Шрифт көлемі:
Сайттың түсі:
Дауыстық көмекші
"Наурыз "Әскери"

Наурыз Әскери бағдарламасы


2025 жылдың 17 қарашасынан бастап Отбасы банктің барлық бөлімшелерінде!
Егер сіз тұрғын үй төлемдерін алушы болып, Отбасы Банкінде арнайы ағымдағы есепшотыңыз (арнайы есепшот) болса, онда сіз "Наурыз Әскери" бағытына қатысуға құқығыңыз бар.

"Наурыз Әскери" бағыты бойынша конкурс немесе қатысушыларды іріктеу жүргізілмейді. "Наурыз Әскери" бағыты тұрғын үй төлемдерін алушылар қызмет ететін мемлекеттік органдар мен ведомстволар Банкке жіберетін тізімдер негізінде жүзеге асырылады.
"Наурыз Әскери" – "Наурыз" бағдарламасының бағыты
Несиелендіру шарттары

Несие мақсаты:
Пайдалануға берілген бастапқы тұрғын үйді сатып алу.

Бастапқы жарна:
шарттық соманың 0%-дан 50%-ға дейін.

Несие мөлшерлемесі:
9% (ЖТСМ 9,7%-дан 10,4%-ға дейін).

Максималды несие сомасы:
• бастапқы жарна 0% - дан 20%-ға дейін болған жағдайда - Астана және Алматы қалалары үшін 36 млн теңгеге дейін, қалған өңірлер үшін 30 млн теңгеге дейін;
• бастапқы жарна 20%-дан 50%-ға дейін болған жағдайда - барлық өңірлер үшін 80 млн теңгеге дейін.
Несие мерзімі – 19 жылға дейін.
Несие мөлшерлемесін төмендету (несие сомасының 50%-ын жинағаннан кейін): 3,5% (ЖТСМ 3,6%-дан 4,4%-ға дейін) бастап 5% (ЖТСМ 5,1%-дан 6,9%-ға дейін) дейін төмендету мүмкіндігі.
Тұрғын үйді таңдау Баспана маркет порталынан таңдауға, броньдауға және сатып алуға болады (otbasybank.kz).


Тарифтік бағдарламалар:
  • "Табысты", "Сберегательный", "Арнау" бағдарламаларынан басқа барлық тарифтер қолжетімді.
Басқа тұрғын үй бағдарламаларына қатыспау:
  • Қатысушы "Кейін сатып алу құқығымен жалға беру" , "Отау" және "Наурыз" бағдарламаларына қатыспауы тиіс.
Қатысушыларға қойылатын жалпы талаптар
  • ҚР азаматы немесе Қандас мәртебесі;
  • 18-63 жас аралығында болу;
  • Соңғы 6 айда ресми табыстың болуы;
  • Соңғы 5 жылда өз атына тұрғын үй тіркелмеуі тиіс (ерлі-зайыптылар мен кәмелетке толмаған балалар ескеріледі);
  • Бір салымшы/отбасы бағдарлама шеңберінде тұрғын үйді бір реттен артық сатып ала алмайды;
  • Бағдарламаға жұбайлардың тек біреуі ғана қатыса алады.
Сатып алынатын тұрғын үйге қойылатын талаптар
  • Бастапқы тұрғын үй – көпқабатты үйдегі пайдалануға берілген пәтер.
Заем сомасы Бастапқы жарна - % Бастапқы жарна - сома Пайыздық мөлшерлеме Ай сайынғы төлем (алғашқы 8 жыл) Ай сайынғы төлем (келесі 11 жыл) Жалпы артық төлем (19 жылға)
30 000 000 0 0 9% 381 000 115 907 24 410 935
10 3 000 000 9 % 333 000 131 708 22 353 516
20 6 000 000 9 % 303 000 128 010 21 985 259
36 000 000 0 0 9% 457 200 141 423 29 349 763
10 3 600 000 9 % 399 600 157 916 29 749 736
20 7 200 000 9 % 363 600 155 827 26 674 769
40 000 000 20 8 000 000 9 % 404 000 171 878 32 968 344
50 000 000 20 10 000 000 9 % 505 000 217 767 41 281 230
60 000 000 20 12 000 000 9 % 606 000 263 656 49 594 116
70 000 000 20 14 000 000 9 % 707 000 309 545 57 907 003
80 000 000 20 16 000 000 9 % 808 000 355 434 66 219 889

Қарыз алушының Банктік қарыз шарты (бұдан әрі – Шарт) бойынша міндеттемелерді орындамаған жағдайдағы Банк құқықтары:
  1. Шарт талаптарына сәйкес тұрақсыздық айыбын (айыппұл, өсімақы) есептеу;
  2. Қарыз алушының банктік шоттарындағы ақшаны өндіріп алу;
  3. Коллекторлық агенттікке берешекті сотқа дейінгі өндіріп алу мен реттеу үшін тапсыру;
  4. Қарыз алушыдан Шарт бойынша берешекті өндіріп алу туралы өтінішпен сот органдарына жүгіну.

Дауыстық көмекші

сайтта дауыстық көмекшісі бар
мәтінді таңдап дыбыс деңгейі түймесін басу керек

ХОТИТЕ УЗНАВАТЬ О НАШИХ АКЦИЯХ ПЕРВЫМИ?!

Қоңырауға тапсырыс беру