- оған 2% көлеміндегі банк сыйақысы мен бір жыл ішінде жиналған соманың (200 айлық есептік көрсеткіштен аспайтын жинақ сомасына беріледі) 20%-на тең мемлекеттік сыйлықақы аударылады;
- ол Отбасылық пакеттің бір бөлігі бола алады, яғни бүкіл отбасының жинағы бойынша табысты арттыра алады;
- 3 жылдық жинақ мерзімі, келісім-шарт сомасының жартысы және қажетті Бағалау көрсеткіші деңгейіне жеткенде Балалар депозиті 5% және одан төмен мөлшерлемемен несие алуға мүмкіндік береді (депозит иесі 18-ге толған соң).
Ай сайын депозитке 20 000 теңгеден ғана салып отырған күннің өзінде 12 жыл ішінде жиналатын ақша сомасы:
Жинақ – 2 880 000 тг айына
Мемлекет сыйлықақысы* – 665 000 тг
Банк %-ы** – 440 000 тг
Жалпы жинақ – 3 985 326 тг
Осыдан кейін сіз 3 700 290 теңгені заем түрінде жылдық 3,5%
Сонда сіздің несие бойынша ай сайынғы төлеміңіз 11 500 теңгені құрайды.
Жылдық мөлшерлеме 3,5% до 5% аралығында*
Заем қарастырып, ұйымдастыру үшін 0% комиссия
Төлем қабілеттілігін растау рәсімі жеңілдетілген
*20% көлеміндегі мемлекет сыйлықақысы 200 айлық есептік көрсеткіштен аспайтын жинақ сомасына есептеледі
**Депозит бойынша жылдық тиімді мөлшерлеме 12,7%-ға дейін, несие бойынша жылдық тиімді мөлшерлеме 5,1%-ға дейін
МАҢЫЗДЫ!
Атына депозит ашылған бала 14-ке толмаса, депозитке қатысты барлық операциялар, атап айтқанда тұрғын үй құрылыс жинағы туралы келісім-шартты бұзу, депозитті біріктіру және бөлу, табыстау және бір бөлігін шешіп алу тек қамқоршылық және қорғаншылық органдарының келісімімен немесе шешімімен жүзеге асырылады.
Атына депозит ашылған бала 14 пен 16 жас аралығында болса, барлық операциялар оның жазбаша келісім арқылы ғана жүзеге асырылады.
Бала 18-ге толмаса, оның депозитін туған аға-әпкелерінің 18-ге толған балаларының, 18-ге толған немерелес аға-әпкелерінің, немерелес ата-әжелерінің атына аударуға болады.
Қазақстан Республикасының Неке және отбасы туралы кодексінің 128-бабына сәйкес, 18-ге толмаған баланың депозитін оның заңды өкілдерінің, қамқоршысының, олардың жұбайлары мен баланың жақын туыстарының атына тікелей аударуға болмайды.
Кәмелеттік жасқа толмаған бала заңды өкіл арқылы өз салымын тек немерелес ата-әжелерінің, немерелес аға-әпкелерінің атына ғана аудара алады.
Балалар депозитін табыстау (басқа адамның атына аудару) тек Банк бөлімшелерінде ғана жүргізіледі.
ХОТИТЕ УЗНАВАТЬ О НАШИХ АКЦИЯХ ПЕРВЫМИ?!