Наурыз Жұмыскер
Өтінімдерді қабылдау 2025 жылдың 17 наурызынан бастап
Отбасы банкінің барлық бөлімшелерінде басталады!
Ол үшін не қажет:
№1 қадам:
Өзіңіздің жұмыс мамандығыңыздың атауын Жұмыс мамандықтарының тізімінен табыңыз
Жұмыс мамандықтарының тізімі (жүктеу)
№2 қадам:
Жұмыс орнынан анықтама үлгісін жүктеп, жұмыс берушіге жүгініңіз
Жұмыс орнынан анықтама үлгісі (жүктеу)
№3 қадам:
Жұмыс беруші анықтаманы бермес бұрын, ұйымды/компанияны/кәсіпорынды экономикалық қызмет түрлері тізімінен (ЭҚТЖЖ) тізімінен тексеруі тиіс
Экономикалық қызмет түрлерінің жалпы жіктеуіші (жүктеу) тізімі (ЭҚТЖЖ)
№4 қадам:
Егер сіздің мамандығыңыз Жұмыс мамандықтарының тізімінде, ал жұмыс орныңыз ЭҚТЖЖ тізімінде болса, жұмыс беруші Банктің үлгісі бойынша анықтаманы беруі қажет
Жұмыс орнынан алынатын анықтама үлгісі (жүктеу)
№5 қадам:
Жұмыс орнынан алынған анықтамамен аймақтағы кез келген Банк бөлімшесіне (кеңес беру орталықтарынан басқа) алдын ала квалификациядан өту үшін тек 2025 жылдың 17 наурызынан бастап жүгіну қажет
"Наурыз Жұмыскер" – "Наурыз" бағдарламасының бағыты
Несиелендіру шарттары
Несие мақсаты: Тұрғын үй сатып алу, бастапқы тұрғын үйді сатып алу және жөндеу (бір несие келісімі аясында).
Бастапқы жарна:
• 20%-дан бастап;
• 10%-дан бастап, егер бастапқы тұрғын үй таза әрлеуден өткен күйінде болса.
Несие мөлшерлемесі:
• 7% (ЖТСМ 7,1%-дан 9,6%-ға дейін) – тұрғын үй кезегінде тұрған әлеуметтік осал топтар үшін;
• 9% (ЖТСМ 9,4%-дан 13%-ға дейін) – тұрғын үйге мұқтаждар мен басқа да ҚР азаматтары мен қандастар үшін.
Максималды несие сомасы (жөндеу сомасын қоса алғанда):
• Астана, Алматы қалалары – 36 млн теңгеге дейін;
• ҚР басқа өңірлері – 30 млн теңгеге дейін.
Несие мерзімі – 19 жылға дейін.
Несие мөлшерлемесін төмендету (несие сомасының 50%-ын жинағаннан кейін):
3,5% (ЖТСМ 3,6%-дан 4,4%-ға дейін) бастап 5% (ЖТСМ 5,1%-дан 6,9%-ға дейін) дейін төмендету мүмкіндігі.
Қатысушының депозитіне қойылатын талаптар
Минималды жинақ сомасы:
2 млн теңге. Кемінде 2 млн теңге болмаған жағдайда өтініш қабылданбайды. Бұл соманы өтініш берген сәтте бір реттік төлеммен салуға болады.
Тарифтік бағдарламалар:
"Табысты", "Сберегательный", "Арнау" бағдарламаларынан басқа барлық тарифтер қолжетімді.
Басқа тұрғын үй бағдарламаларына қатыспау:
Қатысушы "Кейін сатып алу құқығымен жалға беру" және "Наурыз" бағдарламаларына қатыспауы тиіс.
Салымшыда инкассалық өкімдер және төлем талаптары түріндегі шектеулердің болмауы:
Депозит қолданысына тыйым салу, инкассалық өкімдер және төлем талаптары түріндегі шектеулерден бос болуы керек.
Қатысушыларға қойылатын жалпы талаптар
- ҚР азаматы немесе Қандас мәртебесі;
- 18-63 жас аралығында болу;
- Соңғы 6 айда ресми табыстың болуы (жалақы, кәсіпкерлік кіріс, қызмет көрсету шарттары, жәрдемақылар, стипендия, тұрғын үй төлемдері);
- Соңғы 3 айдағы табыс "Наурыз Жұмыскер" бағыты бойынша берілген анықтамада көрсетілген жұмыс орнынан болуы тиіс;
- Соңғы 5 жылда өз атына тұрғын үй тіркелмеуі тиіс (ерлі-зайыптылар мен кәмелетке толмаған балалар ескеріледі);
- Бір салымшы/отбасы бағдарлама шеңберінде тұрғын үйді бір реттен артық сатып ала алмайды;
- Бағдарламаға жұбайлардың тек біреуі ғана қатыса алады;
- Қарыз алу және бағдарламаға қатысу туралы ақпаратты Банктің ресми сайтында жариялауға келісім беру.
Сатып алынатын тұрғын үйге қойылатын талаптар
- Бастапқы тұрғын үй – көпқабатты үйдегі пайдалануға берілген пәтер.
- Құрылысы жүріп жатқан тұрғын үй – үлестік қатысу шартымен және тұрғын үй құрылысының бірыңғай операторының кепілдігімен.
- Екінші нарықтағы тұрғын үй – тек моноқалаларда және ауылдық елдімекендерде (жылына бөлінген қаражаттың 30%-ынан аспайды).
Несие сомасы | Бастапқы жарна - % | Бастапқы жарна - сома | Пайыздық мөлшерлеме | Ай сайынғы төлем (алғашқы 8 жыл) |
Ай сайынғы төлем (келесі 11 жыл) |
Жалпы артық төлем (19 жылға) |
30 000 000 | 10 | 3 000 000 | 7 % | 283 000 | 131 708 | 17 553 516 |
9 % | 333 000 | 22 353 516 | ||||
20 | 6 000 000 | 7 % | 253 000 | 128 010 | 17 185 259 | |
9 % | 303 000 | 21 985 259 | ||||
36 000 000 | 10 | 3 600 000 | 7 % | 339 600 | 160 266 | 21 356 677 |
9 % | 399 600 | 27 116 677 | ||||
20 | 7 200 000 | 7 % | 303 600 | 155 827 | 20 914 769 | |
9 % | 363 600 | 26 674 769 |
Қарыз алушының Банктік қарыз шарты (бұдан әрі – Шарт) бойынша
міндеттемелерді орындамаған жағдайдағы Банк құқықтары:
- Шарт талаптарына сәйкес тұрақсыздық айыбын (айыппұл, өсімақы) есептеу;
- Қарыз алушының банктік шоттарындағы ақшаны өндіріп алу;
- Коллекторлық агенттікке берешекті сотқа дейінгі өндіріп алу мен реттеу үшін тапсыру;
- Қарыз алушыдан Шарт бойынша берешекті өндіріп алу туралы өтінішпен сот органдарына жүгіну.