Зейнетақы жинақтары
Сіз Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорындағы (БЖЗҚ) зейнетақы жинақтарыңыздың
бір бөлігін тұрғын үй жағдайын жақсарту үшін пайдалана аласыз.
бір бөлігін тұрғын үй жағдайын жақсарту үшін пайдалана аласыз.
Ол үшін Сіз:
- Зейнетақы жинақтарының пайдалануға болатын қолжетімді сомасын БЖЗҚ сайтынан білуіңіз қажет.
- Қолжетімді соманы пайдалану мақсатын таңдап, платформада өтінім беруіңіз қажет.
- Сіз Отбасы банкінің Otbasy bank мобильді қосымшасында немесе сайттағы бейнебанк қызметі арқылы арнайы шот ашуыңыз қажет.
- Мақұлдау алу және қолжетімді соманы таңдалған мақсатқа бағыттауыңыз қажет.
Қолжетімді соманы қалай білуге болады?
Қолжетімді сома – бұл Сіз пайдалана алатын, жеткіліктілік шегінен асатын зейнетақы жинақтарының көлемі.
Жеткіліктілік шегі – зейнетақы жасына жеткен кезде зейнетақы төлеу үшін БЖЗҚ-дағы зейнетақы жинақтарының ең төменгі қажетті сомасы.
Өзіңіздің жеткіліктілік шегіңізді біліңіз:
ЗЕЙНЕТАҚЫ ЖИНАҚТАРЫН ҚАНДАЙ МАҚСАТТАРҒА ПАЙДАЛАНУҒА БОЛАДЫ?
1
Өз зейнетақы жинақтарыңызды дербес пайдалану және / немесе сіздің қаражатыңыз жеткіліксіз болған жағдайда жақын туысыңыздың немесе жұбайыңыздың Зейнетақы жинақтарын қабылдау. Жақын туыстар-ата-аналар, балалар, асырап алушылар, асырап алынғандар, ата-анасы бір/ата-анасы бөлек аға-інілері мен апа-сіңлілері, атасы, әжесі.
2
Жинақтарыңызды жақын туысыңызға немесе жұбайыңызға ішінара немесе толығымен беріңіз. Сіз бірнеше алушыға жол бере аласыз. Сіз зейнетақы қаражаттарыңыздың негізгі бөлігін пайдаланған болсаңыз да, өз жинақтарыңыздың қалдығын қайтара аласыз.
Зейнетақы жинақтарын туыстарына беру
Басқаға беру барысымен https://youtu.be/66_bcn8uiOo сілтемесі бойынша мұқият танысуыңызды сұраймыз.
МАҢЫЗДЫ! Қабылдаушы тұлға екіжақты келісімді дұрыс қалыптастыру үшін Сіз осы мақсатты таңдағанға дейін БЖЗҚ платформасында тіркелуден өтуі тиіс.
Сіз өзіңіздің жұбайыңыздың, жақын туыстарыңыздың (олардың келісімімен) зейнетақы жинақтарын жоғарыда көрсетілген кез келген мақсаттарға пайдалана аласыз.
Зейнетақы жинақтарын беруге арналған нұсқаулық:
1
Жақын туысқандарыңызға/жұбайыңызға қаражат беру үшін сізге қажет:
- "Жақын туысқандарыңызға/жұбайыңызға қаражат беру" мақсатын таңдап.
- Сіз бергіңіз келетін соманы көрсетіңіз.
- Пайдасына зейнетақы жинақтары берілетін адамның ЖСН-ін көрсету
2
Әрі қарай Сізге қажетті өтініштерді қалыптастырып, өз ЭЦҚ-ыңызбен біржолғы зейнетақы төлемдерін беру туралы екіжақты келісімге қол қоюыңыз қажет.
3
"Жақсы жаңалық! Сіздің Бірыңғай зейнетақы төлеміңіз арнайы шотыңызға түсті!" деген мәтіндегі хабарламаны күтіңіз. Бұл 5 жұмыс күніне дейінгі уақытты алады.Бұл хабарлама қабылдаушы тараптың платформаға кіріп, тұрғын үй жағдайын жақсарту және/немесе емделу ақысын төлеу үшін кез келген мақсатты таңдай алатындығын білдіреді.
4
Содан кейін, қабылдаушы тараппен жақын туыстықты немесе ерлі-зайыптылықты растайтын құжаттарды жүктеуіңіз қажет.
Зейнетақы жинақтарын қабылдауға арналған нұсқаулық:
1
Сіз мақсатты таңдап, соманы толтырып, қажетті өтініштерге қол қою қажет.
2
Біржолғы зейнетақы төлемдерін беру туралы екіжақты келісімге өз ЭЦҚ-ыңызбен қол қоюыңыз қажет.
ҚОЛЖЕТІМДІ СОМАНЫ ҚАНДАЙ МАҚСАТТАРҒА ПАЙДАЛАНУҒА БОЛАДЫ?
Қаражаттың мақсатты пайдаланылуын растайтын (БЖЗҚ) төмендегі құжаттарды тапсыру керектігін еске саламыз:
• тұрғын үй жағдайын жақсарту үшін – 20 (11.12.2021 ж. бастап жарамды) жұмыс күні ішінде,
• емделу үшін - 45 жұмыс күні ішінде, БЖЗҚ-дан сіздің шотыңызға қаражат аударылған күннен бастап.
• тұрғын үй жағдайын жақсарту үшін – 20 (11.12.2021 ж. бастап жарамды) жұмыс күні ішінде,
• емделу үшін - 45 жұмыс күні ішінде, БЖЗҚ-дан сіздің шотыңызға қаражат аударылған күннен бастап.
