Шымкенттік құрылыс салушылар пәтер алуды көздеген Отбасы банк салымшыларына 3 млн теңгеге дейін жеңілдік жасайды | Отбасы банк («Бәйтерек» холдингінің еншілес ұйымы) клиенттері жылжымайтын мүлік жәрмеңкесінде Шымкенттің құрылыс компанияларынан қомақты бонус ала алады. Қала тұрғындары үшін арнайы ұйымдастырылып отырған шара құрылыс компанияларын, банк кеңесшілері мен жергілікті әкімшілік қызметкерлерін бір ортаға жинамақ. Жәрмеңкеге келушілер тұрғын үйлерді салыстырып, таңдап, Отбасы Банк кеңесшілерінен несие төлемдерін есептетіп, алдын ала мақұлдау құжаттарына қол жеткізе алады. Егер бұл шешім оң болса, құрылыс салушы әлеуетті сатып алушыға болашақ пәтеріне 3 млн теңгеге дейін жеңілдік беруге дайын.
Нашар көретіндерге арналған нұсқа
Шымкенттік құрылыс салушылар пәтер алуды көздеген Отбасы банк салымшыларына 3 млн теңгеге дейін жеңілдік жасайды

Шымкенттік құрылыс салушылар пәтер алуды көздеген Отбасы банк салымшыларына 3 млн теңгеге дейін жеңілдік жасайды

30 қараша 2021

Баспасөз мәлімдемесі

Отбасы банк («Бәйтерек» холдингінің еншілес ұйымы) клиенттері жылжымайтын мүлік жәрмеңкесінде Шымкенттің құрылыс компанияларынан қомақты бонус ала алады. Қала тұрғындары үшін арнайы ұйымдастырылып отырған шара құрылыс компанияларын, банк кеңесшілері мен жергілікті әкімшілік қызметкерлерін бір ортаға жинамақ. Жәрмеңкеге келушілер тұрғын үйлерді салыстырып, таңдап, Отбасы Банк кеңесшілерінен несие төлемдерін есептетіп, алдын ала мақұлдау құжаттарына қол жеткізе алады. Егер бұл шешім оң болса, құрылыс салушы әлеуетті сатып алушыға болашақ пәтеріне 3 млн теңгеге дейін жеңілдік беруге дайын.

Отбасы Банк клиенттері құрылыс салушылардан дайын пәтерді де, салынып жатқан ғимараттағы пәтерлерді де сатып ала алады. Несие мөлшерлемесі 5%-дан 8,5%-ға (ЖТСМ 9% бастап) дейін болады. Жәрмеңкеге 40 тұрғын үй кешеніндегі 1000-нан астам пәтер ұсынып отырған 10-нан астам құрылыс салушы қатысты.

Қазір Шымкент қаласының 140 000 тұрғыны баспана алу үшін Отбасы банкінде қаражат жинап жатыр. Биылғы жылдың өзінде 35 125 азамат жаңа депозит ашты. Салымдарға деген үлкен сұраныс несие мөлшерлемесінің қолжетімді болуымен түсіндіріледі. Жыл басынан бері 3 527 қара тұрғыны осы мүмкіндікті пайдаланып, қоныс тойын тойлап үлгерді.

- Бүгін біз клиенттеріміздің уақытын үнемдеп, оларға үй сатып алудың оңтайлы жолдарын ұсыну үшін жылжымайтын мүлік жәрмеңкесін өткізіп жатырмыз. Келушілердің дені бүгін болашақ пәтерлерін таңдап кететініне сенімдімін. Ал баспана мәселесін әлі шешпеген салымшыларымызға бастапқы жарнаны тез арада жинауға көмектесеміз. Расымен де, банктің 2 пайыздық жылдық сыйақысынан бөлек, мемлекет клиенттеріміздің салымдарына 20 пайыз көлемінде сыйлықақы аударып отырады. Егер жыл соңына дейін клиенттеріміз депозиттерін 200 АЕК немесе 583 400 теңгеге толықтырса, онда келесі жылы олар мемлекеттік сыйлықақының ең жоғарғы көлемі - 116 мың 680 теңге алады, - дейді «Отбасы банк» АҚ Шымкент қалалық филиалының директоры Дәурен Саудабаев.

Сондай-ақ пәтерлер жәрмеңкесінде шымкенттіктер әкімдік қызметкерлерінен баспана кезегіне тұру жөнінде кеңес ала алады. Ізінше кезекке тұрғандар Отбасы банк арқылы «Нұрлы жер», «Шаңырақ» және «Бақытты отбасы» мемлекеттік бағдарламаларына қатыса алады.

 

««Отбасы банк» тұрғын үй құрылыс жинақ банкi» АҚ — еліміздегі тұрғын үй құрылыс жинақ жүйесін жүзеге асыратын бірден-бір банк. Ұйым Еуропалық құрылыс жинақ кассалары федерациясына (ЕҚЖКФ) және Халықаралық тұрғын үйді қаржыландыру одағына кіреді. Банкінің жалғыз акционері – «Бәйтерек» Ұлттық басқарушы холдингі» АҚ.

Бұл туралы бөлісіңіз:
Сіз aлаяқтардан зардап шектіңіз бе?
Сізге алаяқтар телефон арқылы соқты, жалған сайтты не әлеуметтік желідегі аккаунты таптым
Сізден ақша алынған, Сіз кредит ресімдөдіңіз немесе алаяққа ақша аудардыңыз
Алаяқтардың әрекеттері *
Телефон арқылы байланысты
SMS немесе мессенджер арқылы хабрлама жазды
Жалған сайтты не әлеуметтік желідегі аккаунты таптым
Тіркелген файлдар
Файл көлемі 12 Мб-тан аспауы керек.Сіз 10 файлға дейін тіркей аласыз

ХОТИТЕ УЗНАВАТЬ О НАШИХ АКЦИЯХ ПЕРВЫМИ?!

Қоңырауға тапсырыс беру