Кім кредит кепілгері бола алады?
Нашар көретіндерге арналған нұсқа
Кім несие кепілгері бола алады

Несие бойынша кім кепілгер бола алады

Отбасы банкіндегі кредит кепілгеріне қойылатын талаптар

Егер Сіз үш жылдан аса Отбасы банкінің салымшысы болсаңыз, Сіз заемды кепілсіз, жеке тұлғаның кепілдігімен ала аласыз.

Отбасы банкі жеке тұлғаның кепілдігімен төмендегі мақсаттарға несие береді:

Несие бойынша кепілгер атана алатындар
Қазақстан Республикасының азаматтары
18-ден 64,5 жасқа дейінгі жастағылар
(несие мерзімі аяқталған сәтте 70 жастан аспаған)
соңғы 6-12 айда бекітілген ай сайынғы табысы барлар
Кепілгердің табысына қойылатын талаптар

Отбасы банкі кепілгердің орташа айлық табысы ретінде тұрақты табыстың төмендегі түрлерін қабылдайды:

  • Жалдамалы жұмыскерлердің соңғы 6 айдағы кірістері
  • Әскери қызметкерлер мен мемлекеттік және құқық қорғау органдарының арнайы бөлімшелері қызметкерлерінің табысы
  • Кәсіпкерлердің соңғы 12 айдағы кірістері
  • Оқу орындарында білім алатын ұйым қызметкерлерінің шәкіртақылары
  • Зейнетақы
  • Тұрғын үй төлемдері
  • Банк Кеңесшілерінің сыйақылары
  • Жалақы төлеу туралы анықтамада көрсетілген экологиялық төлемдер
  • Азаматтардың әртүрлі санаттары үшін ҚР заңнамасында көзделген өмір бойына берілетін мемлекеттік төлемдер/ асырау

Орташа айлық табыс ретінде қабылданбайтындар

Жәрдемақының біржолғы сомасы
Сақтандыру компаниясының біржолғы өтемақысы
Мемлекет беретін біржолғы өтемақылар мен төлемдер
Отбасы банкіндегі кредит кепілгеріне қойылатын талаптар
Егер несие бойынша кепілгер бір уақытта әрі жалдаушы қызметкер әрі кәсіпкер болып табылса және оның табысы жалдаушы қызметкер ретінде қарыз беру үшін жеткілікті болған жағдайда, онда кәсіпкер ретінде табысты растау талап етілмейді
Отбасы банкіндегі кредит кепілгеріне қойылатын талаптар
Егер ҚР заңы бойынша кепілгер міндетті зейнетақы жарналарын төлеуден босатылса, онда тұрғын үй қарызын ресімдеу кезінде зейнетақы жарналарының болмауына жол беріледі.
Отбасы банкіндегі кредит кепілгеріне қойылатын талаптар
Қазақстаннан тыс елдерде немесе халықаралық ұйымдардың өкілеттігінде жұмыс жасайтын, Қазақстан аймағында әрекет ететін ҚР азаматтары үшін ай сайынғы табыс еңбекақы туралы анықтама негізінде есептеледі.
Отбасы банкіндегі кредит кепілгеріне қойылатын талаптар
Оқытушылар үшін ай сайынғы табыс көзі еңбек демалысын есепке алусыз да (соңғы 6 ай үшін), есепке ала отырып та (соңғы 12 ай үшін) ескеріледі.
Несиелік тарихқа қойылатын талаптар
Банктер және қаржы ұйымдары алдында 1000 теңгеден артық сомадағы өтелмеген берешегінің болмауы
"Қаржы орталығы" АҚ берген өтелмеген білім беру кредиттерінің болмауы, коллекторлық компания мен ломбард алдында берешектің болмауы
Төмендегі талаптардың біреуін сақтау
  • Егер Отбасы банкінде қарыз алуға арналған өтінім берген күнге дейін соңғы 12 айда несиенің бірі бойынша мерзімі өткен күннің максималды саны 90 күннен аспаса
  • Егер мерзімі өткен берешек мерзімі өткен күндер санына қарамастан кредиттік өтінім беру айына дейін 3 ай бұрын өтелген болса

Барлық қалған жағдайларда несие алушының, қосалқы қарыз алушының немесе кепілгердің несиелік тарихы теріс болып табылады.

Кепілгерге арналған құжаттар тізімі

Жеке тұлғалар үшін

  • Заем беруге арналған өтінім (Несиелік өтінім)
  • Кепілгер сауалнамасы
  • Кепілгер мен жұбайының (зайыбының) жеке куәлігінің көшірмелері
  • Егер кепілгер некелескен немесе некеде бұрын болған болса – неке туралы куәлігінің немесе оның бұзылғандығы туралы куәліктің көшірмесі
  • Кредиттік тарих субъектісінің ол туралы ақпаратты кредиттік бюроларға беруге және кепілгердің кредиттік есебін алушыға кредиттік есепті беруге келісімі
  • Кепілгердің Мемлекеттік корпорациясының есебі
  • Кепілгердің Банкке Мемлекеттік корпорациядан зейнетақы жинақтарының жай-күйі туралы мәліметтерді алуға құқық беру туралы мәлімдемесі
  • Кепілгердің еңбек ақысы туралы анықтама (зейнетақы төлемдері болмаған жағдайда және кәсіпкерлерге қолданылмайды)

Жеке кәсіпкерлер үшін

  • Кәсіпкерлердің кірісі: Кәсіпкердің шотынан оның ЕДБ жеке кабинетінде қалыптастырылған/"pdf" форматында ЕДБ-ден алынған электрондық үзінді көшірме
  • Жеке нотариустардың, адвокаттардың, медиаторлардың және жеке сот орындаушыларының кірісі:
    • медиаторларды қоспағанда, қызмет түрі бойынша лицензия;
    • соңғы есепті кезеңнің соңғы 12 айындағы қабылдау туралы хабарламасы бар салық есебінің көшірмесі (200 ф. және 240 ф.)
Сіз aлаяқтардан зардап шектіңіз бе?
Сізге алаяқтар телефон арқылы соқты, жалған сайтты не әлеуметтік желідегі аккаунты таптым
Сізден ақша алынған, Сіз кредит ресімдөдіңіз немесе алаяққа ақша аудардыңыз
Алаяқтардың әрекеттері *
Телефон арқылы байланысты
SMS немесе мессенджер арқылы хабрлама жазды
Жалған сайтты не әлеуметтік желідегі аккаунты таптым
Тіркелген файлдар
Файл көлемі 12 Мб-тан аспауы керек.Сіз 10 файлға дейін тіркей аласыз

ХОТИТЕ УЗНАВАТЬ О НАШИХ АКЦИЯХ ПЕРВЫМИ?!

Қоңырауға тапсырыс беру