Одан әрі жинақтау үшін тұрғын үй құрылысы жинақ ақшасына салымды толықтыру
Сіз «Отбасы Банкі» АҚ депозитін біржолғы зейнетақы төлемдері есебінен келесі бейне нұсқаулықты пайдалана отырып толтыра аласыз: https://youtu.be/8QxUiEstMek
«Одан әрі жинақтау үшін тұрғын үй құрылысы жинақ ақшасына салымды толықтыру» мақсатын таңдаған кезде осы мақсаттың тұрғын үй құрылыс жинақтары жүйесі бойынша ипотекалық тұрғын үй қарыздары келесі аталғандар үшін түскен күннен бастап 3 жыл ішінде оны кейіннен алу (қайта қаржыландыру) үшін ғана ақша жинақтауды білдіретінін ескеру қажет:
- тұрғын үй сатып алу;
- тұрғын үй сатып алу, оның ішінде бір банктік қарыз шарты шеңберінде жөндеу жүргізу;
- жеке тұрғын үй құрылысы (нысаналы мақсаты бар жер учаскесін сатып алуды қоса алғанда – жеке тұрғын үй құрылысы немесе жеке қосалқы шаруашылық)
Отбасы банктегі өз салымыңызды толықтыру үшін біржолғы зейнетақы төлемдері арнайы шотқа түскеннен кейін толықтырылатын депозитті таңдап, аударым жасау қажет.
Бұл ретте сондай-ақ келесі жағдайларда платформада салымның көрсетілмейтінін ескеру қажет:
- салымда уәкілетті органдар және өзге үшінші тұлғалар қойған талаптар және(немесе) шектеулер бар;
- Банк салымдағы ақшаны банктік қарыз шарты бойынша қамтамасыз ету ретінде қабылдады;
- салым қамтамасыз ету (кепілдік) болып табылады;
- салым "Онлайн-басқаға беру" аукционының қатысушысы болып табылады;
- салым сыйлық сертификаты болып табылады.
Азаматтық-құқықтық мәмілелер бойынша жеке меншікке тұрғын үй сатып алу (түпкілікті есеп айырысу)
Сіз пәтер, жеке тұрғын үй, жатақхана бөлмесін сатып алуыңызға болады. Тұрғын үйді бастапқы немесе қайталама нарықтан, сондай-ақ салынып жатқан үйден ҚР заңнамасына сәйкес кепілдігі бар тұрғын үй құрылысына үлестік қатысу, айырбастау арқылы сатып алуға болады. Тұрғын үйді сатып алу үшін біржолғы зейнетақы төлемдерінің сомасы жеткіліксіз болған жағдайда басқа көздерден қаражат (біржолғы зейнетақы төлемдері + меншікті және (немесе) өзге де қаражат) тартуға жол беріледі, бұл ретте біржолғы зейнетақы төлемдерінің сомасы барлық төлемдер жасалғаннан кейін ғана төленетін болады.
Мақсатты растау үшін қажетті құжаттар тізімі:
- тұрғын үйді сатып алу-сату, айырбастау (алмасу) шарты, тұрғын үйге меншік құқығын растайтын өзге де құқық белгілейтін құжаттар.
- eGov.kz порталының жеке кабинетінде Сіз (біржолғы зейнетақы төлемдерін алушы) құрастырған және ЭЦҚ-мен қол қойылған жылжымайтын мүлікке тіркелген құқықтар (ауыртпалықтар) және оның техникалық сипаттамалары туралы анықтама
- ақшаны алу туралы нотариалды куәландырылған қолхат/өтініш, құқық белгілейтін құжатқа тіркелген қосымша келісім (құқық белгілейтін құжатта сатушыға ақша қаражатын басқа көздерден беру фактісі болмаған жағдайда);
- біржолғы зейнетақы төлемдерінің сомасын аударуға арналған шоттың деректемелері көрсетілген, банк берген, сатушының банктік деректемелері бар құжат (құқық белгілейтін құжатта сатушы шотының деректемелері болмаған жағдайда).
* Сатып алынатын тұрғын үйге құқық белгілейтін құжатта төлемнің мөлшері мен мерзімі, төлемнің қандай қаражат есебінен жүзеге асырылатын көздері (біржолғы зейнетақы төлемдері, меншікті және (немесе) өзге де қаражат), сондай-ақ біржолғы зейнетақы төлемдері аударылатын сатушының шот деректемелері (ЖСК, БСК, ЖСН/БСН) болуы тиіс.
Ипотекалық тұрғын үй қарызы бойынша берешекті ішінара өтеу (оның ішінде ислам банкінің қаржыландыруы шеңберінде)
Сіз кез келген банктен немесе ипотекалық компаниядан алынған тұрғын үй сатып алуға арналған немесе бір банктік қарыз шарты аясында жөндеу жүргізілумен тұрғын үйді сатып алуға арналған қарыз бойынша берешекті ішінара өтей аласыз. Сондай-ақ, Сіз, жеке қосалқы шаруашылық немесе жеке тұрғын үй құрылысы мақсатына арнап жер телімін сатып алуды қоса алғанда, тұрғын үй құрылыс жинақ жүйесі арқылы алынған, жеке тұрғын үй құрылысына берілген қарызды өтей аласыз.
Мақсатты растау үшін қажетті құжаттар тізімі:
- * несие берешегінің болуы және қалдығы туралы анықтама. Анықтаманың жарамдылық мерзімі берілген күннен бастап 15 жұмыс күні.
