Отбасы банктің Семей қаласындағы филиалы ресми түрде Абай облыстық филиалы болып өзгертілді | Отбасы банктің Семей қаласындағы филиалы ресми түрде Абай облыстық филиалы болып өзгертілді
Нашар көретіндерге арналған нұсқа
Отбасы банктің Семей қаласындағы филиалы ресми түрде Абай облыстық филиалы болып өзгертілді

Отбасы банктің Семей қаласындағы филиалы ресми түрде Абай облыстық филиалы болып өзгертілді

8 шілде 2022
Баспасөз хабарламасы
                                                                                                                                                                            

Отбасы банктің Семей қаласындағы филиалы ресми түрде Абай облыстық филиалы болып өзгертілді

"Бәйтерек" Ұлттық басқарушы холдингі"АҚ ДК басшысы, Басқарма Төрағасы Канат Шарлапаевтың төрағалық етуімен "Отбасы банк" АҚ (Бәйтерек холдингінің еншілес ұйымы) Директорлар кеңесі кезекті отырыста осы филиал туралы ережеге тиісті өзгерістер енгізді.

  Әкімшілік орталығы Семей қаласында орналасқан жаңа Абай облысы Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың Жарлығымен құрылды. Енді онда Отбасы банктің Абай облыстық филиалы орналасатын болады.

  Сондай-ақ Директорлар кеңесінің отырысында Банктің 2021 жылғы жылдық есебі қаралды. Деректерге сәйкес, банк Қазақстанның 82 252 тұрғынына қоныс тойын атап өтуге көмектесті. Бұл банктің жұмыс тарихында бір жыл ішінде берілген қарыздардың рекордтық саны болды. Клиенттер барлығы 1 235 168 млн теңге сомасына қолжетімді кредит алды.
2021 жылы Отбасы банкте 601 374 қазақстандық жаңа шоттар ашты. Банктің жалпы депозиттік портфелі 1 509 092 млн теңгені құрады.

  Нәтижесінде елдің экономикалық белсенді халқына қатысты тұрғын үй құрылыс жинақтары жүйесіне қатысушылардың үлесі артып, 22,8%-ды құрады. Бұл факт азаматтардың тұрғын үй құрылыс жинақ жүйесіне деген сенімінің артуымен және банк процестерін белсенді цифрландырумен түсіндіріледі.

  2021 жылы Отбасы банктің қызметкерлері enpf-otbasy.kz платформасын өз бетінше әзірледі және іске қосты. Оның көмегімен 2021 жыл ішінде 458 597 қазақстандық зейнетақының артық көлемін тұрғын үй сатып алу, ипотеканы өтеу немесе емдеу үшін қашықтан пайдаланды.
Baspana market жеке маркетплейсі іске қосылды, онда қазақстандықтар бір жерде тұрғын үйді таңдап, мемлекеттік бағдарламаларға қатысуға өтінім бере алады, банктің жеке бағдарламалары шеңберінде құрылыс салушыдан оңтайлы нұсқаны таңдай алады немесе қайталама нарықта пәтер сатып ала алады.

  Baspana market-те онлайн-ипотекаға өтінім қолжетімді. Жаңа цифрлық құралды іске қосу Банк бөлімшелеріне баруды 4 есеге қысқартты.
Сондай-ақ, жеке тұлғалар үшін жылжымайтын мүліктің кепіл шартын тіркеу бойынша Blockchain технологиясын енгізу Отбасы банкте кредитті ресімдеу үдерісін жылдамдатуға көмектесті. Енді оған 3 күн емес, барынша 2 сағат кетеді.

  Сондай-ақ Директорлар кеңесінің отырысында 2021 жылға арналған Отбасы банктің Корпоративтік басқару кодексінің қағидаттары мен ережелерін сақтау/сақтамау туралы есебі және Отбасы банктің 2022 жылдың бірінші тоқсаны бойынша операциялық тәуекелдері, ақпараттық технологиялар мен ақпараттық қауіпсіздік тәуекелдері және ішкі бақылау бойынша есебі бекітілді.

Бұл туралы бөлісіңіз:
Сіз aлаяқтардан зардап шектіңіз бе?
Сізге алаяқтар телефон арқылы соқты, жалған сайтты не әлеуметтік желідегі аккаунты таптым
Сізден ақша алынған, Сіз кредит ресімдөдіңіз немесе алаяққа ақша аудардыңыз
Алаяқтардың әрекеттері *
Телефон арқылы байланысты
SMS немесе мессенджер арқылы хабрлама жазды
Жалған сайтты не әлеуметтік желідегі аккаунты таптым
Тіркелген файлдар
Файл көлемі 12 Мб-тан аспауы керек.Сіз 10 файлға дейін тіркей аласыз

ХОТИТЕ УЗНАВАТЬ О НАШИХ АКЦИЯХ ПЕРВЫМИ?!

Қоңырауға тапсырыс беру