Шрифт көлемі:
Сайттың түсі:
Дауыстық көмекші
Қазақстандағы тұрғын үй құрылыс жинақ жүйесіне күн сайын 2 500 адам өз жинақтарын сеніп тапсырады

Қазақстандағы тұрғын үй құрылыс жинақ жүйесіне күн сайын 2 500 адам өз жинақтарын сеніп тапсырады

30 қыркүйек 2025

Қазақстанда еңбек етіп жүрген әрбір үшінші азамат қолжетімді шарттармен болашақта баспаналы болу үшін Отбасы банкінде (Бәйтерек холдингіне қарасты) жинақ жасайды. Банк күн сайын шамамен 2 500 жаңа депозит ашып, 190-ға жуық несие береді. Бұл — тұрғын үй құрылыс жинақ жүйесінің тиімді жұмысының нәтижесі. Әлеуметтік маңызы жоғары бұл құрал елімізде 22 жылдан бері табысты қолданыста.

Азаматтар арасында жинақ мәдениетін ілгерілету тәжірибесімен Отбасы банк «Тұрғын үй құрылыс жинақтары: озық тәжірибе және әртүрлі өңірлердегі стратегиялық көшбасшылық» атты халықаралық конференцияда бөлісті. Шара Халықаралық тұрғын үй қаржыландыру одағының (IUHF) және Еуропалық құрылыс қоғамдары федерациясының (EFBS) қолдауымен ұйымдастырылды. Мұндай конференциялар жыл сайын халықаралық одақтарға мүше елдердің бірінде өтеді. Биыл тұрғын үй саясаты мен қаржыландырудағы негізгі үрдістерді талқылау алаңы Қазақстан болды.

«Алматыдағы конференция – азаматтарды қолжетімді баспанамен қамтамасыз етуде тұрғын үй жинақ жүйесінің маңызды рөлін талқылау үшін халықаралық және өңірлік сарапшыларды біріктіруге арналған бірегей мүмкіндік. Екі онжылдықтан астам уақыт бойы Отбасы банк Қазақстанда «Bauspar» моделін енгізу мен табысты дамытуда pioner болып келеді және ол тек өңірде ғана емес, халықаралық деңгейде де үлгі көрсетіп отыр. Мен бұл шара озық тәжірибені паш етіп қана қоймай, тұрғын үй қаржыландыру жүйелерін бүкіл әлемде нығайтуға ықпал ететін жаңа серіктестік байланыстар мен инновациялық идеялардың дамуына жол ашады деп сенемін», – деді Халықаралық тұрғын үй қаржыландыру одағының Бас хатшысы Марк Вайнрих.

Екі күндік конференция Қазақстан, Еуропа және Орталық Азиядан жетекші сарапшыларды тұрғын үй саласындағы стратегиялармен, инновациялық тәжірибелермен бөлісу және ESG мен «жасыл» қаржыландырудың өсіп келе жатқан рөлін талқылау үшін біріктірді.

– «Отбасы банк қазақстандықтарға жинақ жасау дағдысын үйретті. Жинақ жасау және бюджетті дұрыс бөлу қабілеті азаматтарға ең маңызды мәселені шешуге – баспана сатып алуға мүмкіндік берді. Бұл жай ғана шаршы метрлер емес, негізгі қажеттілік, отбасының қауіпсіздігі мен әл-ауқатының негізі. Тұрғын үй құрылыс жинақ жүйесі 622 538 отбасыға жаңа үйге қоныс аударуға мүмкіндік берді. 3 миллионнан астам қазақстандық өз жинақтарын Отбасы банкіне сеніп тапсырған азаматтадың шоттарында 2,5 трлн теңгеден астам қаражат жинақталған. Жүйенің ерекшелігі – оны халықтың барлық топтары пайдалана алатынында. Қазіргі таңда экономикалық белсенді халықтың 30,9% жинақ жүйесінің қатысушылары», – деді Отбасы банкі басқармасы төрайымы Ләззат Ибрагимова.