Анықтамада мыналар болуы керек:
- Анықтамада мыналар болуы керек:
- банктің атауы немесе банк филиалының атауы;
- қарыз алушының аты-жөні, ЖСН;
- банктік қарыз шартының деректемелері (бар болса мерзімі);
- банктік қарыз шарты бойынша берілген қарыздың мақсаты;
- біржолғы зейнетақы төлемдерінің нысаналы мақсаты: тұрғын үй сатып алуға арналған немесе бір банктік қарыз шарты аясында жөндеу жүргізілумен тұрғын үйді сатып алуға арналған ипотекалық тұрғын үй қарызы бойынша берешекті ішінара өтеу;
- несие берешегінің қалдығы;
- банктің уәкілетті тұлғасының аты-жөні, лауазымы және қолы;
* банктік қарыз шарты (анықтамада ипотекалық тұрғын үй қарызының мақсаты туралы ақпарат болмаған жағдайда).
Ипотекалық тұрғын үй қарызы бойынша берешекті толық өтеу (оның ішінде ислам банкінің қаржыландыруы шеңберінде)
Сіз кез келген банктен немесе ипотекалық компаниядан алынған тұрғын үй сатып алуға арналған немесе бір банктік қарыз шарты аясында жөндеу жүргізілумен тұрғын үйді сатып алуға арналған қарыз бойынша берешекті толық өтей аласыз. Сондай-ақ, Сіз, жеке қосалқы шаруашылық немесе жеке тұрғын үй құрылысы мақсатына арнап жер телімін сатып алуды қоса алғанда, тұрғын үй құрылыс жинақ жүйесі арқылы алынған, жеке тұрғын үй құрылысына берілген қарызды өтей аласыз.
Мақсатты растау үшін қажетті құжаттар тізімі:
- * несие берешегінің болуы және қалдығы туралы анықтама. Анықтаманың жарамдылық мерзімі берілген күннен бастап 15 жұмыс күні.
Анықтамада мыналар болуы керек:
- банктің атауы немесе банк филиалының атауы;
- қарыз алушының аты-жөні, ЖСН;
- банктік қарыз шартының деректемелері;
- шарт бойынша берілген қарыздың мақсаты;
- біржолғы зейнетақы төлемдерінің нысаналы мақсаты: тұрғын үй сатып алуға арналған немесе бір банктік қарыз шарты аясында жөндеу жүргізілумен тұрғын үйді сатып алуға арналған ипотекалық тұрғын үй қарызы
- бойынша берешекті толық өтеу;
- несие берешегінің қалдығы;
- банктің уәкілетті тұлғасының аты-жөні, лауазымы және қолы.
* банктік қарыз шарты (анықтамада ипотекалық тұрғын үй қарызының мақсаты туралы ақпарат болмаған жағдайда).
Тұрғын үй құрылыс жинақтары жүйесі бойынша ипотекалық қарыз бойынша берешекті ішінара өтеу
Сіз кез келген банктен немесе ипотекалық компаниядан алынған тұрғын үй сатып алуға арналған немесе бір банктік қарыз шарты аясында жөндеу жүргізілумен тұрғын үйді сатып алуға арналған қарыз бойынша берешекті ішінара өтей аласыз. Сондай-ақ, Сіз, жеке қосалқы шаруашылық немесе жеке тұрғын үй құрылысы мақсатына арнап жер телімін сатып алуды қоса алғанда, тұрғын үй құрылыс жинақ жүйесі арқылы алынған, жеке тұрғын үй құрылысына берілген қарызды өтей аласыз.
Мақсатты растау үшін қажетті құжаттар тізімі:
- * несие берешегінің болуы және қалдығы туралы анықтама. Анықтаманың жарамдылық мерзімі берілген күннен бастап 15 жұмыс күні.
Анықтамада мыналар болуы керек:
- банктің атауы немесе банк филиалының атауы;
- қарыз алушының аты-жөні, ЖСН;
- банктік қарыз шартының деректемелері;
- шарт бойынша берілген қарыздың мақсаты;
- біржолғы зейнетақы төлемдерінің нысаналы мақсаты: тұрғын үй сатып алуға арналған немесе бір банктік қарыз шарты аясында жөндеу жүргізілумен тұрғын үйді сатып алуға арналған ипотекалық тұрғын үй қарызы бойынша берешекті ішінара өтеу;
- несие берешегінің қалдығы;
- банктің уәкілетті тұлғасының аты-жөні, лауазымы және қолы;
* банктік қарыз шарты (анықтамада ипотекалық тұрғын үй қарызының мақсаты туралы ақпарат болмаған жағдайда).
"Отбасы Банк" АҚ клиенттерінен осы мақсат бойынша өтінім бергеннен кейін Банктің сайты арқылы кезекті алдын ала брондауыңызды сұраймыз.
Тұрғын үй құрылыс жинақтары жүйесі бойынша ипотекалық қарыз бойынша берешекті толық өтеу
Сіз кез келген банктен немесе ипотекалық компаниядан алынған тұрғын үй сатып алуға арналған немесе бір банктік қарыз шарты аясында жөндеу жүргізілумен тұрғын үйді сатып алуға арналған қарыз бойынша берешекті ішінара немесе толық өтей аласыз. Сондай-ақ, Сіз, жеке қосалқы шаруашылық немесе жеке тұрғын үй құрылысы мақсатына арнап жер телімін сатып алуды қоса алғанда, тұрғын үй құрылыс жинақ жүйесі арқылы алынған, жеке тұрғын үй құрылысына берілген қарызды өтей аласыз.
