Шрифт көлемі:
Сайттың түсі:
Дауыстық көмекші
Балалар депозиті

Балалар депозиті

Сіз бала дүниеге келісімен Тұрғын үй құрылыс жинақ банкінде оның атына жеке депозит аша аласыз!
Балалар депозиті Тұрғын үй құрылыс жинақ банкі депозиттерінің барлық артықшылықтарына ие:

- оған 2% көлеміндегі банк сыйақысы мен бір жыл ішінде жиналған соманың (200 айлық есептік көрсеткіштен аспайтын жинақ сомасына беріледі) 20%-на тең мемлекеттік сыйлықақы аударылады;

- ол Отбасылық пакеттің бір бөлігі бола алады, яғни бүкіл отбасының жинағы бойынша табысты арттыра алады;

- 3 жылдық жинақ мерзімі, келісім-шарт сомасының жартысы және қажетті Бағалау көрсеткіші деңгейіне жеткенде Балалар депозиті 5% және одан төмен мөлшерлемемен несие алуға мүмкіндік береді (депозит иесі 18-ге толған соң).

Балалар депозитін қалай ашу керек?
Баланың жасы 14-ке толмаса:
14 жасқа дейінгі баланың атына депозитті тек ересек адамдар аша алады, ол ата-ана немесе басқадай заңды өкіл болуы мүмкін (мысалы, қамқоршы);
14 жасқа дейінгі баланың атына депозит ашарда оның туу туралы куәлігі қажет. Сондай-ақ ата-ананың/заңды өкілдің бірі өзінің жеке куәлігін ұсынуы тиіс.
Бала 14-ке толса:
14 жастан бастап бала Тұрғын үй құрылыс жинақ банкінен депозитті өз бетінше аша алады, бірақ ата-анасының келісімі қажет.
14 жасқа толған баладан да туу туралы куәлік талап етіледі, онымен келісім-шарт бекіту үшін заңды өкілінің жазбаша рұқсаты қажет болады.
Мектеп бітіріп, студент атанып жатқан баланы баспанамен қамтамасыз етудің тамаша жолы – ол бірінші сыныпқа барғанда атына Балалар депозитін ашып беру
Депозит жинағы

Ай сайын депозитке 20 000 теңгеден ғана салып отырған күннің өзінде 12 жыл ішінде жиналатын ақша сомасы:

Жинақ – 2 880 000 тг айына

Мемлекет сыйлықақысы* – 665 000 тг

Банк %-ы** – 440 000 тг

Жалпы жинақ – 3 985 326 тг

Несие бойынша төлем

Осыдан кейін сіз 3 700 290 теңгені заем түрінде жылдық 3,5%

Сонда сіздің несие бойынша ай сайынғы төлеміңіз 11 500 теңгені құрайды.

Жылдық мөлшерлеме 3,5% до 5% аралығында*

Заем қарастырып, ұйымдастыру үшін 0% комиссия

Төлем қабілеттілігін растау рәсімі жеңілдетілген


*20% көлеміндегі мемлекет сыйлықақысы 200 айлық есептік көрсеткіштен аспайтын жинақ сомасына есептеледі

**Депозит бойынша жылдық тиімді мөлшерлеме 12,7%-ға дейін, несие бойынша жылдық тиімді мөлшерлеме 5,1%-ға дейін

Ұлыңыздың немесе қызыңыздың атына депозитті кез келген ыңғайлы уақытта және ыңғайлы жерде, тіпті, перзентханада ашуға болады. Ол үшін тек банк кеңесшісін шақыру керек. Ал баланың заңды өкілі оның қамқоршысы болса, онда депозит банк бөлімшесінде ашылады.

МАҢЫЗДЫ!

Атына депозит ашылған бала 14-ке толмаса, депозитке қатысты барлық операциялар, атап айтқанда тұрғын үй құрылыс жинағы туралы келісім-шартты бұзу, депозитті біріктіру және бөлу, табыстау және бір бөлігін шешіп алу тек қамқоршылық және қорғаншылық органдарының келісімімен немесе шешімімен жүзеге асырылады.

Атына депозит ашылған бала 14 пен 16 жас аралығында болса, барлық операциялар оның жазбаша келісім арқылы ғана жүзеге асырылады.

Бала 18-ге толмаса, оның депозитін туған аға-әпкелерінің 18-ге толған балаларының, 18-ге толған немерелес аға-әпкелерінің, немерелес ата-әжелерінің атына аударуға болады.

Қазақстан Республикасының Неке және отбасы туралы кодексінің 128-бабына сәйкес, 18-ге толмаған баланың депозитін оның заңды өкілдерінің, қамқоршысының, олардың жұбайлары мен баланың жақын туыстарының атына тікелей аударуға болмайды.

Кәмелеттік жасқа толмаған бала заңды өкіл арқылы өз салымын тек немерелес ата-әжелерінің, немерелес аға-әпкелерінің атына ғана аудара алады.

Балалар депозитін табыстау (басқа адамның атына аудару) тек Банк бөлімшелерінде ғана жүргізіледі.

Дауыстық көмекші

сайтта дауыстық көмекшісі бар
мәтінді таңдап дыбыс деңгейі түймесін басу керек

ХОТИТЕ УЗНАВАТЬ О НАШИХ АКЦИЯХ ПЕРВЫМИ?!

Қоңырауға тапсырыс беру