Өтінімдер Баспана маркет порталында (otbasybank.kz) онлайн қабылданады.
"Отау" бағдарламасы басталған алғашқы екі сағатта 1000 қазақстандық өтінім берді.
«Отау» бағдарламасы іске қосылған алғашқы екі сағатта 400 өтінім сәтті қабылданып, тағы 1824 өтініш өңделуде.
Отбасы банк ("Бәйтерек" холдингінің еншілес ұйымы) қолайсыз жағдайларды болдырмау үшін, өтінімдерді қабылдау мерзімін барынша ыңғайлы етіп жасағанын еске салады. Қатысушылардың 1 наурыздан бастап 30 сәуірді қоса алғанға дейін екі ай уақыты болады. Бұл ретте осы кезеңдегі өтінім беру күні мен уақыты маңызды емес.
Сондықтан банк салымшылары әлі де өз депозиттерін толықтырып үлгереді, туыстарының депозиттерін табыстап тіпті біріктіруге, бағдарламаның талаптарымен мұқият танысып және содан кейін ғана өтінім беруге уақыттары болады.
Өтінімдерді қабылдау мерзімі аяқталғаннан кейін тізімді саралау басталады. Яғни қатысушылардың ұпайлары саналып, өтінімдері ең көп жиналған балл бойынша бөлінеді.
Балдар қалай есептеледі?
- салым бойынша сыйақы мөлшері бойынша - әрбір 1 000 теңге үшін 5 балл;
- салым мерзімі үшін - депозитқолданылған әрбір жыл үшін 5 балл;
- тіркелген неке үшін - 10 балл;
- балалар үшін - олардың санына қарамастан 50 балл;
Егер екі қатысушының балдар саны бірдей болса, онда тізімге енгізудегі басымдық салым сомасы көбірек және жинақтау мерзімі ұзағырақ адамдарға беріледі.
Саралаудан кейін клиенттер "Отау" бағдарламасына енгендердің тізімін банк сайтынан көре алады.
Оларға кредиттік өтінім беру үшін шамамен 40 жұмыс күні беріледі.
Отбасы банк осы уақытқа дейін қолданыстағы тұтынушылық кредиттерді өтеп үлгеруге кеңес беріледі, сонда кредитті мақұлдау мүмкіндігі көбірек болады. Төлем қабілеттілігін есептеу кезінде соңғы 6 айдағы ресми табысы ғана емес, сонымен қатар отбасына жұмсалатын міндетті шығындар, сондай-ақ нақты кредиттер бойынша төлемдер ескеріледі.
Егер бағдарламаға қатысушы кредит бойынша оң мақұлдау алса, онда оның баспана іздеу үшін 6 ай уақыты болады.
Алматыда, Астанада, Шымкентте және облыс орталықтарында тек бастапқы нарықтағы тұрғын үйді, оның ішінде ҚТК кепілдігімен үлестік қатысу шарты бойынша немесе сақтандыру құралын пайдалана отырып сатып алуға болады. Барлық басқа елді мекендерде кез келген тұрғын үйді сатып алуға болады.
Бағдарламаға қатысушы бастапқы нарықтағы тұрғын үйді Баспана маркет порталынан (otbasybank.kz) ғана сатып ала алады. Бұл опция жаңа тұрғын үй бағдарламасының басталуы аясында тұрғын үй бағасының жасанды өсуіне жол бермеуге арналған.
Осы платформада орналастырар алдында әрбір нысан тұрғын үйдің ағымдағы нарықтық бағасы негізінде құнын келісу процесінен өтетін болады. Егер ол нарыққа сәйкес келсе, онда құрылыс салушымен 1 шаршы метрге бағаны белгілей отырып, осы тұрғын үйді сату туралы келісім жасалады.
Аудан орталықтарында, моноқалаларда және ауылдарда сатып алуға болатын кез келген тұрғын үй алғашқы нарықтан (егер ол елді мекенде болса) және қайталама нарықтан пәтер, сондай-ақ жеке үй сатып алуға болады. Нысандар банктің кепіл саясатына сәйкес келуі керек. Яғни тұрғын үй 1964 жылдан кейін және белгілі бір материалдардан салынуы керек. Мысалы, банк қаңқалы-қамысты құрылыстарды кепіл ретінде қарастырмайды.
Кредит сомасы қандай?
- Алматы мен Астанадағы максималды кредит сомасы - 30 млн теңгеге дейін;
- қалған өңірлерде - 18 млн теңгеге дейін.
"Отау" бағдарламасы бойынша бір кредит аясында тұрғын үй сатып алу және жөндеу үшін ақша алуға болады. Бірақ кредиттің жалпы сомасы рұқсат етілге ең жоғарғы сомадан аспауы маңызды - Алматы, Астана қалалары үшін 30 миллион теңгеге дейін және қалған өңірлер үшін 18 миллион теңгеге дейін.
Жөндеуге арналған қарыз сомасы кредиттің жалпы көлемінің 30%-ынан аспауы тиіс.
"Отау" бағдарламасы бойынша кредит талаптары:
- бастапқы жарна - 20%-дан бастап;
- кредит бойынша мөлшерлеме - 9% (ЖТСМ 9,2%-дан бастап);
- кредит мерзімі - 19 жылға дейін.
"Отау" бағдарламасына кімдер қатыса алады?
1. Отбасы банк салымшылары, оның ішінде тұрғын үйге кезегінде тұрған азаматтар да;
2. Отбасы банкте кемінде 18 ай мерзіміндегі депозиті бар адамдар;
3. Жинақ шотында өтінім беру сәтінде кемінде 1 млн теңге жинақ сомасы бар адамдар;
4. Қатысушының жасы - 18-ден 63 жасты қоса алғанға дейін;
5. Бағдарламаға қатысушының және оның отбасы мүшелерінің соңғы 5 жыл ішінде меншігінде жылжымайтын мүлік (пәтер, үй, коммерциялық жылжымайтын мүлік, кез келген нысаналы мақсаттағы жер учаскесі) болмауы тиіс;
6. Алматы мен Астанада тұрғын үй сатып алу кезінде - осы қалаларда тұрақты тіркеу болуы тиіс.
Бағдарламаға "Баспана" депозиті бар адамдар өтініш бере алады. Егер клиентте басқа тарифтік бағдарламалар (Кемел, Болашақ, Өркен және т.б.) бойынша депозит ашылған болса, онда оларды кредиттік өтінімді қабылдау кезеңінде "Баспанаға" тарифтік бағдарламасына ауыстыра алады.
"Отау" бағдарламасына "Табысты", "Арнау" және "Жинақ" депозиттері бар банк клиенттері қатыса алмайды. Бұл депозиттер бойынша тарифтік бағдарламаны өзгерту қарастырылмайды және олар бойынша тек тұрғын үй қарызы беріледі. Ал "Отау" бағдарламасы бойынша тек алдын ала қарыздар беріледі.
Сондықтан алдын ала банктің "Отбасы банк лайт" деп аталатын жаңа мобильді қосымшасында депозит туралы өз сертификатыңызды тауып, сол жерде тарифтік бағдарламаңызды тексеру қажет.
"Отау" бағдарламасын іске асырудың барынша ашықтығы үшін оның қатысушыларының тізімі (кредит алушылардың келісімімен) Отбасы банктің сайтында жарияланатын болады. Әр адамөтінімдерді іріктеу және балдарды есептеу нәтижелерімен otbasybank.kz порталында таныса алады.
***
ХОТИТЕ УЗНАВАТЬ О НАШИХ АКЦИЯХ ПЕРВЫМИ?!