Мақсатты растау үшін қажетті құжаттар тізімі:
- * несие берешегінің болуы және қалдығы туралы анықтама. Анықтаманың жарамдылық мерзімі берілген күннен бастап 15 жұмыс күні.
Анықтамада мыналар болуы керек:
- банктің атауы немесе банк филиалының атауы;
- қарыз алушының аты-жөні, ЖСН;
- банктік қарыз шартының деректемелері;
- шарт бойынша берілген қарыздың мақсаты;
- біржолғы зейнетақы төлемдерінің нысаналы мақсаты: тұрғын үй сатып алуға арналған немесе бір банктік қарыз шарты аясында жөндеу жүргізілумен тұрғын үйді сатып алуға арналған ипотекалық тұрғын үй қарызы бойынша берешекті ішінара немесе толық өтеу;
- несие берешегінің қалдығы;
- банктің уәкілетті тұлғасының аты-жөні, лауазымы және қолы.
* банктік қарыз шарты (анықтамада ипотекалық тұрғын үй қарызының мақсаты туралы ақпарат болмаған жағдайда).
"Отбасы Банк" АҚ клиенттерінен осы мақсат бойынша өтінім бергеннен кейін Банктің сайты арқылы кезекті алдын ала брондауыңызды сұраймыз.
Сатып алу, жекешелендіру, бөліп төлеу арқылы сатып алу-сату құқығымен тұрғын үйді ұзақ мерзімді жалдау шарттары бойынша ішінара төлеу
Сатып алу құқығымен тұрғын үйді ұзақ мерзімді жалдау шарттары бойынша
Егер Сіз тұрғын үй құрылысы бағдарламалары мен дағдарысқа қарсы бағдарламалар аясында сатып алу құқығымен жалдау шартын жасасқан болсаңыз, онда Сіз осы мақсат шеңберінде біржолғы зейнетақы төлемдері есебінен тұрғын үйді ұзақ мерзімді жалдау шарттары бойынша берешекті ішінара төлей аласыз.
Мақсатты растау үшін қажетті құжаттар тізімі:
- *сатып алу құқығымен жалдау шарты бойынша берешектің деректемелері мен сомасы туралы, жалдау объектісінің нысаналы мақсаты туралы, жалдау бойынша берешекті өтеу үшін біржолғы зейнетақы төлемдерін аударуға қажетті шоттың банктік деректемелері туралы ұйымның уәкілетті тұлғасының қолы қойылған анықтама.
Жекешелендіру шарттары бойынша
Егер Сіз жекешелендіру шартын жасассаңыз, онда Сіз осы мақсат шеңберінде біржолғы зейнетақы төлемдері есебінен жекешелендіру шарты бойынша бастапқы жарна/ішінара төлем жасай аласыз.
Мақсатты растау үшін қажетті құжаттар тізімі:
- * алушының атына ресімделген жекешелендіру шарты;
- * жекешелендіру шарты бойынша тұрғын үйді беретін ұйымнан немесе мемлекеттік органнан жекешелендіру шарты бойынша бастапқы жарнаның/ ішінара төлемнің/берешектің сомасы туралы, жекешелендіру шарты бойынша жарнаны жүзеге асыру үшін біржолғы зейнетақы төлемдерін аударуға қажетті шоттың банктік деректемелері туралы анықтама/ хат.
- * eGov.kz порталының жеке кабинетінде Сіз (біржолғы зейнетақы төлемдерін алушы) құрастырған және ЭЦҚ-мен қол қойылған жылжымайтын мүлікке тіркелген құқықтар (ауыртпалықтар) және оның техникалық сипаттамалары туралы анықтама.
тұрғын үйді өтеулі сатып алу кезінде және/немесе жекешелендіру шарты бойынша өзге де жағдайлар кезінде меншік құқығын тіркеу болмағанда он жылға дейінгі мерзімге бөліп төлеумен тұрғын үй сатып алған жағдайда растайтын құжаттар мыналар болып табылады:
- алушының атына ресімделген жекешелендіру шарты;
- жекешелендіру шарты бойынша тұрғын үйді беретін ұйымнан немесе мемлекеттік органнан жекешелендіру шарты бойынша бастапқы жарнаның/ішінара төлемнің/берешектің сомасы туралы, жекешелендіру шарты бойынша жарнаны жүзеге асыру үшін біржолғы зейнетақы төлемдерін аударуға қажетті шоттың банктік деректемелері туралы анықтама/хат.
* Сатып алынатын тұрғын үйге құқық белгілейтін құжатта төлемнің мөлшері мен мерзімі, төлемнің қандай қаражат есебінен жүзеге асырылатын көздері (біржолғы зейнетақы төлемдері, меншікті және (немесе) өзге де қаражат), сондай-ақ біржолғы зейнетақы төлемдері аударылатын сатушының шот деректемелері (ЖСК, БСК, ЖСН/БСН) болуы тиіс.
Бөліп төлеумен сатып алу-сату шарттары бойынша
Тұрғын үйді бөліп төлеумен сатып алу-сату шарты бойынша сатып алған жағдайда Сіз біржолғы зейнетақы төлемдері есебінен бастапқы жарнаны/ішінара/толық төлем жасай аласыз.
