Барлығы займдар туралы
Отбасы банкі тұрғын үй жағдайын жақсарту үшін өз клиенттеріне несиенің үш түрін ұсынады:
Осы несие түрлерінің негізгі артықшылықтары мен әрқайсысының айырмашылығын қарастырамыз.

Тұрғын үй заемы
Тұрғын үй заемы Қазақстан бойынша тұрғын үйді ең тиімді пайыздық мөлшерлемемен несиеге сатып алуға мүмкіндік береді – жылдық 3.5%-дан бастап (ЖТСМ 3,6%-дан 4,4%-ке дейін).
- Пәтер немесе жер үй сатып алу
- Тұрғын үйге жөндеу жүргізу
- Басқа банктен бұрын алынған ипотекалық несиені қайта қаржыландыру
- Құрылыс жүргізу (оның ішінде жер учаскесін сатып алу)
- Банктерден және банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдардан ипотекалық тұрғын үй қарызын алу үшін бастапқы жарна енгізу




-
1. Отбасы банкінде депозит ашу;
-
2. 3 жылдан аса мерзімде шарттық соманың 50%-ын жинақтау;
-
3. Кемінде 16 бағалау көрсеткішінің мәніне жету;
-
4. Кепіл ұсыну;
-
5. Төлемқабілеттілігін растау.
Тұрғын үй заемы клиент жылжымайтын мүлік нарығынан өзі таңдап алатын тұрғын үйді сатып алуға және жөндеу жұмыстарына, сондай-ақ, тұрғын үй құрылысының мемлекеттік бағдарламалары бойынша беріледі және Банктің өз бағдарламасы бойынша:

Аралық заем
Тұрғын үй сатып алуға шұғыл түрде ақша қажет пе және қолыңызда үй құнының 50%-ы бар ма?
Сіз аралық заемын аласыз бағалау көрсеткішіңіз 5 жеткенде. Ол үшін:
-
Отбасы банкінен депозит ашыңыз
-
Депозитке тұрғын үй құнының 50%-ын салыңыз (бөліп немесе біруақытта).
Төлемқабілеттілікті растау -
Кепілдікті ұсыну

-
Пайыздық мөлшерлемесі - жылдық 6%-дан (ЖТСМ 6,2% бастап 6,3% дейін) бастап жылдық 8,5 % (ЖТСМ 9% бастап 9,6% дейін)
-
Заем мерзімі 6 айдан 25 жылға дейін
-
Негізгі қарыз бойынша төлем мерзімін ұзарту
-
Заем сомасы - 100 млн. теңгеге дейін
-
1. Банк аралық заемды тұрғын үйдің 100% құнына береді;
-
2. Осы соманың 50%-ы депозитіңізде үш жыл бойы сақталады, сонымен қатар, оған 2% сыйақы мөлшерлемесі және мемлекет сыйлықақысы есептеледі;
-
3. Бастапқы үш жылда Банк Сізге негізгі қарыз бойынша мерзімді ұзартуды ұсынады, Сіз несие бойынша пайыздарды ғана төлейсіз;
-
4. Үш жылдан кейін депозиттің барлық жинақталған сомасы негізгі қарызды өтеуге кетеді, несие бойынша сыйақы 5%-ға дейін төмендейді және несиенің қалған бөлігі тұрғын үй заемының талаптары бойынша төленеді.
Аралық заем жылжымайтын мүлік нарығынан, сондай-ақ, тұрғын үй құрылысының мемлекеттік және нарықтық бағдарламалары бойынша клиент өзі таңдайтын тұрғын үйді сатып алуға және оған жөндеу жұмыстарын жүргізу үшін беріледі және Банктің өз бағдарламасы бойынша:

Алдын ала заем
Алдын ала заем - бұл депозитте тұрғын үй сатып алу үшін қажет соманың 20%-ы болған жағдайда 5% мөлшерлемемен (ЖТСМ 5,2% бастап 5,8% дейін) берілетін жеңілдігі бар несие.
Отбасы банкі алдын ала заемды тек мемлекеттік бағдарламалар мен «Өз үйім» жеке бағдарламасы аясында береді.

(«Алматы жастары» бағдарламасы бойынша 10%, «Бакытты отбасы» бағдарламасы бойынша 10%, "Тұрғын үй-коммуналдық инфрақұрылымды дамытудың 2023-2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы" бойынша 10%);
("Бақытты отбасы" бағдарламасы бойынша 15 млн. теңгеге дейін)
-
1. Отбасы банкінде депозит ашу;
-
2. Тұрғын үй нысанын таңдау – Сіз таңдаған бағдарлама бойынша салынатын тұрғын үй кешені немесе жер үй;
-
3. Пулға қатысуға өтінім беру ( бұл осы нысаннан тұрғын үй сатып алғысы келетіндер тізімі);
-
4. Тұрғын үй құнының кем дегенде 20%-ын депозитте жинақтау немесе салу;
-
5. Төлемқабілеттілігін растау;
-
6. Алдын ала заемды алу;
-
1. Сіз Отбасы банкінде депозит ашасыз;
-
2. Сіздің депозиттегі шот сомасы алдын ала заем алу үшін шарттық соманың қажетті үлесіне жетеді (таңдалған тұрғын үй бағдарламасына байланысты 20%-дан 50%-ға дейін);
-
3. Банк Сізге тұрғын үйдің 100%-ын құрайтын алдын ала заемды береді және Сіздің депозитіңіздің жинақтау мерзімін ұзартуды ұсынады. Сіз тек депозитіңізді толықтырып, несие бойынша банк пайыздарын төлеп отырсаңыз болғаны;
-
4. Негізгі қарыз бойынша мерзімді ұзартқан уақытта сіздің депозитіңізге 2% сыйақы мөлшерлемесі мен премия государства есептеледі;
-
5. Депозитте шарттық соманың 50%-ы жинақталған кезде, Сіз тұрғын үй заемына өтесіз және қалған қарызды сіз тұрғын үй заемының талаптары бойынша өтейсіз.
- Шарт талаптарына сәйкес тұрақсыздық айыбын (айыппұл, өсімақы) есептеу;
- Қарыз алушының банктік шоттарындағы ақшаны өндіріп алу;
- Коллекторлық агенттікке берешекті сотқа дейінгі өндіріп алу мен реттеу үшін тапсыру;
- Қарыз алушыдан Шарт бойынша берешекті өндіріп алу туралы өтінішпен сот органдарына жүгіну.