Қолжетімді сома – бұл Сіз пайдалана алатын, жеткіліктілік шегінен асатын зейнетақы жинақтарының көлемі.
Жеткіліктілік шегі – зейнетақы жасына жеткен кезде зейнетақы төлеу үшін БЖЗҚ-дағы зейнетақы жинақтарының ең төменгі қажетті сомасы.
Мысалы, Сіз 35 жастасыз, Сіздің зейнетақы шотыңызда 7 000 000 теңге жинақталған, яғни:
Жеткіліктілік шегі: 5 060 000 теңге
Қолжетімді сома: 7 000 000 – 5 060 000 = 1 940 000 теңге
Импланттау операциясынсыз (алынбалы және алынбайтын протездермен протездеу) стоматологиялық қызметтер көрсету кезінде төлем екі кезеңмен жүргізіледі: протездеу басталғанға дейін және алынбалы немесе алынбайтын протездерді орнату алдында.Стоматологиялық импланттау бойынша стоматологиялық қызметтерді көрсету кезінде ДКК қорытындысын алу үшін құжаттар тізбесіне емдеуге дейінгі зерттеу жоспары, панорамалық немесе 3-Д рентген суреттері, стоматологиялық клиниканың лицензиясы ұсынылады. Бұл ретте, егер алдыңғы импланттау жүргізілген сәттен бастап 3 ай өтпесе, онда алдыңғы бақылау суреті пайдаланылады. Егер бұрын импланттау жасалмаса, диагностикалық суретті ұсыну қажет.Стоматологиялық импланттау кезінде ДКК-нің қайта қорытындысын алған кезде ортопедиялық конструкцияларды соңғы орнату алдында тіс импланты орнатылғаннан кейін панорамалық немесе 3-Д рентген-суреттер ұсынылады.Протездеу бойынша стоматологиялық қызметтерді көрсету кезінде ДКК қорытындысын алу үшін құжаттар тізбесіне протездеу басталғанға дейінгі зерттеу жоспары, панорамалық немесе 3-Д рентген-суреттер, стоматологиялық клиниканың лицензиясы ұсынылады.Тіс протездерін орнату кезінде ДКК-нің қайта қорытындысын алған кезде мыналар ұсынылады: бақылау рентген-суреті – қиюластыру кезеңінде алынбайтын протездерді бекітпес бұрын, пациенттің ауыз қуысында протезі бар фотосуреті – алынбалы протездерді орнатпас бұрын.
ХОТИТЕ УЗНАВАТЬ О НАШИХ АКЦИЯХ ПЕРВЫМИ?!