Мақсатты растау үшін қажетті құжаттар тізімі:
- өтеу кестесімен (кесте болған жағдайда) төлемді бөліп төлеу талабымен алушының атына ресімделген тұрғын үйді сатып алу-сату шарты;
- eGov.kz порталының жеке кабинетінде Сіз (біржолғы зейнетақы төлемдерін алушы) құрастырған және ЭЦҚ-мен қол қойылған жылжымайтын мүлікке тіркелген құқықтар (ауыртпалықтар) және оның техникалық сипаттамалары туралы анықтама;
- бөліп төлеу бойынша берешек сомасы, бөліп төлеу бойынша берешекті өтеу үшін біржолғы зейнетақы төлемдерін аударуға қажетті шоттың банктік деректемелері туралы сатушыдан (жеке тұлға, заңды тұлға) анықтама/хат.
Cатып алу, жекешелендіру, бөліп төлеу арқылы сатып алу-сату құқығымен тұрғын үйді ұзақ мерзімді жалдау шарттары бойынша толық ақы төлеу
Сатып алу құқығымен тұрғын үйді ұзақ мерзімді жалдау шарттары бойынша
Егер Сіз бұрын тұрғын үй құрылысы бағдарламалары мен дағдарысқа қарсы бағдарламалар шеңберінде сатып алу құқығымен жалдау шартын жасасқан болсаңыз, онда Сіз біржолғы зейнетақы төлемдері есебінен ұзақ мерзімді жалдау шарттары бойынша берешекті толық төлей аласыз.
Мақсатты растау үшін қажетті құжаттар тізімі:
- *сатып алу құқығымен жалдау шарты бойынша берешектің деректемелері мен сомасы туралы, жалдау объектісінің нысаналы мақсаты туралы, жалдау бойынша берешекті өтеу үшін біржолғы зейнетақы төлемдерін аударуға қажетті шоттың банктік деректемелері туралы ұйымның уәкілетті тұлғасының қолы қойылған анықтама.
Жекешелендіру шарттары бойынша
Егер Сіз бұрын жекешелендіру шартын жасасқан болсаңыз, онда Сіз осы мақсат шеңберінде біржолғы зейнетақы төлемдері есебінен жекешелендіру шарты бойынша толық төлем жасай аласыз.
Мақсатты растау үшін қажетті құжаттар тізімі:
- алушының атына ресімделген жекешелендіру шарты;
- eGov.kz порталының жеке кабинетінде Сіз (біржолғы зейнетақы төлемдерін алушы) құрастырған және ЭЦҚ-мен қол қойылған жылжымайтын мүлікке тіркелген құқықтар (ауыртпалықтар) және оның техникалық сипаттамалары туралы анықтама;
- * жекешелендіру шарты бойынша тұрғын үйді беретін ұйымнан немесе мемлекеттік органнан жекешелендіру шарты бойынша бастапқы жарнаның/ ішінара төлемнің/берешектің сомасы туралы, жекешелендіру шарты бойынша жарнаны жүзеге асыру үшін біржолғы зейнетақы төлемдерін аударуға қажетті шоттың банктік деректемелері туралы анықтама/ хат.
тұрғын үйді өтеулі сатып алу кезінде және/немесе жекешелендіру шарты бойынша өзге де жағдайлар кезінде меншік құқығын тіркеу болмағанда он жылға дейінгі мерзімге бөліп төлеумен тұрғын үй сатып алған жағдайда растайтын құжаттар мыналар болып табылады:
- алушының атына ресімделген жекешелендіру шарты;
- * жекешелендіру шарты бойынша тұрғын үйді беретін ұйымнан немесе мемлекеттік органнан жекешелендіру шарты бойынша бастапқы жарнаның/ ішінара төлемнің/берешектің сомасы туралы, жекешелендіру шарты бойынша жарнаны жүзеге асыру үшін біржолғы зейнетақы төлемдерін аударуға қажетті шоттың банктік деректемелері туралы анықтама/ хат.
* Сатып алынатын тұрғын үйге құқық белгілейтін құжатта төлемнің мөлшері мен мерзімі, төлемнің қандай қаражат есебінен жүзеге асырылатын көздері (біржолғы зейнетақы төлемдері, меншікті және (немесе) өзге де қаражат), сондай-ақ біржолғы зейнетақы төлемдері аударылатын сатушының шот деректемелері (ЖСК, БСК, ЖСН/БСН) болуы тиіс.
Бөліп төлеу арқылы сатып алу-сату шарттары бойынша
Егер Сіз бөліп төлеу арқылы сатып алу-сату шартын жасасқан болсаңыз, онда Сіз біржолғы зейнетақы төлемдерінің есебінен бөліп төлеу арқылы сатып алу-сату шарты бойынша толық төлем жасай аласыз.
Мақсатты растау үшін қажетті құжаттар тізімі:
- тұрғын үйді сатып алу-сату, айырбастау (алмасу) шарты, өтеу кестесімен (кесте болған жағдайда) бөліп төлеу талабы бойынша алушының атына ресімделген, тұрғын үйге меншік құқығын растайтын өзге де құқық белгілейтін құжаттар*;
- eGov.kz порталының жеке кабинетінде Сіз (біржолғы зейнетақы төлемдерін алушы) құрастырған және ЭЦҚ-мен қол қойылған жылжымайтын мүлікке тіркелген құқықтар (ауыртпалықтар) және оның техникалық сипаттамалары туралы анықтама;
- бөліп төлеу бойынша берешек сомасы, бөліп төлеу бойынша берешекті өтеу үшін біржолғы зейнетақы төлемдерін аударуға қажетті шоттың банктік деректемелері туралы сатушыдан (жеке тұлға, заңды тұлға) анықтама/хат.