Тұрғын үй құрылыс жинақ жүйесін іске асыру нәтижелері:

  • 2025 жылы жаңа депозиттерді 669 732 адам ашты.
  • Ұзақ мерзімді теңгелік салымдар бойынша Отбасы банктің үлесі – 32%.
  • Банктің қарыз алушылары жылдық 3,5% мөлшерлемемен (ЖТСМ 3,6%-дан 4,4%-ке дейін) және 8,5% жылдық мөлшерлемемен (ЖТСМ 9%-дан 9,6%-ға дейін) баспана сатып ала алады.
  • 2025 жылы 54 180 отбасы қолжетімді несие алды.
  • Елдегі ипотекалық портфельдегі Отбасы банктің үлесі 52% құрайды (2025 жылдың 1 қыркүйек деректері бойынша).

Мемлекеттік сыйақы – салымшыларға қолдау

Баспанаға жинақ жасап жүрген қазақстандықтарға мемлекет олардың тұрғын үй мәселесін шешуге көмек көрсетеді. Тұрғын үй құрылыс жинақ жүйесінің қатысушыларының депозиттеріне мемлекет жыл сайын мемлекеттік сыйақы есептейді. Сыйақы сомасы 200 АЕК немесе 786 400 теңгеден аспайды. 2025 жылдың қорытындысы бойынша сыйақының максималды мөлшері 157 280 теңге.

Отбасы банк тұрақты өсу көрсетіп отыр:

  • Таза пайда 2020 жылғы 31,7 млрд теңгеден 2024 жылы 120,8 млрд теңгеге дейін өсті.
  • Активтер 1,7 трлн теңгеден 4,2 трлн теңгеге жетті.
  • Банк Қазақстандағы банктер арасында активтер бойынша 5-ші, өз капиталы бойынша 4-ші орында тұр.
  • Проблемалық қарыздардың деңгейі (NPL90+) тек 0,12% құрайды, бұл нарықтағы орташа көрсеткіш 3,47%-ке қарсы өте төмен.
  • Тұрғын үй құрылыс жинақ жүйесіне қатысушылардың экономикалық белсенді халықтағы үлесі 2015 жылы 7,1%-дан 2025 жылы 30,9%-ға дейін өсті.

Отбасы банк цифрлық трансформацияны белсенді жүргізіп жатыр

Бүгінгі таңда Отбасы банк клиенттеріне ыңғайлы болу үшін жаңа технологияларды енгізіп, цифрлық трансформацияны жүзеге асыруда. Қазіргі кезде клиенттердің 78,3%-ы барлық операцияларын онлайн түрде жүргізеді. Банк мобильді қосымшасын жаңартып, оны барынша ыңғайлы және функционалды етті. Қазіргі таңда оны 1,2 миллионнан астам адам пайдаланады. 2025 жылдың екінші тоқсанында Otbasy bank мобильді қосымшасы жүктелу саны бойынша қаржылық қосымшалар арасында екінші орынға ие болды. Аталған кезеңде қосымшаны AppStore арқылы 179 мың рет жүктеген.

Отбасы банк қызметтерді жеке бейімдеу және сапасын арттыру үшін жасанды интеллект технологияларын енгізуде

Отбасы банк салымшылар мен клиенттерге жедел кеңес беру үшін Quanysh-AI чат-ботын іске қосты. Бұл виртуалды көмекші Amazon Web Services (AWS) жасанды интеллект технологияларына негізделген интеллектуалды платформаға ие. Ол тәулік бойы 24/7 жұмыс істейді және операторларға түсетін жүктемені азайтады. Сонымен қатар, клиенттердің өздігінен қызмет алу ыңғайлылығын арттырады. Чат-бот клиенттердің сұраныстарын 90%-дан жоғары дәлдікпен өңдейді және қазақ – орыс тілдерінде жұмыс істейді.

Жұмыс көрсеткіштері:

  • Диалогтардың 97%-ы оператордың қатысуынсыз өңделеді;
  • Орташа жауап беру уақыты – 3–4 секунд;
  • Жүктеме – айына шамамен 374 000 чат.

Quanysh-AI чат-боты «Otbasy bank» мобильді қосымшасында, сондай-ақ танымал мессенджерлер WhatsApp пен Telegram-да қолжетімді. Бұл клиенттерге байланыс арнасын таңдауда икемділік пен ыңғайлылықты қамтамасыз етеді.

Бұл туралы бөлісіңіз:

Дауыстық көмекші

сайтта дауыстық көмекшісі бар
мәтінді таңдап дыбыс деңгейі түймесін басу керек

ХОТИТЕ УЗНАВАТЬ О НАШИХ АКЦИЯХ ПЕРВЫМИ?!

Қоңырауға тапсырыс беру