Шрифт көлемі:
Сайттың түсі:
Дауыстық көмекші
Отбасы банкіне жаңа басқарма мүшесі сайланды

Отбасы банкіне жаңа басқарма мүшесі сайланды

5 ноября 2024

Жаңа Басқарма мүшесі және "Отбасы банк" АҚ ("Бәйтерек" холдингінің еншілес ұйымы) басқарма төрағасының орынбасары болып Ринат Талтусов тағайындалды.

Бұған дейін бұл қызметті Исламбек Қайырбеков атқарған. Оның өкілеттігі ағымдағы жылдың 30 тамызында басқа жұмыс орнына ауысуына байланысты тоқтатылды.

Отбасы банк Басқармасының жаңа мүшесі банктің Директорлар кеңесінің отырысында сайланды және 2024 жылдың 30 қазанында өз өкілеттігіне кірді.

Бұған дейін Ринат Талтусов Отбасы банкінде басқарушы директор қызметін атқарған және сонымен бірге Бастапқы тұрғын үймен қамтамасыз ету орталығының директоры болған.

Жаңа лауазымда ол андеррайтинг және кепіл департаментін, қаржылық және несиелік тәуекелдер департаментін, ситуациялық мониторинг департаментін және ішкі бақылау департаментін қадағалайды.

Ринат Талтусов Талдықорған облысында дүниеге келген.

2000 жылы Алматыдағы Қазақ мемлекеттік басқару академиясын "Маркетинг және коммерция" мамандығы бойынша бітіріп, "экономист-маркетолог" біліктілігін алды.

2008 жылы Ринат Талтусов Талдықорғанда Ө.А. Жолдасбеков атындағы экономика және құқық академиясын "Құқықтану" мамандығы бойынша бітірді.

2014 жылы Ресей Федерациясы Президенті жанындағы Ресей халық шаруашылығы және мемлекеттік қызмет академиясының "Іскерлік әкімшілендіру шебері – Master of Business Administration (МВА)" дипломын алды.

Еңбек жолын Ринат Талтусов 2001 жылдан бастады. Ол маркетолог болып жұмыс істеді, "Казкоммерцбанк" АҚ-да бухгалтер-оператор және кассир болып қызмет етті.

2005-2016 жылдар аралығында Ринат Талтусов "Даму" кәсіпкерлікті дамыту қоры" АҚ-да (2008 жылға дейін - "Шағын кәсіпкерлікті дамыту қоры" АҚ) жұмыс істеді, онда ол жетекші маманнан бастап, Алматы облысы бойынша өңірлік филиалының директоры қызметіне дейін көтерілді.

2017 жылы "Бәйтерек "ҰБХ" АҚ Тұрғын үй құрылыс активтерін басқару департаментінде жұмыс істеді.

2017 жылдан бастап қазіргі уақытқа дейін Отбасы банкінде жұмыс істейді. Осы кезеңде ол мемлекеттік бағдарламалар мен құрылыс жобаларын жүзеге асыру департаменті директорының орынбасары және директоры, Бастапқы тұрғын үймен қамтамасыз ету орталығының басқарушы директоры – директоры болды.

Отбасы банкінде жұмыс істеген кезінде Ринат Талтусов өзін тәжірибелі басқарушы ретінде көрсетті. Ол мемлекеттік тұрғын үй бағдарламаларын іске асыру бойынша нәтижелілікті арттыруға бағытталған. Оның басшылығымен банк 2023-2029 жылдарға арналған тұрғын үй-коммуналдық инфрақұрылымды дамыту тұжырымдамасын, жалға берілетін тұрғын үй ақысын субсидиялау бағдарламасын табысты іске асыруда.

Ол "Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне тұрғын үй саясатын реформалау мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" заң жобасын әзірлеуге белсенді қатысты.

Бұл туралы бөлісіңіз:

Дауыстық көмекші

сайтта дауыстық көмекшісі бар
мәтінді таңдап дыбыс деңгейі түймесін басу керек

ХОТИТЕ УЗНАВАТЬ О НАШИХ АКЦИЯХ ПЕРВЫМИ?!

Қоңырауға тапсырыс беру