Жеке тұрғын үй құрылысы (меншігінде жер учаскесі болған жағдайда)
Сіз біржолғы зейнетақы төлемдері есебінен немесе өз қаражатыңыздан және біржолғы зейнетақы төлемдерінен тұратын жалпы сома есебінен жеке тұрғын үй (меншігінде жеке тұрғын үй құрылысы немесе жеке қосалқы шаруашылық үшін пайдалану мақсатындағы жер учаскесі болған жағдайда) салуға болады.
Қаражат алу үшін қажетті құжаттар тізімі:
- жер учаскесін сатып алу-сату, айырбастау шарты, жер учаскесіне (жеке қосалқы шаруашылық немесе жеке тұрғын үй құрылысы үшін пайдалану мақсатындағы) меншік құқығын/жер пайдалану құқығын растайтын өзге де құқық белгілеуші құжаттар*;
- жер учаскесіне жеке меншік құқығына акт;
- eGov.kz порталының жеке кабинетінде Сіз (біржолғы зейнетақы төлемдерін алушы) құрастырған және ЭЦҚ-мен қол қойылған жылжымайтын мүлікке тіркелген құқықтар (ауыртпалықтар) және оның техникалық сипаттамалары туралы анықтама.
- жеке тұрғын үй құрылысы бойынша құжаттар:
- тиісті лицензиясы бар құрылыс компаниясымен жасалған мердігерлік шарт* (жеке тұрғын үй құрылысын толық аяқтауды көздейтін). Алушы құрылыс үшін соманың бір бөлігін өз қаражаты есебінен төлеген жағдайда, алушының өз қаражаты есебінен ішінара ақы төлеу фактісі тіркелген мердігерлік шартқа қосымша келісімді немесе ақы төлеу фактісін растайтын басқа да құжаттарды ұсыну қажет;
- құрылыс-құрастыру жұмыстарына құрылыс компаниясының лицензиясы.
Отбасы банкіндегі тұрғын үй құрылыс жинақ жүйесі бойынша ипотекалық тұрғын үй заемын алу
Сіз пәтер, жеке тұрғын үй, жатақханадан бөлме сатып ала аласыз. Тұрғын үйді бастапқы немесе қайталама нарықтан сатып алуға болады. Сондай-ақ, бір банктік қарыз шартының аясында жөндеу жүргізу арқылы тұрғын үй сатып алуға, жеке тұрғын үй құрылысын жүргізуге (жеке қосалқы шаруашылық немесе жеке тұрғын үй құрылысы нысаналы мақсатындағы жер учаскесін сатып алуды қоса алғанда) болады.
Осы мақсат бойынша өтінім бергеннен кейін Банк қызметкерлері Сізбен хабарласады және рәсім мен қажетті құжаттар бойынша толық кеңес береді.
Тұрғын үй сатып алуға ипотекалық тұрғын үй қарызын алу үшін бастапқы жарнаны енгізу (оның ішінде ислам банкінің қаржыландыруы шеңберінде)
Сіз пәтер, жеке тұрғын үй, жатақханадан бөлме сатып ала аласыз. Тұрғын үйді бастапқы немесе қайталама нарықта сатып алуға болады. Сондай-ақ бір банктік қарыз шарты аясында тұрғын үйді жөндеу жұмыстарымен қоса алуға болады.
Мақсатты растауға арналған қажетті құжаттар тізбесі:
- *Банктың, ипотекалық ұйымның уәкілетті тұлғасының қолы қойылған, уәкілетті органның алушыға тұрғын үй сатып алуға арналған немесе бір банктік қарыз шарты аясында жөндеу жүргізілумен тұрғын үйді сатып алуға арналған ипотекалық тұрғын үй қарызын мақұлдауы туралы (біржолғы зейнетақы төлемдерін пайдалана отырып), осындай қарыз бойынша сомасын, мақсатын және бастапқы жарна мөлшерін көрсете отырып, кепілхат.Кепілхаттың әрекет ету мерзімі берілген күннен бастап 15 жұмыс күні.
Тұрғын үй құрылысына үлестік қатысу туралы шарт бойынша тұрғын үйді (пәтерді) сатып алу (түпкілікті есеп айырысу)
Сіз ҚР заңнамасына сәйкес кепілдігі (ҚЖК кепілдігі) бар тұрғын үй құрылысына үлестік қатысу арқылы салынып жатқан үйден тұрғын үй сатып алуыңызға болады. Тұрғын үй сатып алу үшін біржолғы зейнетақы төлемдерінің сомасы жеткіліксіз болған жағдайда басқа көздерден қаражат (біржолғы зейнетақы төлемдері + өз қаражаты) тартуға жол беріледі, бұл ретте біржолғы зейнетақы төлемдерінің сомасы барлық төлемдер жасалғаннан кейін ғана төленетін болады.
Көп пәтерлі тұрғын үйдің тұрғын үй құрылысына үлестік қатысу жолымен тұрғын үйді сатып алған жағдайда (тұрғын үй құрылысына үлестік қатысу туралы заңнамаға сәйкес кепілдік болған кезде) мақсатты растау үшін қажетті құжаттар тізімі:
- тұрғын үй құрылысына үлестік қатысу туралы шарт/бұрынғы үлескерге ресімделген, тұрғын үй құрылысына үлестік қатысу туралы шартты қоса бере отырып, алушының атына ресімделген цессия шарты;
- тұрғын үй құрылысына үлестік қатысу туралы шарттың/цессия шартының есептік жазбасы туралы үзінді көшірме
- құрылыс салушыдан төлемнің мөлшері мен мерзімдері, қандай қаражат есебінен төлем жүзеге асырылатын көздер (біржолғы зейнетақы төлемдері, меншікті және (немесе) өзге де қаражат), сондай-ақ біржолғы зейнетақы төлемдері аударылуға тиіс сатушы шотының деректемелері көрсетілген хат (үлескердің үлестік қатысу шартына қосымша болып табылатын көп пәтерлі тұрғын үйдегі үлесін төлеу кестесінде мәліметтерді көрсету мүмкін болмаған жағдайда).
