Тұрғын үй құрылыс жинақ жүйесіне қатысушылардың экономикалық белсенді халыққа шаққандағы үлесі 2021 жылы 23,5% тең болды | Директорлар кеңесінің басшысы, «Бәйтерек» Ұлттық басқарушы холдингі» АҚ Басқарма Төрағасы Қанат Шарлапаевтың төрағалығымен өткен «Отбасы Банк» АҚ Директорлар кеңесінің кезекті отырысында, Банктің 2019-2023 жылдарға арналған Даму жоспарын іске асыру туралы есебі бекітілді.
Нашар көретіндерге арналған нұсқа
Тұрғын үй құрылыс жинақ жүйесіне қатысушылардың экономикалық белсенді халыққа шаққандағы үлесі 2021 жылы 23,5% тең болды

Тұрғын үй құрылыс жинақ жүйесіне қатысушылардың экономикалық белсенді халыққа шаққандағы үлесі 2021 жылы 23,5% тең болды

2 маусым 2022

Баспасөз мәлімдемесі

Директорлар кеңесінің басшысы, «Бәйтерек» Ұлттық басқарушы холдингі» АҚ Басқарма Төрағасы Қанат Шарлапаевтың төрағалығымен өткен «Отбасы Банк» АҚ Директорлар кеңесінің кезекті отырысында, Банктің 2019-2023 жылдарға арналған Даму жоспарын іске асыру туралы есебі бекітілді.

Оған сәйкес, банктің несиелік портфелі өткен жылы 52% артып, биылғы жылдың басындағы жағдай бойынша 2 трлн теңгеге жеткен. 2021 жылы елімізде берілген ипотекалық несиелердің 66% Отбасы банк үлесіне тиесілі.

Тұрғын үй құрылыс жинақ жүйесіне қатысушылардың экономикалық белсенді халыққа шаққандағы үлесі 16% өсіп, 2021 жылы 23,5% тең болды.

Өткен жылы 601 370 депозит ашылды.

Нәтижесінде 2021 жылы банк 2019-2023 жылдарға арналған даму жоспарында көзделген барлық негізгі көрсеткіштерге қол жеткізді.

Сондай-ақ банктің Басқарма Төрайымы Ләззат Ибрагимова «Отбасы Банк» АҚ-ның 2023 жылға дейінгі Даму стратегиясын жүзеге асыру барысы туралы есеп берді.

Директорлар кеңесінің отырысы барысында Банк Басқармасының өткен жылғы қызметінің қорытындылары туралы, 2022 жылдың бірінші тоқсанындағы комплаенс-тәуекелдің мониторингі туралы, Басқарма мүшелерінің 2021 жылға арналған негізгі қызмет көрсеткіштерінің орындалуы туралы және 2022 жылдың 1 сәуіріндегі жағдай бойынша ішкі кредиттік талдау туралы есептер тыңдалды.

***

««Отбасы банк» тұрғын үй құрылыс жинақ банкi» АҚ — еліміздегі тұрғын үй құрылыс жинақ жүйесін жүзеге асыратын бірден-бір банк. Ұйым Еуропалық құрылыс жинақ кассалары федерациясына (ЕҚЖКФ) және Халықаралық тұрғын үйді қаржыландыру одағына кіреді. Банкінің жалғыз акционері – «Бәйтерек» Ұлттық басқарушы холдингі» АҚ.
Бұл туралы бөлісіңіз:
Сіз aлаяқтардан зардап шектіңіз бе?
Сізге алаяқтар телефон арқылы соқты, жалған сайтты не әлеуметтік желідегі аккаунты таптым
Сізден ақша алынған, Сіз кредит ресімдөдіңіз немесе алаяққа ақша аудардыңыз
Алаяқтардың әрекеттері *
Телефон арқылы байланысты
SMS немесе мессенджер арқылы хабрлама жазды
Жалған сайтты не әлеуметтік желідегі аккаунты таптым
Тіркелген файлдар
Файл көлемі 12 Мб-тан аспауы керек.Сіз 10 файлға дейін тіркей аласыз

ХОТИТЕ УЗНАВАТЬ О НАШИХ АКЦИЯХ ПЕРВЫМИ?!

Қоңырауға тапсырыс беру