Шрифт көлемі:
Сайттың түсі:
Дауыстық көмекші

«Отбасы банкінде» депозитті қалай ашуға болады?

ӨЗІҢІЗГЕ ЫҢҒАЙЛЫ ӘДІСПЕН ДЕПОЗИТ АШЫҢЫЗ:
  • БІЗ СІЗДЕРГЕ ДЕПОЗИТТІ ҚАШЫҚТАН АШУДЫҢ ЕКІ ТӘСІЛІН ҰСЫНАМЫЗ:
    Біздің сайтта бейне қоңырау арқылы
    Өз бетіңізше - «Otbasybank» қосымшасы арқылы
    Бейне қоңырау арқылы депозит ашу
    Отбасы банкінде депозит ашу үшін енді тек бір рет қоңырау шалу жеткілікті! Ол үшін смартфон, планшет немесе камерасы бар және интернетке қосылған компьютер қажет.
    «Otbasybank» қосымшасында депозит ашу
    Отбасы банкінің ресми мобильдік қосымшасының көмегімен Сіз депозитті өзіңіз онлайн режимінде аша аласыз. Ол үшін қосымшаны смартфонға жүктеп, бірнеше қарапайым әрекеттерді орындау керек. Депозитті онлайн ашу жөніндегі нұсқаулықты мына жерден жүктеп алуға болады.
    Қосымшаны жүктеңіз де, бүгіннен бастап Отбасы банкіндегі депозитіңізге ақша жинай бастаңыз:
  • БІЗ СІЗДЕРГЕ ДӘСТҮРЛІ ЖОЛМЕН ДЕПОЗИТ АШУДЫҢ ТӨРТ ТӘСІЛІН ҰСЫНАМЫЗ:
    Отбасы банкінің кеңес берушілерінің
    Сіздің қалаңыздағы кеңес беру орталығында
    Біздің банктің кез келген бөлімшесінде
    Сізге жақын жерде орналасқан "Қазпошта" АҚ бөлімшесіне барып ашыңыз
    Сіз Шарт жасасуға бар болғаны 15 минут уақыт жұмсайсыз*
    *кезекте күту уақытын есептемегенде
    Мобильді кеңес берушілердің көмегімен депозит ашыңыз
    Сізге ыңғайлы болу үшін Қазақстанның әр қаласында Отбасы банкінің кеңес берушілері жұмыс істейді. Тәжірибелі маман Сіздің үйіңізге немесе кеңсеңізге Сізге ыңғайлы уақытта, соның ішінде демалыс немесе мереке күндері де келеді.
    Кеңес беру орталығында депозит ашу

    Қазақстанның барлық қалаларында біздің кеңес беру орталықтарымыз жұмыс істейді. Олардан Сіз қолданыстағы тарифтер мен бағдарламалар туралы толық және өзекті ақпарат ала аласыз. Кеңес беру орталықтарының қызметкерлері арнайы Сіз үшін жеке жинақтау жоспарын әзірлейді, сондай-ақ, Сіздің өңіріңізде салынып жатқан тұрғын үй нысанының ішінен Сізге ең қолайлысын таңдауға көмектеседі.

    Мекенжайлары мен жұмыс кестесі бар кеңес беру орталықтарының толық тізімін осы жерден көруге болады.

    Отбасы банкі бөлімшесінде депозитті ашу

    Сіз әрқашан өзіңізге жақын бөлімшені таңдап, қызметтердің толық кешенін білуге және білікті көмек алу үшін келе аласыз. Ол үшін біздің сайттағы онлайн-брондау сервисі арқылы бөлімшеге баруды алдын ала брондау қажет.

    Осы жерде жұмыс кестесімен және филиалдардың мекенжайларымен танысып, бару уақытын бірден брондауға болады.

    Қазпошта бөлімшелерінде депозит ашу

    Сіз біздің маманмен сөйлесіп алдыңыз ба және Сізге егжей-тегжейлі кеңес қажет емес пе? Қазпошта қызметтерін пайдаланыңыз. Қазпошта қызметкері банк бөлімшесіне бармай-ақ депозит ашып береді.

    Депозит ашуға болатын пошта бөлімшелерінің толық тізімін осы жерден қараңыз.

Дауыстық көмекші

сайтта дауыстық көмекшісі бар
мәтінді таңдап дыбыс деңгейі түймесін басу керек

ХОТИТЕ УЗНАВАТЬ О НАШИХ АКЦИЯХ ПЕРВЫМИ?!

Қоңырауға тапсырыс беру