* Сатып алынатын тұрғын үйге құқық белгілейтін құжатта төлемнің мөлшері мен мерзімі, төлемнің қандай қаражат есебінен жүзеге асырылатын көздері (біржолғы зейнетақы төлемдері, меншікті және (немесе) өзге де қаражат), сондай-ақ біржолғы зейнетақы төлемдері аударылатын сатушының шот деректемелері (ЖСК, БСК, ЖСН/БСН) болуы тиіс.
Мақсатты растау үшін қажетті құжаттар тізімі (біржолғы зейнетақы төлемдерін алған күннен бастап 24 ай ішінде беріледі):
- eGov.kz порталының жеке кабинетінде Сіз (біржолғы зейнетақы төлемдерін алушы) құрастырған және ЭЦҚ-мен қол қойылған жылжымайтын мүлікке тіркелген құқықтар (ауыртпалықтар) және оның техникалық сипаттамалары туралы анықтама. БЗТ-ның мақсатты пайдаланылуын растайтын құжаттар 24 ай ішінде ұсынылмаған жағдайда, БЗТ қаражаты БЖЗҚ-ға қайтарылуы тиіс.
МАҢЫЗДЫ!
Келесі аталған:
Келесі аталған:
- тұрғын үй құрылысына үлестік қатысу туралы шартты бұзған;
- тұрғын үй құрылысына үлестік қатысу туралы шарт бойынша құқықты басқаға берген жағдайларда
біржолғы зейнетақы төлемінің сомасын Сіз 3 (үш) жұмыс күні ішінде БЖЗҚ-дағы шотқа қайтаруға тиіссіз.
Жеке тұрғын үй құрылысы немесе жеке қосалқы шаруашылық үшін пайдалану мақсатындағы жер учаскесін азаматтық-құқықтық мәмілелер бойынша меншікке сатып алу (түпкілікті есеп айырысу)
Сіз жер учаскесін (жеке қосалқы шаруашылық немесе жеке тұрғын үй құрылысы үшін пайдалану мақсатындағы) біржолғы зейнетақы төлемдері есебінен немесе кейіннен жеке тұрғын үй салу үшін өз қаражатыңыздан және біржолғы зейнетақы төлемдерінен тұратын жалпы сома есебінен сатып алуыңызға болады.
Қажетті құжаттар тізімі:
- жер учаскесін сатып алу-сату, айырбастау шарты, жер учаскесіне (жеке қосалқы шаруашылық немесе жеке тұрғын үй құрылысы үшін пайдалану мақсатындағы) меншік құқығын/жер пайдалану құқығын растайтын өзге де құқық белгілеуші құжаттар;
- жер учаскесіне жеке меншік құқығына акт;
- жылжымайтын мүлікке (жер учаскесіне) тіркелген құқықтар (ауыртпалықтар) және оның техникалық сипаттамалары туралы анықтама;
Емделу
Емдеу мақсаттары:
• Орфандық ауруларды емдеу
• Стоматологиялық қызметтер
• Реконструктивті және қалпына келтіру
(пластикалық) операциялары
• Радионуклидтік және радиойодтерапия
• Радиохирургиялық емдеу
• Протон терапиясы
• Офтальмологиялық қызметтер
• Орфандық ауруларды емдеу
• Стоматологиялық қызметтер
• Реконструктивті және қалпына келтіру
(пластикалық) операциялары
• Радионуклидтік және радиойодтерапия
• Радиохирургиялық емдеу
• Протон терапиясы
• Офтальмологиялық қызметтер
Зейнетақы жинақтарын ЕМДЕЛУГЕ пайдалану туралы өтінімді қалай ресімдеуге болады:
- Біржолғы зейнетақы төлеміне өтініш беріңіз және электрондық цифрлық қолтаңбаңызбен қол қойыңыз.
- БЖЗҚ 5 жұмыс күні ішінде біржолғы зейнетақы төлемдерінің сомасын сіздің "Отбасы Банк" АҚ арнайы шотыңызға аударады.
- Қаражат арнайы шотқа түскеннен кейін, диагностика жүргізу үшін бейінді медициналық маманға хабарласыңыз.
- Бейінді маманның қорытындысын алғаннан кейін, тіркелген жеріңіз (тіркелу орнын E-Gov.kz порталынан білуге болады) бойынша медициналық ұйымға хабарласыңыз және ол жерде жеке басыңызды куәландыратын құжаттың көшірмесін қоса бере отырып, дәрігерлік комиссияның қорытындысын беру туралы өтініш беріңіз.
- Дәрігерлік комиссия өтініш берген күннен бастап 5 жұмыс күні ішінде не емделуге жолдама беру туралы, не бас тарту туралы шешім қабылдайды.
2 жұмыс күні ішінде комиссия хатшысы сізге қорытынды береді. - Оң қорытындыны алғаннан кейін емделгіңіз келетін медициналық ұйымды таңдап, онымен келісім жасайсыз. Шартта медициналық қызметтің түрі, дәрігерлік комиссияның қорытындысында көрсетілген диагноз, сома және медициналық ұйымның деректемелері көрсетілуі тиіс
- Enpf-otbasy.kz платформасына PDF форматтағы дәрігерлік комиссияның қорытындысын және медициналық ұйыммен жасалған шартты жүктеңіз.
