарт бекіту үшін жеке куәлік жеткілікті.3. Тұрғын үй таңдау.
Бұл кезеңде сізге otbasybank.kz. жылжымайтын мүлік порталында сатылатын нысандарға қатысуға өтініш беру керек, содан кейін - төлем қабілеттілігін бағалаудан өту қажет.4. Бастапқы жарнаны аудару.Ең төменгі бастапқы жарна заем сомасының 10%-на тең. Ақшаны банк бөлімшелері, интернет-банкинг, банктің серіктес ұйымдарының интернет-банкингі мен төлем терминалдары арқылы аударуға болады.Назар аударыңыз: банк кеңесшілері жарна қабылдамайды.5. Төлем қабілеттілігін бағалаудан өту.
Ол үшін Сізге Отбасы банкіне келесі құжаттарды тапсыру керек:- отбасыңыздың мәртебесін растайтын әкімдік берген құжат
- кәмелеттік жасқа толған отбасы мүшелерінің жеке куәліктері және балалардың туу туралы куәліктері
- неке қию немесе неке бұзу туралы куәлік
- соңғы 6 ай ішіндегі табыстарды растайтын құжаттар, оның ішінде ерінің немесе әйелінің, сондай-ақ қажет болған жағдайда қосалқы заемшының атына берілген құжаттар
Атыңызда несие бар болса, ол төлем қабілеттілігіңізге әсер етуі мүмкін.Басқа несиелер бойынша уақтылы өтелмеген қарыз болса, оларды жабуға кеңес береміз.Бастапқы жарнаңыз және төлем қабілеттілігін бағалауға арналған құжаттарыңыз болса, екінші, үшінші және төртінші қадамдарды біріктіре аласыз. Мұны банк бөлімшесінде ғана жасауға болады.6. Сатушымен сатып алу-сату келісімшартын бекіту.
Мақұлдау алған соң Сізге нотариуста ЖАО сатып алу-сату келісімшартын бекітіп, жұбайыңыздың кепілге рұқсатын (қажет болған жағдайда) алу керек.7. Заем алу.
Банкке жылжымайтын мүліктің сатып алу-сату келісімшартын және жұбайыңыздың кепілге рұқсатын өткізгенен кейін банк заемы туралы келісімшарт бекітіп, Халыққа қызмет көрсету орталығында немесе нотариуста кепілді тіркеу керек. Осыдан соң заем беріледі.8. Өз пәтеріңізге немесе үйіңізге көшіп кіру!Маңызды! ҚР заңнамасына, ішкі құжаттарға және бағдарлама шарттарына сәйкес, қажет болған жағдайда банк қосымша құжаттар сұратуға құқылы.
-
"Бақытты отбасы" бағдарламасы бойынша іріктеуден өту үшін қажетті құжаттар
Жалпы құжаттар:
1) заем беруге өтініш-сауалнама (кредиттік өтінім);
2) үміткердің/ заемшыластың, үміткердің/заемшыластің жұбайының (зайыбының) жеке басын куәландыратын құжатының көшірмесі*;
3) үміткердің/ заемшыластың неке қию (бұзу) туралы куәлігінің көшірмесі немесе некені бұзу туралы соттың күшіне енген шешімі*;
4) кредиттік тарих субъектісінің ол туралы ақпаратты кредиттік бюроларға беруге және үміткердің/ заемшыластың кредиттік есебін алушыға кредиттік есеп беруге келісімі (Банктен сұратылады);
5) үміткердің (заемшыластың) Мемлекеттік корпорациядан үміткердің/заемшыластың зейнетақы жинақтарының жай-күйі туралы мәліметтерді алуға құқық беру туралы өтініші;
6) Банк талаптарына сәйкес табыс туралы құжаттар.
Оңайлатылған декларация бойынша жұмыс істейтін жеке кәсіпкерлер болып табылатын үміткерлердің іріктеуден өтуі үшін құжаттар Банк талаптарына сәйкес қосымша талап етіледі.
*Құжаттардың көшірмелерін фронт-кеңсе қызметкері ұсынылған түпнұсқалардан алады. Құжаттардың түпнұсқаларымен бірдей, интернет-ресурс (Үкіметтің www.egov.kz ресми интернет-ресурсы) арқылы алынған құжаттарды беруге жол беріледі немесе құжаттардың түпнұсқаларына теңестірілетін өзге де ресми электрондық ақпарат көздері арқылы алуға жол беріледі.
Қосымша құжаттар
1) ЖАО құжаты (өтінімдерді 11.08.2020 ж. бастап берген кезде ақпарат тікелей Банктен сұратылады):
- "Алтын алқа"," Күміс алқа" алқаларымен марапатталған немесе бұрын «Батыр ана» атағын алған, сондай-ақ, I және II дәрежелі "Ана даңқы" ордендерімен марапатталған көп балалы отбасыларға, толық емес отбасыларға немесе мүгедек балалары бар немесе оларды тәрбиелеп отырған отбасыларға тиесілілігі,
- егер ЖАО сату үшін дайын нысандарды немесе тұрғын үй бірліктерін дербес ұсынса, нысанның атауын және сатып алынатын тұрғын үйдің нөмірін растайтын құжат;
- құжаттың қолданылу мерзімін қамтиды. Егер қолданылу мерзімі көрсетілмесе, онда құжаттың күні кредиттік өтінімді қабылдау күніне дейін 12 (он екі) айдан ерте болмауға тиіс.
Кепіл үшін:
2) ұсынылатын кепілзаттық қамтамасыз етудің иелерінің жеке басын куәландыратын құжаттардың көшірмелері;
3) кепілмен қамтамасыз ету ретінде ұсынылатын мүлікке құқық белгілейтін және сәйкестендіру құжаттарының көшірмелері қоса беріледі;
4) тұрғын емес үй-жайды пайдалануға қабылдау актісінің көшірмесі (жылжымайтын мүлік тұрғын үй қорының құрамынан шығарылған кезде) немесе жылжымайтын мүліктің тұрғын үй қорының құрамынан шығарылғанын растайтын құжат.
5) қамтамасыз етуге берілген нотариалды куәландырылған келісімдер/өтініштер Банк кепілді қарастыратын кезеңде де, сатып алу-сату шарты жасалғаннан кейін де ұсынылуы мүмкін
6) заем алуға өтініш берген күннің алдындағы күнгі жағдай бойынша күнтізбелік 90 (тоқсан) күннен аспайтын жылжымайтын мүлікке тіркелген құқықтар (ауыртпалықтар) және оның техникалық сипаттамалары туралы анықтама;
7) Бағалау туралы есеп;
8) Бағалау туралы есеп ақысының төленгенін растайтын құжаттың көшірмесі (егер Банк бағалау туралы есепті бағалаушының Кабинетінен алмаса).
- Шарт талаптарына сәйкес тұрақсыздық айыбын (айыппұл, өсімақы) есептеу;
- Қарыз алушының банктік шоттарындағы ақшаны өндіріп алу;
- Коллекторлық агенттікке берешекті сотқа дейінгі өндіріп алу мен реттеу үшін тапсыру;
- Қарыз алушыдан Шарт бойынша берешекті өндіріп алу туралы өтінішпен сот органдарына жүгіну.