Табысты және тиімді тұрақты даму саясатын жүзеге асыру үшін Банк мүдделі тараптармен өзара әрекеттесуге тиісті көңіл бөледі.
Банк әсер ету аймағына байланысты мүдделі тараптардың үш тобын анықтайды: өкілеттік және жауапкершілік аймағы, тікелей әсер ету аймағы, жанама әсер ету аймағы.
Мүдделі тараптармен өзара іс-қимылдың негізгі нысандары: бірлескен бағдарламалар мен жобалар, ынтымақтастық туралы меморандумдар, бірлескен жұмыс топтары, іс-шаралар туралы есеп беру, кездесулер, конференциялар, басылымдар, сұхбаттар және т.б. Банктің мүдделі тараптарымен өзара іс-қимылын ұйымдастыру процесі қатысу принципіне негізделген, және ол Банк қызметін басқару процесінің барлық кезеңдерінде мүдделі тараптардың мүдделерін ескеруді және мүдделі тараптарды маңызды тақырыптар мен маңызды мәселелерді талқылауға тартуды, ықтимал тәуекелдер мен жауапкершілік шекаралары болып табылады.
Кездесуге тіркелген өтінімдер болмауына байланысты, 01.09.2024-31.10.2024 аралығында "Отбасы банк" АҚ басшылығы Алматы қ., Абылай хан даңғылы, 91 мекенжайы бойынша Банктің орталық аппаратында жеке тұлғалармен немесе заңды тұлғалардың өкілдерімен кездесу өткізген жоқ.
01.05.2024ж. - 30.08.2024 ж. аралығындағы кезеңде "Отбасы банк" АҚ Басқармасының төрайымы Л.Е. Ибрагимова Алматы қ., Абылай хан даңғ., 91 мекенжайы бойынша Банктің Орталық аппаратында жеке тұлғалармен 4 кездесу өткізді (кездесу күндері: 02.05.2024ж., 25.07.2024ж., 07.08.2024ж., 28.08.2024ж.). Талқылаудың негізгі тақырыптары тұрғын үй мәселелерін шешу, қарыз алуға жәрдемдесу және мемлекеттік кредиттеу бағдарламаларына қатысу қатысында болды.
ХОТИТЕ УЗНАВАТЬ О НАШИХ АКЦИЯХ ПЕРВЫМИ?!