- "Отбасы Банк" АҚ 5 жұмыс күні ішінде құжаттардың сәйкестігін тексереді және cіздің арнайы шотыңыздағы қаражатты шартта көрсетілген деректемелер бойынша медициналық ұйымға аударады.
Тұрғын үй құрылыс жинақтары жүйесі бойынша ипотекалық тұрғын үй қарызын қайта қаржыландыру
Сіз "Отбасы Банк" АҚ және екінші деңгейдегі банкінде тұрғын үй сатып алуға (оның ішінде жөндеу жүргізе отырып), жеке тұрғын үй салуға (жер телімін сатып алуды қоса алғанда) басқа банктер берген ипотекалық тұрғын үй қарыздарын қайта қаржыландыра аласыз. Мақсатты растау үшін қажетті құжаттар тізімі: Банктың, ипотекалық ұйымның уәкілетті тұлғасының қолы қойылған анықтама. Анықтаманың жарамдылық мерзімі берілген күннен бастап 15 жұмыс күні.
Анықтамада мыналар болуы керек:
- банктің атауы немесе банк филиалының атауы;
- Қарыз алушының аты-жөні, ЖСН;
- банктік қарыз шартының деректемелері;
- шарт бойынша берілген қарыздың бастапқы мақсаты;
- біржолғы зейнетақы төлемінің нысаналы мақсаты;
- несие берешегінің қалдығы;
- Банктің уәкілетті тұлғасының аты-жөні, лауазымы және қолы.
Тұрғын үй құрылыс жинақтары жүйесі бойынша жеке тұрғын үй салу үшін ипотекалық тұрғын үй қарызын алу (жер учаскесін сатып алуды қоса алғанда)
Сіз біржолғы зейнетақы төлемдері есебінен немесе өз қаражатыңыздан және біржолғы зейнетақы төлемдерінен тұратын жалпы сома есебінен жеке тұрғын үй салуыңызға (оның ішінде жеке қосалқы шаруашылық немесе жеке тұрғын үй құрылысы үшін пайдалану мақсатындағы жер учаскесін сатып алуыңызға) болады.
Қаражат алу үшін қажетті құжаттар тізімі:
- ер учаскесін сатып алу-сату, айырбастау шарты, жер учаскесіне (жеке қосалқы шаруашылық немесе жеке тұрғын үй құрылысы үшін пайдалану мақсатындағы) меншік құқығын/жер пайдалану құқығын растайтын өзге де құқық белгілеуші құжаттар*;
- жер учаскесіне жеке меншік құқығына акт, уақытша өтеулі жер пайдалану (жалдау) құқығына акт;
- жылжымайтын мүлікке (жер учаскесіне) тіркелген құқықтар (ауыртпалықтар) және оның техникалық сипаттамалары туралы анықтама;
- жеке тұрғын үй құрылысы бойынша құжаттар:
- тиісті лицензиясы бар құрылыс компаниясымен жасалған мердігерлік шарт * (жеке тұрғын үй құрылысын толық аяқтауды көздейтін). Алушы құрылыс үшін соманың бір бөлігін өз қаражаты есебінен төлеген жағдайда, алушының өз қаражаты есебінен ішінара ақы төлеу фактісі тіркелген мердігерлік шартқа қосымша келісімді немесе ақы төлеу фактісін растайтын басқа да құжаттарды ұсыну қажет;
- құрылыс-құрастыру жұмыстарына құрылыс компаниясының лицензиясы.
* жер учаскесіне құқық белгілейтін құжатта (егер жер учаскесі біржолғы зейнетақы төлемі есебінен сатып алынған жағдайда), жеке тұрғын үй салуға арналған мердігерлік шартта біржолғы зейнетақы төлемдерінің көзі, мөлшері және төлеу мерзімдері (әрбір көз бөлігінде) бойынша тармақтың болуы міндетті
МАҢЫЗДЫ!
Келесі аталған:
Келесі аталған:
- тұрғын үй құрылыс жинақтары туралы шартты бұзған;
- тұрғын үй құрылысы жинақ ақшасы туралы шарт бойынша құқықтарды басқаға берген жағдайларда біржолғы зейнетақы төлемінің сомасын Сіз 3 (үш) жұмыс күні ішінде БЖЗҚ-дағы шотқа қайтаруға тиіссіз
Қол жетімді соманы пайдалану туралы өтінімді қайда беру керек?
Әрбір мақсат үшін қажетті құжаттардың толық тізімін білуді және өтінім беруді платформада жүргізе аласыз.
Өтініш беру үшін сізге жеке тұлғаның қолданыстағы электронды цифрлық қолтаңбасын (ЭЦҚ) пайдаланып, авторизациядан өту қажет.
Егер сіз жеке кәсіпкер болсаңыз, жеке кәсіпкерге берілген ЭЦҚ бұл жағдайда сәйкес келмейтінін ескеріңіз..
Арнайы шотты қалай ашу керек?
Сіз Otbasybank мобильді қосымшасында немесе біздің веб-сайттағы бейнебанк қызметі арқылы арнайы шот аша аласыз. Арнайы шотты қалай ашу керектігі туралы толық ақпаратты мына жерден біле аласыз.
Арнайы шоттағы зейнетақы төлемдері барынша қорғалатын болады, оларды өтініш берушінің қандай да бір басқа қарыздық міндеттемелері аясында есептен шығаруға болмайды.