Шрифт көлемі:
Сайттың түсі:
Дауыстық көмекші
Кім несие кепілгері бола алады

Несие бойынша кім кепілгер бола алады

Отбасы банкіндегі кредит кепілгеріне қойылатын талаптар

Егер Сіз үш жылдан аса Отбасы банкінің салымшысы болсаңыз, Сіз заемды кепілсіз, жеке тұлғаның кепілдігімен ала аласыз.

Отбасы банкі жеке тұлғаның кепілдігімен төмендегі мақсаттарға несие береді:

Несие бойынша кепілгер атана алатындар
Қазақстан Республикасының азаматтары
18-ден 65 жасқа дейінгі жастағылар
(несие мерзімі аяқталған сәтте 70 жастан аспаған)
соңғы 6-12 айда бекітілген ай сайынғы табысы барлар
Кепілгердің табысына қойылатын талаптар

Отбасы банкі кепілгердің орташа айлық табысы ретінде тұрақты табыстың төмендегі түрлерін қабылдайды:

  • Жалданушы қызметкерлердің табысы
  • Әскери қызметкерлер мен мемлекеттік және құқық қорғау органдарының арнайы бөлімшелері қызметкерлерінің табысы
  • Кәсіпкерлердің табысы
  • Оқу орындарында білім алатын ұйым қызметкерлерінің шәкіртақылары
  • Зейнетақы
  • Тұрғын үй төлемдері
  • Банк Кеңесшілерінің сыйақылары
  • Жалақы төлеу туралы анықтамада көрсетілген экологиялық төлемдер
  • Мемлекеттік ай сайынғы жәрдемақылар, азамттардың түрлі санаттары үшін ҚР заңнамасында көрсетілген өмірлік төлемдер/еңбекақылар

Орташа айлық табыс ретінде қабылданбайтындар

Жәрдемақының біржолғы сомасы
Сақтандыру компаниясының біржолғы өтемақысы
Мемлекет беретін біржолғы өтемақылар мен төлемдер
Отбасы банкіндегі кредит кепілгеріне қойылатын талаптар
Егер несие бойынша кепілгер бір уақытта әрі жалдаушы қызметкер әрі кәсіпкер болып табылса және оның табысы жалдаушы қызметкер ретінде қарыз беру үшін жеткілікті болған жағдайда, онда кәсіпкер ретінде табысты растау талап етілмейді
Отбасы банкіндегі кредит кепілгеріне қойылатын талаптар
Егер ҚР Заңы бойынша кепілгер міндетті зейнетақы жарналарын төлеуден босатылған болса, онда аралық немесе алдын ала заемды ресімдеу кезінде зейнетақы жарналарының болмауына жол беріледі.
Отбасы банкіндегі кредит кепілгеріне қойылатын талаптар
Қазақстаннан тыс елдерде немесе халықаралық ұйымдардың өкілеттігінде жұмыс жасайтын, Қазақстан аймағында әрекет ететін ҚР азаматтары үшін ай сайынғы табыс еңбекақы туралы анықтама негізінде есептеледі.
Отбасы банкіндегі кредит кепілгеріне қойылатын талаптар
Оқытушылар үшін ай сайынғы табыс көзі еңбек демалысын есепке алусыз да (соңғы 6 ай үшін), есепке ала отырып та (соңғы 12 ай үшін) ескеріледі.
Несиелік тарихқа қойылатын талаптар
Банктер және қаржы ұйымдары алдында 1000 теңгеден артық сомадағы өтелмеген берешегінің болмауы
«Қаржы орталығы» АҚ берген өтелмеген білім беру кредиттерінің болмауы
Барлық қарыз бойынша берешекті толық өтеген жағдайда
Төмендегі талаптардың біреуін сақтау
  • Егер Отбасы банкінде қарыз алуға арналған өтінім берген күнге дейін соңғы 12 айда несиенің бірі бойынша мерзімі өткен күннің максималды саны 90 күннен аспаса
  • Егер мерзімі өткен сома несие алуға өтінім берген күнге дейін үш айдың ішінде өтелген болса, мерзімі өткен сомаға және мерзімге байланысты емес
  • Егер соңғы 12 айдағы өтелген берешегі 100 мың теңгеге дейінгі көлемді құраса (барлық кезеңдегі мерзімі өткен күнге байланысты)

Барлық қалған жағдайларда несие алушының, қосалқы қарыз алушының немесе кепілгердің несиелік тарихы теріс болып табылады.

Кепілгерге арналған құжаттар тізімі

Жеке тұлғалар үшін

  • Заем беруге арналған өтінім (Несиелік өтінім)
  • Қосалқы қарыз алушының немесе кепілгердің анкетасы
  • Кепілгердің және оның отбасы мүшелерінің, егер олар жылжымайтын мүліктің ортақ иеленушілері болса, жеке куәліктерінің көшірмесі
  • Балалар үйінің тәрбиеленушілері үшін – тәрбиеленуші мәртебесін растайтын құжат
  • Жарамдылық мерзімі 3 айдан аспаған мекенжай анықтамасы
  • Егер кепілгер некелескен немесе некеде бұрын болған болса – неке туралы куәлігінің немесе оның бұзылғандығы туралы куәліктің көшірмесі
  • Кепілгердің несиелік тарихы туралы ақпараттарды Банкке беруге арналған оның келісімі
  • Кепілгердің Мемлекеттік корпорациясының есебі
  • Кепілгердің зейнетақы жинақтары туралы ақпараттарды Банкке беруге арналған оның келісімі
  • Кепілгердің еңбек ақысы туралы анықтама (кәсіпкерлерге таралмайды)

Жеке кәсіпкерлер үшін

  • Кәсіпкердің мемлекеттік тіркелгені туралы куәліктің көшірмесі
  • Кәсіпкерлік қызметке берілетін патенттің көшірмесі (соңғы 12 ай үшін мағлұмдалған кірісті көрсете отырып)
  • Салық органының белгісі бар 911.00 нысаны бойынша мағлұмдаманың көшірмесі
  • Салық төлеушінің (салық агентінің) салық есептілігі хабарламасы (растауы)
  • Салық органынан берешектің жоқтығы туралы анықтама

Жеке нотариустар, адвокаттар және сот орындаушылары үшін тізімнен – 4-т. және 5-т.

Дауыстық көмекші

сайтта дауыстық көмекшісі бар
мәтінді таңдап дыбыс деңгейі түймесін басу керек

ХОТИТЕ УЗНАВАТЬ О НАШИХ АКЦИЯХ ПЕРВЫМИ?!

Қоңырауға тапсырыс беру