ТЖ кезінде зардап шеккен қазақстандықтарға Отбасы банк кредиттік төлемдер мерзімін кейінге қалдыру мүмкіндігін береді | Қарыздар бойынша төлем мерзімін кейінге қалдыру мүмкіндігі 2022 жылдың 20 қаңтарына дейін кредит алған клиенттерге ұсынылады. Бұл мерзім ТЖ кезінде банктің көптеген клиенттері кредит алу процесінде болуы мүмкін екенін ескере отырып алынды. Төлем мерзімін кейінге қалдыру туралы өтініш банк бөлімшелерінде қабылданатын болады. Мұндай мүмкіндік Қазақстандағы төтенше жағдай режимі кезінде зардап шеккен адамдарға беріледі. Сондықтан жазбаша өтінішке қаржылық жағдайдың нашарлағанын немесе келтірілген залалды растайтын құжаттарды қоса ұсыну қажет. Бұл жұмыс берушіден алынған анықтамалар, еңбекке жарамсыздық туралы парақтар және басқа да құжаттар болуы мүмкін.
Нашар көретіндерге арналған нұсқа
ТЖ кезінде зардап шеккен қазақстандықтарға Отбасы банк кредиттік төлемдер мерзімін кейінге қалдыру мүмкіндігін береді

ТЖ кезінде зардап шеккен қазақстандықтарға Отбасы банк кредиттік төлемдер мерзімін кейінге қалдыру мүмкіндігін береді

24 қаңтар 2022

Баспасөз мәлімдемесі

Қарыздар бойынша төлем мерзімін кейінге қалдыру мүмкіндігі 2022 жылдың 20 қаңтарына дейін кредит алған клиенттерге ұсынылады. Бұл мерзім ТЖ кезінде банктің көптеген клиенттері кредит алу процесінде болуы мүмкін екенін ескере отырып алынды.

Төлем мерзімін кейінге қалдыру туралы өтініш банк бөлімшелерінде қабылданатын болады. Мұндай мүмкіндік Қазақстандағы төтенше жағдай режимі кезінде зардап шеккен адамдарға беріледі. Сондықтан жазбаша өтінішке қаржылық жағдайдың нашарлағанын немесе келтірілген залалды растайтын құжаттарды қоса ұсыну қажет. Бұл жұмыс берушіден алынған анықтамалар, еңбекке жарамсыздық туралы парақтар және басқа да құжаттар болуы мүмкін.

- Қаңтардың алғашқы күндері бізге өте қиын болды және келтірілген залалды жою үшін бәрімізге әлі де көп уақыт қажет болады. Біз өз клиенттерімізге қолдау көрсетіп, оларға өз мәселелерін шешу мүмкіндігін бергіміз келеді. Сондықтан ТЖ кезінде Отбасы банк кредиттер бойынша төлем мерзімін кешіктіргені үшін өсімпұл есептемеді. Сондай-ақ қазір біз қарыздар бойынша төлем мерзімін ұзартуға дайынбыз. Азаматтарымызға ыңғайлы болу үшін біз оларды өтініштерді қабылдау бойынша қысқа мерзіммен шектемейміз. Төлемді кейінге қалдыру туралы өтінішті 2022 жылдың 4 сәуіріне дейін жазуға болады, - деп түсіндірді Отбасы банк Басқарма төрайымы Ляззат Ибрагимова.

Өтініш 10 жұмыс күні ішінде қаралады. Кейінге қалдырылатын төлем мерзімі әр адамға жеке анықталатын болады. Ондағы ең ұзақ мерзім - алты ай. Нәтижесінде қарыз алушылар үшін жаңа төлем кестесі жасалады. Бұл жағдайда клиенттің таңдауы бойынша қарыз мерзімін сақтай отырып, кейінге қалдырылған төлемдерді тең мөлшерде бөлуге немесе кредит мерзімін кейінге қалдыру кезеңіне ұзартуға болады.

Төлем мерзімі кейінге қалдырылған кредиттер қарыз алушылардың несиелік тарихына әсер етпейді.

Егер 2022 жылғы 5 қаңтардағы жағдай бойынша клиенттің мерзімі өткен төлемі бар болған жағдайда, қазір ұсынылып отырған кейінге қалдыру мүмкіндігін алу үшін ол 2022 жылдың 5 қаңтарына дейін туындаған қарыздарын өтеу қажет.

Сондай-ақ Отбасы банк біржолғы зейнетақы төлемдерін қайтару мерзімін 7 жұмыс күніне ұзартады. Санақ күні - 2022 жылғы 12 қаңтар. Мысалы, егер осы кезде enpf-otbasy.kz платформасын пайдаланушыда БЖЗҚ-на қаражат қайтарылғанға дейін әлі де 5 жұмыс күні қалса, оған тағы 7 жұмыс күні қосылады. Бұл шара елімізде ТЖ режимінің енгізілуі салдарынан интернет желісіне қолжетімділіктің шектелуіне байланысты қабылданды, бұл кезде enpf-otbasy.kz уақытша жұмыс істемеді.

***

«Отбасы банк» тұрғын үй құрылыс жинақ банкі» АҚ — еліміздегі тұрғын үй құрылыс жинақ жүйесін жүзеге асыратын бірден-бір банк. Ұйым Еуропалық құрылыс жинақ кассалары федерациясына (ЕҚЖКФ) және Халықаралық тұрғын үйді қаржыландыру одағына кіреді. Тұрғын үй құрылыс жинақ банкінің жалғыз акционері – «Бәйтерек» Ұлттық басқарушы холдингі» АҚ.


Бұл туралы бөлісіңіз:
Сіз aлаяқтардан зардап шектіңіз бе?
Сізге алаяқтар телефон арқылы соқты, жалған сайтты не әлеуметтік желідегі аккаунты таптым
Сізден ақша алынған, Сіз кредит ресімдөдіңіз немесе алаяққа ақша аудардыңыз
Алаяқтардың әрекеттері *
Телефон арқылы байланысты
SMS немесе мессенджер арқылы хабрлама жазды
Жалған сайтты не әлеуметтік желідегі аккаунты таптым
Тіркелген файлдар
Файл көлемі 12 Мб-тан аспауы керек.Сіз 10 файлға дейін тіркей аласыз

ХОТИТЕ УЗНАВАТЬ О НАШИХ АКЦИЯХ ПЕРВЫМИ?!

Қоңырауға тапсырыс беру